User Guide - Windows 7

Компьютердегі WLAN құрылғысы бағдарламалық құралының соңғы нұсқасын алу үшін, келесі
қадамдарды орындаңыз:
1. Веб-шолғышты ашыңыз да,
http://www.hp.com/support мекенжайына өтіңіз.
2. Еліңізді/аймағыңызды таңдаңыз.
3. Бағдарламалық құралды жəне драйверді жүктеп алу параметрін таңдап, іздеу жолағына
компьютер үлгісінің нөмірін теріңіз.
4. enter пернесін басыңыз жəне экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер қолданыстағы WLAN құрылғысы бөлек сатып алынған болса, соңғы
бағдарламалық құралды алу үшін өндіруші веб-торабын қараңыз.
Дыбыс мəселелері
Компьютердің дыбыс функцияларын тексеру үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Оборудование и звук (Жабдық
жəне дыбыс) > Звук (Дыбыс) тармағын таңдаңыз.
2. Звук (Дыбыс) терезесі ашылғанда, Звуки (Дыбыстар) қойындысын басыңыз. Program
Events (Бағдарламалық оқиғалар) ішінде сигнал немесе дабыл сияқты кез келген дыбыс
оқиғасын таңдап, Test (Сынау) түймешігін
басыңыз.
Дыбысты үндеткіштер немесе қосылған құлақаспаптар арқылы естуіңіз қажет.
Компьютердің жазу функцияларын тексеру үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Принадлежности (Қосалқы
құралдар) > Устройство звукозаписи (Дыбыс жазу құрылғысы) тармағын таңдаңыз.
2. Начать запись (Жазуды бастау) түймешігін басып, микрофонмен сөйлеңіз. Файлды жұмыс
үстеліне сақтаңыз.
3. Мультимедиалық бағдарламаны
ашыңыз жəне дыбысты ойнатыңыз.
Компьютерде дыбыс параметрлерін өзгерту немесе растау үшін, Пуск (Бастау) > Панель
управления (Басқару тақтасы) > Оборудование и звук (Жабдық жəне дыбыс) > Звук (Дыбыс)
тармағын таңдаңыз.
Қуатты басқару мəселелері
Қуатты басқару мəселелерінің кейбір мүмкін себептері төмендегілерді қамтиды:
батареяның төмен деңгейлері;
айнымалы ток адаптерінің ақаулықтары.
Төмен батарея деңгейі мəселесін шешу
Сыртқы қуат қолданылғанда төмен батарея деңгейін шешу
Айнымалы ток адаптерін қосыңыз.
Қосымша қондыру немесе кеңейту құрылғысын жалғаңыз.
НР компаниясынан қосалқы құрал ретінде сатып алынатын қосымша қуат адаптерін
қосыңыз.
80 Бап 13 Ақаулықтарды жою жəне қолдау көрсету