User Guide - Windows 8.1

Сымсыз байланыс түймешігін пайдалану
Үлгісіне байланысты компьютерде сымсыз байланыс түймешігі, бір немесе бірнеше сымсыз
құрылғы жəне бір не екі сымсыз байланыс шамы болады. Компьютердегі сымсыз
құрылғылардың барлығы зауытта қосылады, сондықтан, компьютер қосылғанда, сымсыз
байланыс шамы (ақ) жанып тұрады.
Сымсыз байланыс шамы жеке құрылғылардың емес, сымсыз құрылғылардың жалпы қуат күйін
анықтайды. Сымсыз байланыс шамының түсі ақ болса, кемінде
бір сымсыз құрылғы қосулы.
Сымсыз байланыс шамының түсі өшірулі болса, барлық сымсыз құрылғылар өшірулі.
ЕСКЕРІМ: Кейбір үлгілерде, барлық сымсыз құрылғылар өшірулі болғанда, сымсыз байланыс
шамы сары түсті болады.
Сымсыз құрылғылар зауытта қосылатындықтан, оларды бір уақытта қосу немесе өшіру үшін,
сымсыз байланыс түймешігін пайдалануға болады. Жеке сымсыз құрылғыларды HP Connection
Manager бағдарламалық құралы арқылы басқаруға болады (тек таңдаулы үлгілерде).
Амалдық жүйе басқару элементтерін пайдалану
Желі жəне ортақ қолдану орталығы қосылымды немесе желіні орнатуға, желіге қосылуға, желі
ақаулықтарын тексеруге жəне жөндеуге мүмкіндік береді.
Амалдық жүйенің басқару элементтерін пайдалану үшін
1. Бастау экранынан панель управления (басқару тақтасы) сөзін теріп, одан кейін Панель
управления (Басқару тақтасы) пəрменін таңдаңыз.
2. Сеть и Интернет (Желі жəне Интернет) пəрменін, одан кейін Центр управления
сетями
и общим доступом (Желілер мен ортақ кіруді басқару орталығы) пəрменін таңдаңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін бастау экранында справка (анықтама) сөзін теріп, одан кейін
Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) тармағын таңдаңыз.
Мəліметтер мен диск жетектерін ортақ пайдалану жəне
бағдарламалық құралдарға қатынау
Компьютеріңіз желі құрамында болған кезде, компьютерде сақталатын ақпарат пайдаланумен
ғана шектелмейсіз. Желідегі компьютерлерде бағдарламалық құралдар мен мəліметтерді
бірлесіп пайдалануға болады.
ЕСКЕРІМ: Фильмі немесе ойыны бар DVD дискі сияқты диск көшірмелеуден қорғалған болса,
оны ортақ пайдалану мүмкін емес.
Бір желідегі қалталарды немесе мазмұнды бөлісу үшін:
1. Windows жұмыс үстелінде Проводник (Жетектеуші) бағдарламасын ашыңыз.
2. Этот ПК (Осы дербес компьютер) экранындағы ортақ пайдаланғыңыз келетін қалта
немесе мазмұнды таңдаңыз. Экранның жоғары бөлігіндегі шарлау тақтасындағы
Поделиться (Бөлісу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін Отдельные люди (Арнайы адамдар)
пəрменін таңдаңыз.
3. Общий доступ к файлам (Файлдарды ортақтастыру) жолағына
атын теріп, Добавить
(Қосу) түймешігін басыңыз.
4. Общий доступ (Ортақ пайдалану) түймешігін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Сымсыз желіге қосылу 21