User Guide - Windows 8.1
Дискіні дефрагментациялау құралын іске қосу:
1. Компьютерді айнымалы ток көзіне қосыңыз.
2. Бастау экранында диск деп теріңіз.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін, дискіні дефрагментациялау бағдарламалық құралының
анықтамасын қараңыз.
Дискіні тазалау құралын пайдалану
Қатты дискідегі орынды босатып, компьютер жұмысының тиімділігін арттыру үшін, Disk Cleanup
құралы қатты дискіден қауіпсіз жоюға болатын файлдарды іздеп табады.
Дискіні тазалау құралын қосу:
1. Пуск (Бастау) экранына диск сөзін жазып, Удалить приложения для освобождения
места на диске (Дискте орын босату үшін бағдарламаларды жою) опциясын таңдаңыз.
2. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Жад модулін қосу немесе ауыстыру
Жад қосу арқылы компьютер жұмысының тиімділігін арттыруға болады. Компьютерді
физикалық жұмыс аймағымен салыстыруға болады. Қатты диск жұмыс құжаттары жиналатын
файлдарды жинау кеңсесі, ал жад жұмыс істейтін үстеліңіз деуге болады. Тым көп зат қойылған
үстел сияқты жадта барлық жұмысыңызды оңай орындау үшін қажетті орын жеткіліксіз болса,
өнімділігіңіз төмендейді. Өнімділікті арттырудың тамаша шешімі — бұл
компьютердегі жадтың
көлемін ұлғайту.
Үлгіге байланысты, компьютерде бір немесе екі жад модулі ұясы болуы мүмкін. Жад модулі
ұялары компьютер түбінде қызмет көрсету қақпағының астында орналасқан. Компьютердің жад
сыйымдылығын жад модулін қосу немесе жад модулі ұяларының біреуінде бар жад модулін
ауыстыру арқылы жаңартуға болады.
ЕСКЕРІМ: Жад модулін қосу немесе ауыстыру алдында, BIOS нұсқасының компьютерге
жақын арада орнатылғанын тексеріңіз жəне қажет болса BIOS бағдарламасын жаңартыңыз.
BIOS нұсқасын жаңарту 74-бетте бөлімін қараңыз.
ЕСКЕРТУ: Жад модулін қоспас немесе ауыстырмас бұрын компьютердегі BIOS
бағдарламасы жаңартылмаған болса, амалдық жүйенің түрлі мəселелері орын алуы мүмкін.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалу қатерін азайту үшін, қуат сымын
ажыратып, жад модулін орнатпас бұрын, барлық батареяларды шығарып алыңыз.
ЕСКЕРТУ: Электростатикалық ток соғу (ESD) электроникалық бөліктерді зақымдауы мүмкін.
Қандай да бір іс ретін бастамастан бұрын, жерге орнатылған нысанды түрту арқылы
бойыңызда тұрақты электр тогының жоқтығын тексеріңіз.
ЕСКЕРІМ: Компьютерге бір жад модулін қосу немесе ауыстыру кезінде, оны жүйелік тақтаға
жақын жердегі ұяға енгізіңіз.
ЕСКЕРІМ: Екінші жад модулімен қос арна конфигурациясын пайдалану үшін, екі жад
модулінің бірдей екенін тексеріңіз.
Жад модулін қосу немесе ауыстыру үшін
Компьютер жұмысын жақсарту 61