User Guide - Windows 8.1

Компьютер жауап бермесе жəне жұмысты аяқтаудың алдыңғы процедураларын пайдалану
мүмкін болмаса, келесі төтенше жағдай процедураларын көрсетілген кезекпен орындап көріңіз:
ctrl+alt+delete пернелерін басып, Питание (Қуат) белгішесін басыңыз, содан кейін
Завершение работы (Өшіру) тармағын таңдаңыз.
Қуат түймешігін кемінде 5 секунд басып тұрыңыз.
Компьютерді сыртқы қуат көзінен ажыратыңыз.
Пайдаланушы арқылы ауыстырылатын батареясы
бар компьютерден батареяны
шығарыңыз.
Гибрид графикалар жəне AMD қосарлы графикалары
(тек таңдаулы үлгілерде)
Таңдаулы компьютер үлгілерінде гибрид графикалар мүмкіндігі немесе AMD қосарлы
графикалары мүмкіндігі орнатылады.
ЕСКЕРІМ: Гибрид немесе AMD қосарлы графикалық режимдердің компьютерде
орнатылғанын көру үшін, ноутбуктің графикалық процессорының конфигурациясын жəне
Анықтама бағдарламасын қараңыз.
Гибрид немесе AMD қосарлы графикалық режимдердің екеуі де графиканы өңдейтін екі
режимді ұсынады:
Жоғары сапалы орындау режимі - бұл режимге арналған қолданбалар жылдам графика
өңдеу (GPU) құрылғысы арқылы орындалады.
Қуат үнемдеу режимі - бұл режимде жұмыс істейтін қолданбалар батарея қуатын үнемдеу
үшін орындау сапасы төмен графика өңдеу (GPU) құрылғысын қолданады.
Гибрид графикаларды қолдану (тек таңдаулы үлгілерде)
Гибрид графикалық функциялар қолданбаны оның графиканы өңдеу талабына қарай жоғары
сапалы орындау режимінде немесе қуат үнемдеу режимінде пайдалану мүмкіндігін ұсынады.
Əдетте, 3D жəне ойын қолданбалары жоғары сапалы графика өңдеуді (GPU) режимінде, ал
салмағы жеңілдеу графика өңдеуді қажет ететін қолданбалар сапасы төмен графика өңдеу
режимінде жұмыс істейді. Қолданбаға қажетті режимді (жоғары сапалы немесе қуат үнемдеу)
гибрид графикасын басқару панелі арқылы таңдауға болады.
ЕСКЕРІМ: Құрылғының шектеулеріне байланысты кейбір қолданбалар екі режимнің біреуін
ғана қолдана алады.
Қосымша ақпарат алу үшін, гибрид графикалық режимдер бағдарламалық құралының
анықтамасын қараңыз.
58 Бап 6 Қуат басқару