User Guide - Windows 8.1
Бөлік Сипаттама
(5) Үндеткіштер саңылаулары (2) Дыбыс шығарады.
(6)
Қызмет көрсетуге арналған есік Сымсыз LAN (WLAN) модуль ұяшығына, жад
модулі ұяларына жəне оптикалық жинақтағыш диск
орнына кіруді қамтамасыз етеді (тек таңдаулы
үлгілерде).
ЕСКЕРТУ: Жүйенің жауап бермеуін болдырмау
үшін, сымсыз модульді тек еліңіздегі немесе
аймағыңыздағы сымсыз құрылғыларды реттеуші
үкіметтік агенттік компьютерде қолдануға рұқсат
еткен сымсыз модульдермен ауыстырыңыз.
Модульді ауыстырғаннан кейін, ескерту хабары
алынса, компьютер жұмысын қалпына келтіру үшін
,
модульді шығарып, Анықтама жəне қолдау арқылы
қолдау көрсету қызметіне хабарласыңыз. Бастау
экранына справка (анықтама) сөзін теріп, одан
кейін Справка и поддержка (Анықтама жəне
қолдау) пəрменін таңдаңыз.
Жапсырмалар
Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютер
алып шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Компьютеріңіздің үлгісіне байланысты, осы бөлімде көрсетілген
барлық жапсырмалар 3 орынның біреуінде орналасады: компьютердің төменгі жағына
жабыстырылған, батарея орнында немесе сервистік есіктің астында орналасқан.
Бұл орындарды табу кезінде көмек алу үшін, Компьютермен танысу 5-бетте бөлімін қараңыз.
●
Сервистік жапсырма компьютерді анықтауға арналған маңызды ақпаратты қамтамасыз
етеді. Қолдау қызметімен хабарласу кезінде, сериялық нөмір, өнім нөмірі немесе модель
нөмірі сұралуы мүмкін. Қолдау қызметімен хабарласпас бұрын, бұл нөмірлерді табыңыз.
ЕСКЕРІМ: Сервистік жапсырмалар төменде көрсетілген мысалдардың біреуіне ұқсас
болады. Компьютердегі сервистік жапсырмаға ең ұқсас суретті қараңыз.
Бөлік
(1) Өнім атауы
(2) Сериялық нөмір
(3) Өнім нөмірі
18 Бап 2 Компьютермен танысу