User Guide - Windows 8.1
▲
Бағдарламаларды басқару опцияларын көрсету үшін саусақты үстіңгі немесе төменгі
жиектен жайлап жылжытыңыз.
Пернетақтаны жəне тінтуірді пайдалану
Пернетақта жəне тінтуір теруге, элементтерді таңдауға, айналдыруға жəне сенсорлы экрандағы
қимылдар сияқты бірдей функцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар,
пернетақта арнайы функцияларды орындау мақсатымен əрекет пернелері мен жылдам
пернелерді пайдалануға мүмкіндік береді.
КЕҢЕС: Пернетақтадағы Windows пернесі ашық болған бағдарламадан немесе
Windows жұмыс үстелінен бастау экранына жылдам оралуға мүмкіндік береді. Windows пернесі
қайта басылған кезде, алдыңғы экран ашылады.
ЕСКЕРІМ: Еліңізге/аймағыңызға байланысты, пернетақтаның пернелері мен пернетақта
функциялары осы бөлімде сипатталғаннан өзгешелеу болуы мүмкін.
Пернелерді пайдалану
Ақпаратқа жылдам кіру немесе мүмкіндіктерді арнаулы пернелер мен пернелер тіркесімдерін
басу арқылы пайдалануға болады.
Əрекет пернелерін пайдалану
Перненің тағайындалған функциясын іске қосу үшін пернені басыңыз. f1 мен f4 жəне f6 мен f12
пернелеріндегі əр белгіше сол пернеге тағайындалған функцияны сипаттайды.
Əрекет пернесінің функциясын пайдалану үшін, пернені басып ұстап тұрыңыз.
ЕСКЕРТУ: Setup Utility (BIOS) ішіне өзгеріс енгізгенде сақ болыңыз. Қателер компьютердің
жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.
Əрекет пернесі функциясы зауытта қосылады. Бұл мүмкіндікті Setup Utility (BIOS) құралында
ажыратуға болады. Setup Utility (BIOS) тармағын ашуға қатысты нұсқаулар алу үшін,
Setup
Utility (BIOS) жəне HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану 74-бетте бөлімін көріп,
экранның төменгі жағындағы нұсқауларды орындаңыз.
Пернетақтаны жəне тінтуірді пайдалану 47