User Guide - Windows 8.1
Видео құрылғыларын VGA кабелін пайдалану арқылы қосу
Презентация жасау мақсатында компьютер экранындағы кескінді сыртқы VGA мониторында
немесе проекторында көрсету үшін, мониторды не проекторды компьютердің VGA портына
жалғаңыз.
Мониторды немесе проекторды жалғау:
1. Монитордың не проектордың VGA кабелін компьютердегі VGA портына суретте
көрсетілгендей жалғаңыз.
2. Экрандағы суретті 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, f4 пернесін басыңыз:
●
Тек компьютер: Экрандағы кескінді тек компьютерден көру.
● Қос: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де
көру.
●
Кеңейтілген: Экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен көру.
●
Тек сыртқы құрылғы: Экрандағы кескінді сыртқы құрылғыдан көру
.
f4 пернесі басылған сайын, көрсету күйі өзгереді.
ЕСКЕРІМ: Жақсы нəтиже үшін, егер «Дополнительные» (Қосымша) опциясы таңдалған
болса, сыртқы құрылғының экран ажыратымдылығын мына жолмен реттеңіз. Бастау
экранынан панель управления (басқару тақтасы) сөзін теріп, одан кейін Панель
управления (Басқару тақтасы) пəрменін таңдаңыз. Оформление и персонализация
(Безендіру жəне даралау) пəрменін таңдаңыз. Дисплей ішінен Настройка разрешения
экрана (Экран ажыратымдылығын реттеу) параметрін таңдаңыз.
Видео құрылғыларын HDMI кабелін пайдалану арқылы қосу
ЕСКЕРІМ: HDMI құрылғысын компьютерге жалғау үшін бөлек сатылатын HDMI кабелі қажет
болады.
34 Бап 4 Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану