Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2013 Hewlett-Packard Development Company, L.P. AMD белгісі – Advanced Micro Devices, Inc. корпорациясының сауда белгісі. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады жəне оны HewlettPackard компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Intel — Intel корпорациясының АҚШ-тағы жəне басқа елдердегі сауда белгісі. Microsoft жəне Windows — Microsoft корпорациясының АҚШ-тағы тіркелген сауда белгілері. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Maзмұны 1 Қосылғанда жанатын шам ........................................................................................................................... 1 HP Apps Store дүкеніне өту ................................................................................................................ 1 Ең жақсы тəжірибе .............................................................................................................................. 1 Қызықты əрекеттер ..............................................
Bluetooth сымсыз құрылғыларын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) ...................... 27 Сымды желіге қосылу ....................................................................................................................... 27 Жергілікті желіге (LAN) қосылу ........................................................................................ 27 4 Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану .................................................................................................
Саусақты үстіңгі жиектен жылжыту жəне төменгі жиектен жылжыту .......... 46 Пернетақтаны жəне тінтуірді пайдалану ........................................................................................ 47 Пернелерді пайдалану .................................................................................................... 47 Əрекет пернелерін пайдалану ........................................................................ 47 Windows жүйесінің пернелер тіркесімдерін пайдалану ..........................
Дискілер ұстау .................................................................................................................. 60 Дискіні дефрагментациялау құралын пайдалану .......................................................... 60 Дискіні тазалау құралын пайдалану ............................................................................... 61 Жад модулін қосу немесе ауыстыру .............................................................................. 61 Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту ..
10 Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару жəне қалпына келтіру ........................................ 77 Қалпына келтіру дискісін жəне сақтық көшірмелерді жасау .......................................................... 77 НР жүйені қалпына келтіру құралын жасау .................................................................... 77 Алдыңғы күйге қайтару жəне қалпына келтіру ...............................................................................
x
1 Қосылғанда жанатын шам Бұл компьютер жұмыс істеуді жəне көңіл көтеруді жақсартуға арналған қуатты құрал болып табылады. Компьютерді орнату жасалғаннан кейін орындауға болатын ең жақсы амалдар, компьютермен жасауға болатын қызықты əрекеттер жəне қосымша HP ресурстарын табуға болатын орындар туралы білу үшін, осы бөлімді оқып шығыңыз.
Қызықты əрекеттер 2 ● Компьютерден YouTube торабында бейне көруге болатынын білесіз. Ал, компьютерді теледидарға немесе ойын консоліне жалғауға болатынын білесіз бе? Қосымша ақпаратты Видео құрылғыларын HDMI кабелін пайдалану арқылы қосу 34-бетте бөлімінен қараңыз. ● Сондай-ақ, компьютерден музыка тыңдауға болатынын білесіз.
Қосымша HP ресурстары Компьютерді іске қосып, осы нұсқаулықты табу үшін, Параметрлерді орнату нұсқаулары бөлімін пайдаланыңыз. Өнім туралы егжей-тегжейлі деректерді, практикалық нұсқаулық ақпаратын жəне қосымша мəліметтерді қамтамасыз ететін ресурстарды табу үшін, мына кестені қараңыз.
Ресурстар Мазмұны Шектеулі кепілдік* ● Бұл компьютер туралы арнаулы кепілдік ақпараты Бұл нұсқаулықты пайдалану үшін 1. Бастау экранында поддержка (қолдау) сөзін теріп, HP Support Assistant қолданбасын таңдаңыз. 2. Мой компьютер (Компьютерім), одан кейін Гарантия и услуги (Кепілдік жəне қызметтер) тармағын таңдаңыз. – немесе – http://www.hp.com/go/orderdocuments веб-торабына өтіңіз.
2 Компьютермен танысу Аппараттық жəне бағдарламалық құрал туралы мəліметтерді табу Аппараттық құралды табу Компьютерде орнатылған аппараттық құралдардың тізімін көру үшін: 1. Бастау экранынан панель управления (басқару тақтасы) сөзін теріп, одан кейін Панель управления (Басқару тақтасы) пəрменін таңдаңыз. 2. Система и безопасность (Жүйе жəне қауіпсіздік) пəрменін, Система (Жүйе) пəрменін таңдаңыз, одан кейін сол жақ бағанда Диспетчер устройств (Құрылғылар басқарушысы) тармағын нұқыңыз.
Оң жақ Бөлік (1) Сипаттама Қуат шамы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтау: қуатты үнемдеу күйі болып табылатын «Ұйқы күйі» компьютерде қосылған. Компьютер дисплейдің жəне басқа да қажет емес құрамдас бөліктердің қуатын өшіреді. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. Күту күйі — ең аз мөлшерде қуат тұтынатын қуатты үнемдеу күйі. ЕСКЕРІМ: Таңдаулы үлгілерде, Intel® Rapid Start Technology (Жылдам қосу технологиясы) мүмкіндігі зауытта қосылады.
Сол жақ Бөлік (1) Сипаттама Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды. ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал ретінде əрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютерге күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін. (2) Қуат коннекторы Айнымалы ток адаптеріне қосылады. (3) Айнымалы ток адаптерінің шамы ● Қосулы: айнымалы ток адаптері қосылған, батарея зарядтаулы. ● Өшірулі: компьютер батарея қуатымен жұмыс істеуде.
Бөлік Сипаттама (8) USB 3.0 порты Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер немесе USB хабі сияқты қосымша USB құрылғысы жалғанады. (9) Аудио шығыс (құлақаспап)/Аудио кіріс (микрофон) ұясы Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштер, құлақаспаптар, тығын тəріздес құлақаспаптар, гарнитура немесе теледидар дыбыс кабелі қосылады. Сонымен қатар, қосымша гарнитура микрофонын қосады. Бұл ұя қосымша тек микрофон құрылғыларын қолдамайды.
Дисплей ЕСКЕРІМ: Компьютеріңізге ұқсас кескінді қараңыз. Бөлік Сипаттама (1) WLAN антенналары (2)* Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланыста болу үшін, сымсыз байланыс сигналдарын жібереді жəне қабылдайды (2) WWAN антенналары (2)* (тек таңдаулы үлгілерде) Сымсыз ғаламдық желімен (WWAN) байланыс жасау мақсатында сымсыз сигналдарды жібереді жəне қабылдайды. (3) Веб-камера шамы Қосулы: веб-камера қолданылуда. (4) Веб-камера Бейнені жазады жəне фотосуретке түсіреді.
Бөлік Сипаттама (1) WLAN антенналары (2)* Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді жəне қабылдайды. (2) WWAN антенналары (2)* (тек таңдаулы үлгілерде) Сымсыз ғаламдық желімен (WWAN) байланыс жасау мақсатында сымсыз сигналдарды жібереді жəне қабылдайды. (3) Веб-камера шамы Қосулы: веб-камера қолданылуда. (4) Веб-камера Бейнені жазады жəне фотосуретке түсіреді.
Жоғарғы жағындағы Сенсорлы тақта Бөлік (1) Сипаттама Сенсорлы тақта аймағы Экрандық меңзерді жылжытады жəне экрандағы элементтерді таңдайды немесе іске қосады. ЕСКЕРІМ: Сенсорлы тақта жиектен жүргізу қимылдарын да қолдайды. Қосымша ақпаратты Жиектерді сипау 41-бетте бөлімінен қараңыз. (2) Сол жақ сенсорлы тақта түймешігі Сыртқы тінтуірдің сол жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді. (3) Оң жақ сенсорлы тақта түймешігі Сыртқы тінтуірдің оң жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді.
Шамдар ЕСКЕРІМ: Компьютеріңізге ұқсас кескінді қараңыз. Бөлік Сипаттама (1) Caps lock шамы Қосулы: пернелердің барлығын бас əріп ететін «Caps lock» пернесі басылған. (2) Дыбысты өшіру шамы ● Сары: компьютер дыбысы өшірулі. ● Өшірулі: компьютер дыбысы қосулы. (3) Сымсыз байланыс шамы Қосулы: Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы жəне/немесе Bluetooth® құрылғысы сияқты ішкі сымсыз құрылғы қосулы.
Бөлік Сипаттама (1) Caps lock шамы Қосулы: пернелердің барлығын бас əріп ететін «Caps lock» пернесі басылған. (2) Дыбысты өшіру шамы ● Сары: компьютер дыбысы өшірулі. ● Өшірулі: компьютер дыбысы қосулы. (3) Сымсыз байланыс шамы Қосулы: Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы жəне/немесе Bluetooth® құрылғысы сияқты ішкі сымсыз құрылғы қосулы. ЕСКЕРІМ: Кейбір үлгілерде барлық сымсыз құрылғылар өшірулі болғанда, сымсыз байланыс шамы сары түспен жанып тұрады.
Түймешік Бөлік Сипаттама Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ЕСКЕРТУ: Қуат түймешігін басып тұрғанда сақталмаған ақпарат жойылады.
Пернелер ЕСКЕРІМ: Компьютеріңізге ұқсас кескінді қараңыз. Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) fn пернесі бос орын немесе esc пернесімен бірге басылғанда, жиі пайдаланылатын жүйелік функцияларды орындайды. (3) Windows пернесі Ашық болған бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен бастау экранына жылдам қайтарады. ЕСКЕРІМ: Windows пернесі қайта басылған кезде, алдыңғы экран ашылады.
Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) fn пернесі бос орын немесе esc пернесімен бірге басылғанда, жиі пайдаланылатын жүйелік функцияларды орындайды. (3) Windows пернесі Ашық болған бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен бастау экранына жылдам қайтарады. ЕСКЕРІМ: Windows пернесі қайта басылған кезде, алдыңғы экран ашылады. (4) Əрекеттер пернелері Жиі қолданылатын жүйелік функцияларды орындайды.
Түбіндегі Бөлік Сипаттама (1) Батареяны құлыптау жəне құлып алу ысырмасы Батарея ұясына батареяны құлыптайды жəне құлып алады. (2) Батарея орны Батареяны ұстап тұрады. (3) Желдеткіштер (5) Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қамтамасыз етеді. ЕСКЕРІМ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы – қалыпты жағдай.
Бөлік Сипаттама (5) Үндеткіштер саңылаулары (2) Дыбыс шығарады. (6) Қызмет көрсетуге арналған есік Сымсыз LAN (WLAN) модуль ұяшығына, жад модулі ұяларына жəне оптикалық жинақтағыш диск орнына кіруді қамтамасыз етеді (тек таңдаулы үлгілерде). ЕСКЕРТУ: Жүйенің жауап бермеуін болдырмау үшін, сымсыз модульді тек еліңіздегі немесе аймағыңыздағы сымсыз құрылғыларды реттеуші үкіметтік агенттік компьютерде қолдануға рұқсат еткен сымсыз модульдермен ауыстырыңыз.
Бөлік (4) Кепілдік күшінің мерзімі (5) Модель нөмірі (тек таңдаулы үлгілерде) Бөлік (1) Сериялық нөмір (2) Өнім нөмірі (3) Кепілдік күшінің мерзімі (4) Модель нөмірі (тек таңдаулы үлгілерде) (5) Нұсқа нөмірі ● Техникалық деректер жапсырмасы(лары) — компьютер туралы техникалық ақпаратты береді. ● Сымсыз куəлік беру туралы жапсырма(лар) — қосымша сымсыз құрылғылар туралы ақпаратты жəне осы құрылғылардың қолданылуы мақұлданған елдер немесе аймақтардың мақұлдау таңбаларын қамтамасыз етеді.
3 Желіге қосылу Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не сымды желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған вебтораптардың ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат əлеммен байланысуға көмектеседі. Сымсыз желіге қосылу Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
Сымсыз байланыс түймешігін пайдалану Үлгісіне байланысты компьютерде сымсыз байланыс түймешігі, бір немесе бірнеше сымсыз құрылғы жəне бір не екі сымсыз байланыс шамы болады. Компьютердегі сымсыз құрылғылардың барлығы зауытта қосылады, сондықтан, компьютер қосылғанда, сымсыз байланыс шамы (ақ) жанып тұрады. Сымсыз байланыс шамы жеке құрылғылардың емес, сымсыз құрылғылардың жалпы қуат күйін анықтайды. Сымсыз байланыс шамының түсі ақ болса, кемінде бір сымсыз құрылғы қосулы.
Бір желідегі дискілерді бөлісу үшін, келесі қадамдарды орындаңыз: 22 1. Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы желі күйінің белгішесін оң жақ түймешікпен басыңыз. 2. Открыть центр управления сетями и общим доступом (Желілер мен ортақ пайдалануды басқару орталығын ашу) пəрменін таңдаңыз. 3. Просмотр активных сетей (Белсенді желілерді көру) ішінен белсенді желіні таңдаңыз. 4.
WLAN құрылғысын қолдану WLAN құрылғысымен сымсыз жол жоспарлағыш немесе сымсыз кіру нүктесі арқылы байланыстырылған басқа компьютерлерден жəне қосалқы құралдардан құрылған сымсыз жергілікті желіге (WLAN) кіруге болады. ЕСКЕРІМ: Сымсыз жол жоспарлағышы жəне сымсыз кіру нүктесі жиі өзара ауыстырылатын күйде қолданылады.
WLAN желісін орнату WLAN құрылғысын орнату жəне Интернетке қосылу үшін, төмендегі жабдық қажет: ● Кең жолақты модем (DSL немесе кабельді) (1) жəне Интернет провайдерінен сатып алынған жоғары жылдамдықты интернет қызметі ● Сымсыз жол жоспарлағыш (2) (бөлек сатылады) ● Сымсыз компьютер (3) ЕСКЕРІМ: Кейбір модемдердің ішіне жол жоспарлағышы орнатылады. Интернет провайдерінен модем түрінің қайсысын пайдаланатындығын сұраңыз.
Сымсыз шифрлау желі арқылы тасымалданатын деректерді шифрлау жəне шифрын ашу үшін қауіпсіздік параметрлерін қолданады. Қосымша ақпарат алу үшін бастау экранында справка (анықтама) сөзін теріп, одан кейін Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) тармағын таңдаңыз. WLAN желісіне қосылу WLAN желісіне қосылу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз. Егер қосылған болса, сымсыз байланыс шамы ақ болады.
қосылу, электрондық пошта хабарын жіберу немесе корпоративтік желіге қосылу мүмкіндігін береді. НР келесі технологияларға қолдау көрсетеді: ● GSM (Global System for Mobile Communications) телекоммуникация стандартына байланысты желілердің қолданысын қамтамасыз ететін HSPA (High Speed Packet Access) технологиясы. ● CDMA (Code division multiple access) телекоммуникация стандартына байланысты желілердің қолданысын қамтамасыз ететін EV-DO (Evolution Data Optimized) технологиясы.
Bluetooth сымсыз құрылғыларын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Bluetooth құрылғысы əдетте мына электрондық құрылғыларды байланыстыратын физикалық кабель қосылымдарын ауыстыратын қысқа ауқымды сымсыз байланыстарды қамтамасыз етеді.
4 Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану Веб-камера арқылы байланысу, музыканы тыңдау жəне басқару, бейнефильмдерді жүктеу жəне көру амалдарын орындау үшін HP компьютерін көңіл көтеру орталығы ретінде пайдаланыңыз. Компьютеріңізді бұдан да қуатты көңіл көтеру орталығына айналдыру үшін, үндеткіштер, гарнитура, монитор, проектор, теледидар жəне таңдаулы үлгілерге жоғары ажыратымдылықты құрылғыларды жалғаңыз. Мультимедиа мүмкіндіктері Төменде осы компьютердің бірнеше көңіл көтеру мүмкіндіктері көрсетілген.
Бөлік (2) Сипаттама Веб-камера Бейнені жазады жəне фотосуретке түсіреді. Кейбір модельдерде бейне ағыны мүмкіндігімен бейнеконференция мен желіде чат сеанстарын ұйымдастыруға болады. Бастау экранында камера деп жазып, бағдарламалар тізімінен Камера пəрменін таңдаңыз. (3) Iшкі микрофон Дыбысты жазады. (4) Оптикалық диск жетегі (тек таңдаулы үлгілерде) Компьютер үлгісіне байланысты, оптикалық дискті оқиды немесе оптикалық дискті оқып, оған жазады.
Бөлік Сипаттама (9) HDMI порты Ажыратымдылығы жоғары теледидар немесе кез келген үйлесімді сандық не аудио құрамдас бөлікті немесе жоғары жылдамдықты HDMI құрылғысы сияқты қосымша бейне немесе дыбыс құрылғыларын қосады. (10) Сыртқы монитор порты Сыртқы VGA мониторы немесе проекторды қосады. Бөлік Сипаттама (1) Веб-камера шамы Қосулы: веб-камера қолданылуда. (2) Веб-камера Бейнені жазады жəне фотосуретке түсіреді.
Бөлік (4) Сипаттама Оптикалық диск жетегі (тек таңдаулы үлгілерде) Компьютер үлгісіне байланысты, оптикалық дискті оқиды немесе оптикалық дискті оқып, оған жазады. ЕСКЕРІМ: Диск үйлесімділігі туралы ақпаратты Анықтама жəне қолдау веб-беттерінен қараңыз (Қосымша HP ресурстары 3-бетте тарауын қараңыз). Компьютер үлгісін таңдау үшін вебтораптағы нұсқауларды орындаңыз. Поддержка и драйверы (Қолдау жəне драйверлер) пəрменін, одан кейін Информация о продукте (Өнім туралы ақпарат) пəрменін таңдаңыз. (5) USB 2.
Веб-камераны пайдалану Компьютердің кірістірілген веб-камерасы бейнені жазады жəне фотосуретке түсіреді. Кейбір модельдерде бейне ағыны мүмкіндігімен бейнеконференция мен желіде чат сеанстарын ұйымдастыруға болады. ▲ Веб-камераны пайдалану үшін, Бастау экранынан камера сөзін жазыңыз, одан кейін бағдарламалар тізімінен Камера тармағын таңдаңыз. Веб-камераны қолдану туралы толық ақпарат алу үшін, Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) бөліміне өтіңіз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тəріздес құлақаспаптар немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс қаттылығын төмендетіңіз. Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін, Заңдық, қауіпсіздік жəне экологиялық ескертпелер нұсқаулығын қараңыз. Осы нұсқаулықты ашу үшін, Пуск (Бастау) экранына поддержка (қолдау) сөзін теріп, HP Support Assistant (HP қолдау көмекшісі) бағдарламасын таңдаңыз.
Видео құрылғыларын VGA кабелін пайдалану арқылы қосу Презентация жасау мақсатында компьютер экранындағы кескінді сыртқы VGA мониторында немесе проекторында көрсету үшін, мониторды не проекторды компьютердің VGA портына жалғаңыз. Мониторды немесе проекторды жалғау: 1. Монитордың не проектордың VGA кабелін компьютердегі VGA портына суретте көрсетілгендей жалғаңыз. 2.
Компьютер экранындағы кескінді ажыратымдылығы жоғары теледидардан не компьютерден көру үшін, ажыратымдылығы жоғары құрылғыны келесі нұсқауларға сəйкес жалғаңыз. 1. HDMI кабелінің бір ұшын компьютердегі HDMI портына жалғаңыз. 2. Кабельдің екінші ұшын ажыратымдылығы жоғары теледидарға не мониторға жалғаңыз. 3. Компьютер экранындағы кескінді 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, f4 пернесін басыңыз: ● Тек компьютер: Экрандағы кескінді тек компьютерден көру.
Дыбысты қайтадан компьютер үндеткіштерінен шығару үшін, мына қадамдарды орындаңыз. 1. Тапсырма тақтасының оң жағында орналасқан хабарландыру аймағындағы Динамики (Үндеткіштер) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Устройства воспроизведения (Ойнату құрылғылары) параметрін таңдаңыз. 2. Воспроизведение (Ойнату) қойыншасында Динамики (Үндеткіштер) параметрін таңдаңыз. 3. Установить по умолчанию (Əдепкі күйді орнату) пəрменін таңдап, OK түймешігін басыңыз.
5 Экранда шарлау Компьютер экраны бойынша келесі əдістермен жылжуға болады: ● Түрту қимылдары ● Пернетақта жəне тінтуір Түрту қимылдарын компьютердің сенсорлы тақтасында немесе сенсорлы экранда (тек таңдаулы үлгілерде) қолдануға болады. ЕСКЕРІМ: Компьютердегі USB порттарының біреуіне жалғау арқылы сыртқы USB тінтуірін (бөлек сатылады) пайдалана аласыз. Компьютермен бірге жеткізілген Windows Негіздері нұсқаулығын қараңыз.
Жылжу Жылжу қимылы бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе көлденең жылжу кезінде қажет əрекет. ● 38 Екі саусақты сенсорлы тақта аймағына арасын алшақ қойып, одан кейін оларды жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай жылжытыңыз.
Екі саусақ көмегімен қысып масштабтау Екі саусақ көмегімен қысып масштабтау қимылдары суреттерді немесе мəтінді кішірейтуге немесе үлкейтуге мүмкіндік береді. ● Кішірейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақтаға арасын алшақ қойып, одан кейін олардың арасын жақындатыңыз. ● Үлкейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақта аймағына бірге қойып, олардың арасын ашыңыз. Екі саусақпен басу Екі саусақпен басу қимылы экрандық нысан үшін мəзір пəрмендерін таңдауға мүмкіндік береді.
Айналдыру (тек таңдаулы үлгілерде) Айналдыру мүмкіндігі фотосурет сияқты элементтерді бұруға мүмкіндік береді. ● Бір нысанға меңзерді апарып, сол қолдың сұқ саусағын сенсорлы тақта аймағына қойыңыз. Оң сұқ саусақты сағат тілімен 12-ден 3-ке дейін сырғытыңыз. Кері айналдыру үшін, сұқ саусағыңызды сағат тіліне қарсы 3-тен 12-ге дейін жылжытыңыз. ЕСКЕРІМ: Айналдыру қимылы нысан немесе кескінді жылжытуға болатын арнайы бағдарламаларға арналған. Айналдыру қимылы барлық бағдарламаларда жұмыс істемеуі мүмкін.
Жиектерді сипау Жиектерді сипау қимылдары параметрлер өзгерту жəне бағдарламаларды табу немесе пайдалану сияқты əрекеттерді орындауға мүмкіндік береді. Саусақты оң жақ жиектен жылжыту Саусақты оң жақ жиектен жылжыту қимылы шебер түймелерге қатынасуға мүмкіндік береді, бұл түймелер іздеу, ортақ пайдалану, бағдарламаларды бастау, құрылғыларды ашу немесе параметрлерді өзгерту сияқты тапсырмаларды орындайды. ● Шебер түймелерді көрсету үшін саусағыңызды оң жақ жиектен жайлап жылжытыңыз.
Саусақты үстіңгі жиектен жылжыту Саусақты үстіңгі жиектен жылжыту арқылы бағдарламаларды өзгертуге мүмкіндік беретін бағдарламаларды басқару опциялары көрсетіледі. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Бағдарлама ашық кезде, үстіңгі жиекті сипау қимылы бағдарламаға байланысты əртүрлі болады. ● 42 Бағдарламаларды басқару опцияларын көрсету үшін саусақты үстіңгі жиектен ақырын жылжытыңыз.
Сенсорлы экран іс-қимылдарын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Сенсорлы экраны бар компьютер экрандағы элементтерді саусақтар арқылы тікелей басқаруға мүмкіндік береді. КЕҢЕС: Сенсорлы экраны бар компьютерде қимылдарды экранда немесе сенсорлы тақтада орындауға болады. Сонымен қатар, сенсорлы экрандағы əрекеттерді пернетақта мен тінтуір көмегімен жүзеге асыруға болады.
Жылжу Жылжу қимылы меңзерді бетте немесе суретте жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай жылжыту кезінде қажет əрекет. ● Екі саусағыңызды экранға қойып, оларды жоғары, төмен, солға немесе оңға қарай сүйрете жылжытыңыз. Екі саусақ көмегімен қысып масштабтау Екі саусақ көмегімен қысып масштабтау қимылдары суреттерді немесе мəтінді кішірейтуге немесе үлкейтуге мүмкіндік береді. 44 ● Кішірейту үшін, екі саусақты экранға арасын алшақ қойып, одан кейін олардың арасын жақындатыңыз.
Айналдыру (тек таңдаулы үлгілерде) Айналдыру мүмкіндігі фотосурет сияқты элементтерді бұруға мүмкіндік береді. ● Сол сұқ саусақты айналдырғыңыз келген нысанда тіреңіз. Оң сұқ саусақты шеңбер бойынша сағат тілімен 90 градус жүргізіңіз. Кері айналдыру үшін, сұқ саусағыңызды сағат тіліне қарсы 90 градус жүргізіңіз. ЕСКЕРІМ: Айналдыру қимылы нысан немесе кескінді жылжытуға болатын арнайы бағдарламаларға арналған. Айналдыру қимылы барлық бағдарламаларда жұмыс істемеуі мүмкін.
Саусақты сол жақ жиектен жылжыту Саусақты сол жақ жиектен жылжыту қимыл ашық бағдарламаларды көрсетеді, осылайша оларға тез ауыса аласыз. ● Бағдарламалар арасында ауысу үшін саусағыңызды дисплейдің сол жақ жиегінен ішіне қарай жайлап сырғытыңыз. Ашық болған барлық бағдарламаларды көрсету үшін саусағыңызды экраннан көтермей оны сол жақ жиекке қарай қайта сырғытыңыз.
▲ Бағдарламаларды басқару опцияларын көрсету үшін саусақты үстіңгі немесе төменгі жиектен жайлап жылжытыңыз. Пернетақтаны жəне тінтуірді пайдалану Пернетақта жəне тінтуір теруге, элементтерді таңдауға, айналдыруға жəне сенсорлы экрандағы қимылдар сияқты бірдей функцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, пернетақта арнайы функцияларды орындау мақсатымен əрекет пернелері мен жылдам пернелерді пайдалануға мүмкіндік береді.
Əрекет пернесі мүмкіндігін ажыратқаннан кейін əр функцияны іске қосу үшін, тиісті əрекет пернесімен бірге fn пернесін басыңыз. Белгіше Перне Сипаттама f1 Windows амалдық жүйесі мен компьютер, сұрақтарға жауаптар, оқулықтар мен компьютер үшін жаңартулар туралы ақпаратты қамтитын анықтама жəне қолдау орталығын ашады. Сонымен қатар, анықтама жəне қолдау орталығы ақаулықтарды автоматты түрде жою құралдарын жəне қолдау көрсету орталығымен хабарласу үшін сілтемелер ұсынады.
Пернелер тіркесімін пайдалану үшін: ▲ fn пернесін басып қалып, пернелер тіркесімінің екінші пернесін басып қалыңыз. Кірістірілген сандық пернетақтаны пайдалану Компьютерде кірістірілген сандық пернетақта болады, сондай-ақ компьютермен қосымша сыртқы сан пернетақтасын немесе сан пернетақтасы бар қосымша сыртқы пернетақтаны да қолдануға болады. Кірістірілген сандық пернетақта туралы ақпаратты Пернелер 15-бетте бөлімінен қараңыз.
6 Қуат басқару Бұл компьютер батарея қуатымен немесе сыртқы қуат көзіне қосу арқылы жұмыс істейді. Егер компьютер батарея қуатымен жұмыс істейтін болса жəне батареяны зарядтау үшін оны АТ қуат көзіне жалғау мүмкін болмаса, батарея зарядын бақылау жəне үнемдеу өте маңызды. Қуат үнемделіп тұрған компьютер жұмысын реттеу мақсатымен компьютердің қуат пайдалану жəне үнемдеу жолын басқару үшін компьютерде оңтайлы қуат жоспары қолданылады.
Ұйқы күйін қолмен бастау жəне шығу Келесі жолдардың кез келгені арқылы ұйқы күйін бастауға болады: ● Дисплейді жабыңыз. ● Шебер түймелерді көрсету үшін, меңзерді бастау экранының жоғары немесе төменгі оң жақ бұрышына жылжытыңыз. Параметры (Параметрлер), одан кейін Питание (Қуат) белгішесін таңдаңыз жəне Спящий (Ұйқы күйі) параметрін басыңыз. Ұйқылық күйден шығу үшін ● Қуат түймешігін тез басып қалыңыз. ● Егер экран сөніп тұрса, оны қосыңыз. ● Пернетақтадағы пернені басыңыз.
4. Запрашивать пароль (рекомендуется) (Құпия сөз сұрау (ұсынылады)) параметрін таңдаңыз. ЕСКЕРІМ: Пайдаланушы есептік жазбасының құпия сөзін жасау немесе ағымдағы құпия сөзді өзгерту қажет болса, Создание или изменение пароля учетной записи пользователя (Пайдаланушы жазбасының құпия сөзін жасау немесе өзгерту) тармағын таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Пайдаланушы есептік жазбасының құпия сөзін жасау немесе өзгерту қажет болмаған жағдайда, 5-қадамға өтіңіз. 5.
Пайдаланушы ауыстыратын батареяны шығару АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ықтимал қауіпсіздік мəселелерін азайту үшін, компьютермен бірге берілген пайдаланушы ауыстыратын батареяны, HP компаниясы ұсынатын ауыстыру батареясын немесе HP компаниясынан сатып алынған үйлесімді батареяны пайдаланыңыз. ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын пайдаланушы арқылы ауыстырылатын батареяны шығарып алу ақпараттың жоғалуын тудыруы мүмкін.
Батарея қуатын үнемдеу Батарея қуатын үнемдеуге жəне батареяның қызмет ету мерзімін ұзартуға қатысты келесі кеңестерді пайдаланыңыз: ● Экранның жарықтығын төмендетіңіз. ● Параметры электропитания (Қуат параметрлері) ішінен Сохранение энергии (Қуат үнемдегіші) параметрін таңдаңыз. ● Пайдаланушы арқылы ауыстырылатын батареяны 2 аптадан астам уақыт ішінде қолданыста болмаған немесе зарядталмаған компьютерден шығарып алыңыз. ● Пайдаланбаған кезде сымсыз құрылғыларды өшіріңіз.
Компьютер күту күйінен шыға алмайтын кезде төмен батарея деңгейін шешу Күту күйінен шығу үшін компьютерде қажетті қуат жетпеген кезде, келесі қадамдарды орындаңыз: 1. Пайдаланушымен ауыстырылатын заряды таусылған батареяны зарядталған батареямен ауыстырыңыз немесе айнымалы ток адаптерін компьютерге жəне сыртқы қуат көзіне қосыңыз. 2. Қуат түймешігін басып күту күйінен шығыңыз. Пайдаланушы ауыстыратын батареяны сақтау ЕСКЕРТУ: Батареяны зақымдамау үшін оны ұзақ уақыт бойы жоғары температурада сақтамаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ұшақ бортында болғанда компьютер батареясын зарядтамаңыз. ● Батареяны зарядтағанда немесе тексергенде. ● Жүйелік бағдарламалық құралды орнатқанда немесе өзгерткенде. ● Ақпаратты дискіге жазғанда (тек таңдаулы үлгілерде). ● Ішкі қатты дискілері бар компьютерлерде Disk Defragmenter (Диск дефрагментаторы) бағдарламасы іске қосылғанда. ● Сақтық көшірме жасағанда немесе қалпына келтіргенде. Компьютер сыртқы айнымалы ток қуат көзіне жалғанған кезде: ● Батарея зарядтала бастайды.
Intel Smart Connect технологиясы (тек таңдаулы үлгілерде) арқылы бағдарламалық құралдың мазмұнын жаңарту Компьютер ұйқы күйінде болған кезде, Intel® Smart Connect технологиясы компьютердің ұйқы күйін тұрақты түрде өшіріп тұрады. Желі қосылысы қолжетімді болса, Smart Connect құралы электрондық поштаның кіріс жəшіктері, əлеуметтік желі сайттары мен жаңалықтар беттері сияқты ашық тұрған қолданбаларды жаңартады жəне компьютерде ұйқы күйі қосылады.
Компьютер жауап бермесе жəне жұмысты аяқтаудың алдыңғы процедураларын пайдалану мүмкін болмаса, келесі төтенше жағдай процедураларын көрсетілген кезекпен орындап көріңіз: ● ctrl+alt+delete пернелерін басып, Питание (Қуат) белгішесін басыңыз, содан кейін Завершение работы (Өшіру) тармағын таңдаңыз. ● Қуат түймешігін кемінде 5 секунд басып тұрыңыз. ● Компьютерді сыртқы қуат көзінен ажыратыңыз. ● Пайдаланушы арқылы ауыстырылатын батареясы бар компьютерден батареяны шығарыңыз.
AMD қосарлы графикалық режимдерді пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) AMD қосарлы графикалық режим AMD тездетілген өңдеу блогын жəне дискретті AMD сызбалар картасын бірге пайдалануға мүмкіндік береді. AMD қосарлы графикалық режим қосылған кезде, графика өнімділігін жақсарту графикалық құрылғылардың біреуіне ғана қатысты қолданылады. Толық экранды DirectX 10 немесе 11 (DX10 жəне DX11) нұсқалы бағдарламаларға қатысты бұл жақсарту қолданылады.
7 Компьютерге техникалық қызмет көрсету Компьютерді оңтайлы күйде сақтау үшін, оған жүйелі түрде техникалық қызмет көрсету маңызды болып табылады. Бұл тарауда Disk Defragmenter (Диск дефрагментаторы) жəне Disk Cleanup (Дискіні тазалау) сияқты құралдарды пайдалану жəне қатты дискіні ауыстыру не жад қосу амалдарын орындау арқылы компьютер жұмысын жақсарту туралы ақпарат беріледі.
Дискіні дефрагментациялау құралын іске қосу: 1. Компьютерді айнымалы ток көзіне қосыңыз. 2. Бастау экранында диск деп теріңіз. 3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Қосымша ақпарат алу үшін, дискіні дефрагментациялау бағдарламалық құралының анықтамасын қараңыз. Дискіні тазалау құралын пайдалану Қатты дискідегі орынды босатып, компьютер жұмысының тиімділігін арттыру үшін, Disk Cleanup құралы қатты дискіден қауіпсіз жоюға болатын файлдарды іздеп табады. Дискіні тазалау құралын қосу: 1.
ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін Жад модульдерін қоспас немесе ауыстырмас бұрын компьютерді өшіруді ұмытпаңыз. Компьютер қосылып тұрғанда, ұйқы немесе күту режимінде болғанда, жад модулін ажыратпаңыз. Компьютердің өшірулі немесе күту күйінде екені белгісіз болса, қуат түймешігін басып компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз. 1. Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз. 2. Компьютерге жалғанған сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
ə. Жад модулінің шеттерінен ұстап (2), ұясынан ақырын сыртқа шығарыңыз. ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз. ЕСКЕРІМ: Шығарғаннан кейін жад модулін қорғау үшін, оны электростатикалық ток өтпейтін контейнерге салыңыз. 8. Жаңа жад модулін енгізу үшін ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз. а.
9. Қызмет көрсету үшін ашатын есікті орнына салу мақсатымен мына əрекеттерді орындаңыз: а. Қызмет көрсету үшін ашатын есіктегі ілгектерді компьютердегі кетіктермен туралап (1), есік орнына бекіткенше оны сырғытыңыз (2). ə. Қызмет көрсету үшін ашатын есікті орнында бекіту үшін, есік бұрандасын салып қатайтыңыз (3). 10. Батареяны орнына салыңыз.
11. Компьютерді жоғары қаратып, сыртқы қуатты жəне сыртқы құрылғыларды қайта қосыңыз. 12. Компьютерді қосыңыз. Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту НР компаниясы бағдарламалар мен драйверлерді жүйелі түрде соңғы нұсқалармен жаңартуды ұсынады. Жаңартулар мəселелерді шешіп, компьютерге жаңа мүмкіндіктер мен опциялар қосуы мүмкін. Технологиялар əрдайым жаңарып отырады, сондықтан, бағдарламалар мен дискілерді жаңарту компьютерге ең соңғы технологиялармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Дисплейді тазалау (көп қызметті компьютерлерде немесе ноутбуктерде) Дисплейді жұмсақ, талшықтары жоқ, спиртсіз əйнек тазалау құралына малынған шүберекпен жайлап сүртіңіз. Дисплейді жаппай тұрып, оны құрғатып алу керек. Компьютердің жақтары немесе қақпағын тазалау Құрылғының жақтары немесе қақпағын тазалау үшін, бұрын аталған тазалау сұйықтықтардың біреуіне суланған жұмсақ микроталшық матаны, күдеріні немесе бір рет қолданылатын антисептикалық майлықты пайдаланыңыз.
● Ұшу кезінде компьютерді қолдануды жоспарласаңыз, компьютерді пайдаланатын уақытты ұшу алдындағы хабарландыру кезінде тыңдаңыз. Əуе сапары кезінде компьютер қолдануға рұқсат беру əуе компаниясының құзырында. ● Егер компьютерді немесе дискіні тасымалдайтын болсаңыз, тиісті қорғаныш орамы мен «FRAGILE» (Тез сынғыш) деген ескертпесі бар жапсырманы қолданыңыз. ● Компьютерде сымсыз байланыс құрылғысы орнатылса, бұл құрылғыларды пайдалануға кейбір орталарда тыйым салынуы мүмкін.
8 Компьютер мен ақпаратты қорғау Компьютер қауіпсіздігі ақпараттың құпиялылығы, сенімділігі мен қолжетімділігін қорғау үшін өте маңызды. Windows амалдық жүйесі, HP бағдарламалары, Windows емес Setup Utility (BIOS) құралы жəне басқа үшінші тарап бағдарламалық құралдары қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік шешімдері компьютерді вирустар, «құрттар» сияқты түрлі қауіп-қатерлерден жəне зиян келтіретін код түрлерінен қорғауға көмектесе алады.
Экранды қорғағыш құпия сөздері сияқты Windows құпия сөздері туралы қосымша ақпаратты алу үшін, бастау экранында hp support assistant (hp қолдау көмекшісі) деп теріп, HP Support Assistant (НР қолдау көмекшісі) бағдарламасын таңдаңыз. Windows жүйесінде құпиясөздерді орнату Құпиясөз Қызмет Пайдаланушы құпиясөзі Windows пайдаланушы есептік жазбасына кіруді қорғайды. Əкімші құпиясөзі Компьютер мазмұнына əкімші деңгейінде кіруді қорғайды.
Əкімші құпиясөзін немесе қосылғанда сұралатын құпиясөзді Setup Utility (BIOS) ішінде орнату, өзгерту немесе жою: 1. Setup Utility (BIOS) утилитасын іске қосу үшін, компьютерді қосып немесе қайта қосып, esc пернесін жылдам басыңыз да, f10 пернесін басыңыз. 2. Безопасность (Қауіпсіздік) пəрменін таңдау үшін көрсеткі пернелерді басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді.
4. Тіркелуді аяқтау үшін, саусағыңызбен 3 рет жүргізіп өтіңіз. Саусақ сəтті тіркелгеннен кейін оның белгішесі жасыл түсті шеңбермен көрсетіледі. 5. Windows құпия сөзін орнату үшін, Настроить вход в Windows (Windows жүйесіне кіру параметрлерін орнату) параметрін таңдаңыз. Windows жүйесіне кіру үшін тіркелген саусақ ізін пайдалану Windows жүйесіне саусақ ізіңіз арқылы кіру үшін 1. Саусақ ізіңізді тіркегеннен кейін Windows жүйесін қайта бастаңыз. 2.
Екі түрлі желіаралық қалқанның ішінен таңдауға болады: ● Хостқа негізделген желіаралық қалқан — тек орнатылған компьютерді қорғайтын бағдарламалық құрал. ● Желіге негізделген желіаралық қалқандар — DSL немесе кабельдік модемнің жəне үй желісінің арасына орнатылып, желідегі барлық компьютерлерді қорғайды. Желіаралық қалқан орнатылғаннан соң жүйеге жəне жүйеден жіберілген барлық деректер тексеріліп пайдаланушы анықтаған қауіпсіздік белгілері бойынша салыстырылады.
Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару жəне қалпына келтіру 77-бетте бөлімінен қараңыз. Қосымша қауіпсіз кабель құлпын пайдалану Бөлек сатылатын қауіпсіздік кабель құлпы қорғау құралы ретінде əрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютердің қате қолданылуынан немесе ұрлануынан қорғамайды. Қауіпсіздік кабель құлпы ұрланудан қорғауға көмектесетін күрделі қауіпсіздік шешімінің бір бөлігі ретінде қолданылуы мүмкін бірнеше əдістердің біреуі ғана болып табылады.
9 Setup Utility (BIOS) жəне HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану Setup Utility немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс жəне шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір жəне принтер) арасындағы байланысты басқарады. Setup Utility (BIOS) ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің жүктелу реті жəне жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған.
BIOS жаңартуын жүктеп алу ЕСКЕРТУ: Компьютерге зақым келтірмеу немесе сəтсіз орнатуды болдырмау үшін BIOS жаңарту файлын компьютер айнымалы ток адаптері арқылы сенімді сыртқы қуат көзіне қосылған кезде ғана жүктеп алыңыз жəне орнатыңыз. Компьютер батарея қуатымен жұмыс істеп тұрғанда, қосымша жалғау құрылғысына жалғанғанда немесе қосымша қуат көзіне қосулы болғанда, BIOS жаңартуын жүктеп алмаңыз немесе орнатпаңыз.
HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану HP PC Hardware Diagnostics – бірыңғай кеңейтілетін ішкі бағдарламалық құрал интерфейсі (UEFI). Бұл құрал компьютердің аппараттық құралдарының дұрыс жұмыс істейтінін анықтау үшін диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді. Құрал амалдық жүйенің сыртында жұмыс істейді жəне амалдық жүйенің өзі немесе басқа бағдарламалық құралдар бөліктері туындауы мүмкін аппараттық құралдың ақаулықтарын бөлектейді. HP PC Hardware Diagnostics UEFI пайдалану үшін 1.
10 Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару жəне қалпына келтіру Бұл тарауда келесі үрдістер туралы ақпарат беріледі: ● Қалпына келтіру дискісін жəне сақтық көшірмелерді жасау ● Жүйеңізді бастапқы қалпына келтіру жəне қалыпқа келтіру Қалпына келтіру дискісін жəне сақтық көшірмелерді жасау 1. Компьютерді сəтті орнатқаннан кейін HP қалпына келтіру дискісін жасаңыз. Бұл үрдіс барысында компьютердегі HP Recovery (НР қалпына келтіру) бөлімінің сақтық көшірмесі жасалады.
параметрлерін бейімдеуге немесе қатты дискіні ауыстырғанда зауыттық кескінді қалпына келтіруге қолдануға болады. ● НР Қалпына келтіру дискілерінің тек қана бір жинағын жасауға болады. Бұл қалпына келтіру құралдарын қолданғанда сақ болып, оларды қауіпсіз жерде сақтаңыз. ● HP Recovery Manager (НР Қалпына келтіру көмекшісі) бағдарламалық құралы компьютерді тексеріп, бос USB флэш-дискісінің сақтау көлемін немесе қажет етілетін бос DVD дискілерінің санын анықтайды.
Алдыңғы күйге қайтару жəне қалпына келтіру Жүйені қалпына келтірудің бірнеше опциясы бар. Жағдайыңызға ең сəйкес келетін əдіс пен шеберлік деңгейін таңдаңыз: ● Windows жүйесі сақтық көшірмеден қалпына келтіру, компьютерді қалпына келтіру жəне компьютерді оның бастапқы қалпына келтіру үшін бірнеше опцияны ұсынады. Қосымша ақпаратты жəне нұсқауларды алу үшін Анықтама жəне қолдау бағдарламасын қараңыз.
HP Recovery медиа құралының көмегімен төмендегі қалпына келтіру опцияларының бірін таңдауға болады: ● System Recovery (Жүйені қалпына келтіру): түпнұсқалық амалдық жүйені қайта орнатады, одан кейін зауытта орнатылған бағдарламалар үшін параметрлерді реттейді. ● Ықшамдалған кескіннен қалпына келтіру (тек таңдаулы үлгілерде) — Амалдық жүйені жəне барлық аппараттық құралдармен байланысты драйверлер мен бағдарламалық құралдарды қайта орнатады, бірақ басқа бағдарламалық құрал қолданбаларын орнатпайды.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Планшет пайдалану кезінде, келесі əрекеттерді орындамас бұрын пернетақта қондырмасына тіркеңіз (таңдаулы үлгілерде ғана). 1. Компьютер басталған кезде f11 пернесін басыңыз. – немесе – Қуат түймешігін басқан кезде f11 пернесін басып ұстап тұрыңыз. 2. Пернетақта жаймасын таңдаңыз. 3. Жүктеу опцияларының мəзірінен Устранение неполадок (Ақаулықтарды жою) тармағын таңдаңыз. 4. Менеджер восстановления (Қалпына келтіру басқарушысы) тармағын таңдаңыз жəне экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
HP Recovery бөлімін жою HP Recovery Manager бағдарламалық құралы қатты дискідегі орынды босату үшін HP Recovery бөлімін жоюға мүмкіндік береді. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: HP Recovery бөлімі жойылғаннан кейін, Windows жүйесінің жаңарту опциясын немесе HP Recovery Manager құралын пайдалануға болмайды. Бұл Windows мүмкіндігі бəрін жойып, Windows жүйесін қайта орнату үшін қолданылады. Қалпына келтіру бөлімін жоймас бұрын, HP Recovery медиа құралын жасаңыз; НР жүйені қалпына келтіру құралын жасау 77-бетте бөлімін қараңыз.
11 Техникалық сипаттамасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек. Компьютер бөлек тұрақты ток көзінен жұмыс жасаса да, ол тек НР компаниясы берген жəне осы компьютерге қолдану үшін ұсынған айнымалы ток адаптері немесе тұрақты ток көзіне қосылуы керек.
Жұмыс ортасы Фактор Метрикалық өлшемдер жүйесі АҚШ-та пайдаланылатын өлшемдер жүйесі Пайдалануға болатын 5 - 35°C 41 - 95°F Жұмыссыз режимде -20 мен 60°C арасында -4 пен 140°F арасында Температура Салыстырмалы ылғалдылық (конденсанцияланбайтын) Пайдалануға болатын 10 - 90% 10 - 90% Жұмыссыз режимде 5 - 95% 5 - 95% Пайдалануға болатын -15 м мен 3048 м арасында -50 фут пен 10000 фут арасында Жұмыссыз режимде -15 м мен 12 192 м арасында -50 мен 40000 фут арасында Ең жоғары биіктік (қысымс
12 Электростатикалық разряд Электростатикалық ток соғу — екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының соғуы, мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу. Саусақтар немесе басқа электростатикалық разряд өткізгіштерінен шығатын статикалық электр қуатының разряды электрондық бөліктерге зақым келтіруі мүмкін.
Индекс А ажыратымдылығы жоғары құрылғылар, жалғау 34, 36 Айнымалы ток адаптері 7 айнымалы ток адаптері, тексеру 56 айнымалы ток адаптерін тексеру 56 астыңғы жағы 19 аудио шығыс (құлақаспап)/аудио кіріс (микрофон) ұясы 8, 29, 31 Ə əрекеттер пернелері алдыңғы жолшық немесе бөлім 48 Анықтама жəне қолдау 48 анықтау 15, 16 дыбыс деңгейін арттыру 48 дыбысты өшіру 48 келесі жолшық немесе бөлім 48 ойнату, кідірту, жалғастыру 48 сымсыз байланыс 48 төменгі дыбыс деңгейі 48 экран жарықтығын арттыру 48 экран жарықтығын
бағдарламалық құрал, пайдалану 71 К компьютер, сапарға шығу 55 компьютерді қорғау 65 компьютерді өшіру 57 компьютерді сапарға алып шығу 19, 55, 66 компьютерді тазалау 65 компьютерді тасымалдау 66 коннектор, қуат 7 корпоративтік WLAN қосылымы 25 Күту қосу 51 өте төмен батарея деңгейі кезінде қосылады 54 шығу 51 Күту режимі қосу 51 шығу 51 күтім Дискіні дефрагментациялау құралы 60 Дискіні тазалау 61 кірістірілген сандық пернетақта, анықтау 16 кірістірілген сандық пернетақта , анықтау 49 кішірейтілген бейнені
сенсорлы тақта түймешіктер 11 сенсорлы тақта аймағы, анықтау 11 сенсорлы тақта қимылдары айналдыру 40 жылжу 38 масштабтау 39 шымшу 39 сенсорлы тақтаның айналдыру қимылы 40 сенсорлы тақтаның жылжу қимылы 38 сенсорлы тақтаның масштабтау қимылы 39 сенсорлы тақтаның шымшу қимылы 39 Сенсорлы экран пайдалану 43 сенсорлы экранда қысу қимылы 44 Сенсорлы экран қимылдары 45 саусақты жиектен жылжыту қимылдары 45, 46 түрту 43 шымшу 44 сенсорлы экран қимылдары 46 айналдыру 45 бір саусақты сырғыту 43 жылжу 44 сенсорлы эк
HP Recovery Manager жүктеу мəселелерін шешу 81 қосу 80 HP Recovery бөлімі жою 82 HP жүйені қалпына келтіру құралы қалпына келтіру 81 HP компаниясының жəне үшінші тарап бағдарламалық құралдарының жаңартулары, орнату 72 I iшкі дисплей қосқышы, анықтау 10 L LAN, жалғау 27 M Miracast стандартымен үйлесімді сымсыз дисплей 36 N num lk пернесі, анықтау 16 num lock пернесі, анықтау 49 R RJ-45 (желі) күй шамдары, анықтау 7 RJ-45 (желі) ұясы, анықтау 7 S Setup Utility (BIOS) құпия сөздері 69 U USB 2.