User Guide - Windows 8.1
Бөлік Сипаттама
(4) Оптикалық диск жетегі (тек
таңдаулы үлгілерде)
Компьютер үлгісіне байланысты, оптикалық
дискті оқиды немесе оптикалық дискті оқып, оған
жазады.
ЕСКЕРІМ: Диск үйлесімділігі туралы ақпаратты
Анықтама жəне қолдау веб-беттерінен қараңыз
(
Қосымша HP ресурстары 3-бетте тарауын
қараңыз). Компьютер үлгісін таңдау үшін веб-
тораптағы нұсқауларды орындаңыз. Поддержка
и драйверы (Қолдау жəне драйверлер)
пəрменін, одан кейін Информация о продукте
(Өнім туралы ақпарат) пəрменін таңдаңыз.
(5)
USB 2.0 порттары (2) Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер
немесе USB хабі сияқты қосымша USB
құрылғысы жалғанады.
(6) Үндеткіштер (2) Дыбыс шығарады.
(7)
Аудио шығыс (құлақаспап)/Аудио
кіріс (микрофон) ұясы
Қосымша токқа қосылатын стерео үндеткіштерге,
гарнитураларға, құлақаспаптарға немесе
теледидардың аудио құрылғысына қосылғанда,
дыбыс шығарады. Сонымен қатар, қосымша
гарнитура микрофонын қосады. Бұл ұя қосымша
тек микрофон құрылғыларын қолдамайды.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту
үшін, құлақаспаптар, тығын тəріздес құлақаспап
немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс
деңгейін реттеңіз. Қосымша қауіпсіздік ақпаратын
алу
үшін, Заңды, қауіпсіздік жəне қоршаған орта
ескертпелерін қараңыз. Осы нұсқаулықты ашу
үшін, Пуск (Бастау) экранына поддержка
(қолдау) сөзін теріп, HP Support Assistant (HP
қолдау көмекшісі) бағдарламасын таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Құрылғы ұяға қосылған кезде,
компьютер үндеткіштері ажыратылады.
ЕСКЕРІМ: Құрылғы кабелінің аудио шығыс
(гарнитура) жəне аудио кіріс (микрофон)
ұяларының екеуіне сəйкес келетін 4 сымды
қосқышы бар екеніне көз жеткізіңіз.
(8) USB 3.0 порты Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер
немесе USB хабі сияқты қосымша USB
құрылғысы USB 3.0 портына жалғанады.
(9)
HDMI порты Ажыратымдылығы жоғары теледидар немесе кез
келген үйлесімді сандық не аудио құрамдас
бөлікті немесе жоғары жылдамдықты HDMI
құрылғысы сияқты қосымша бейне немесе дыбыс
құрылғыларын қосады.
(10)
Сыртқы монитор порты Сыртқы VGA мониторы немесе проекторды
қосады.
Мультимедиа мүмкіндіктері 31