User Guide - Windows 8.1

6 Қуат басқару
Бұл компьютер батарея қуатымен немесе сыртқы қуат көзіне қосу арқылы жұмыс істейді. Егер
компьютер батарея қуатымен жұмыс істейтін болса жəне батареяны зарядтау үшін оны АТ қуат
көзіне жалғау мүмкін болмаса, батарея зарядын бақылау жəне үнемдеу өте маңызды. Қуат
үнемделіп тұрған компьютер жұмысын реттеу мақсатымен компьютердің қуат пайдалану жəне
үнемдеу жолын басқару үшін компьютерде
оңтайлы қуат жоспары қолданылады.
Ұйқы немесе күту күйін қосу
Microsoft® Windows жүйесінде қуат үнемдеуге арналған ұйқылық күй жəне күту күйі бар.
Ұйқылықұйқы күйі не батарея қуатымен, не сыртқы қуатпен істеп тұрғанда бос тұрғаннан
кейін автоматты қосылады. Жұмысыңыз жадқа сақталады жəне ұйқылық күйден шығу
жылдам іске асырылады. Сонымен қатар, ұйқылық күйді қолмен қоса аласыз. Қосымша
ақпаратты
Ұйқы күйін қолмен бастау жəне шығу 51-бетте бөлімінен қараңыз.
Күту күйікүту күйі батарея өте төмен заряд деңгейіне жеткенде автоматты қосылады.
Күту күйі қосылғанда, жұмысыңыз қатты дискідегі күту файлына сақталады жəне
компьютер өшіріледі.
ЕСКЕРІМ: Күту күйін қолмен қосуға болады. Ұйқы күйін қолмен бастау жəне
шығу 51-бетте жəне Күту күйін қолмен бастау жəне шығу (тек таңдаулы
үлгілерде) 51-бетте бөлімдерінен қараңыз.
ЕСКЕРТУ: Аудио жəне видео файлдарын ойнатудың мүмкін нашарлауы, аудио немесе бейне
ойнату жұмысының жоғалуы немесе ақпараттың жоғалу қаупін азайту үшін, дискіден не сыртқы
медиа картасынан оқу немесе оған жазу кезінде ұйқы күйін қоспаңыз.
ЕСКЕРІМ: Компьютер ұйқы күйінде немесе күту күйінде болғанда, желіге қосылудың кез
келген түрін қосуды немесе компьютердің кез келген функцияларын орындай алмайсыз.
Intel Rapid Start Technology (Intel жылдам іске қосу технологиясы, тек
таңдаулы үлгілерде)
Таңдаулы үлгілерде əдепкі параметрлер бойынша RST (Intel Rapid Start Technology - Жылдам
іске қосу технологиясы) мүмкіндігі қосылған. RST мүмкіндігі əрекетсіз тұрған компьютерді
бірден іске қосуға мүмкіндік береді.
RST мүмкіндігі қуатты үнемдеу опцияларын келесі жолдармен басқарады:
Ұйқы режимі: RST мүмкіндігі ұйқы режимін таңдауға мүмкіндік береді. Ұйқылық күйден шығу
үшін кез келген пернені басыңыз, сенсорлы тақтаны іске қосыңыз немесе қуат түймешігін
тез басып
қалыңыз.
Қүту күйі: RST мүмкіндігі ұйқылық күйдегі не болмаса батареяның заряды тым төмен
деңгейге жеткен компьютер əрекетсіз тұрғанда күту күйін қосады. Күту күйінен шығып,
жұмысты жалғастыру үшін, қуат түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: RST мүмкіндігін Setup Utility (BIOS) тармағынан өшіруге болады. Күту күйін өзіңіз
қосқыңыз келсе, қуат параметрлерінде пайдаланушы арқылы қосылатын күту күйі параметрін
таңдауыңыз қажет.
Күту күйін қолмен бастау жəне шығу (тек таңдаулы үлгілерде) 51-бетте
бөлімін қараңыз.
50 Бап 6 Қуат басқару