User Guide - Windows 7

3. Желіні тізімнен таңдап, оны тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Свойства (Сипаттар)
параметрін таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер керекті желі тізімде болмаса, жол жоспарлағыш немесе кіру нүктесі
жұмыс жасап тұрғандығын тексеру үшін желі əкімшісіне хабарласыңыз.
4. Безопасность (Қауіпсіздік) қойындысын ашып, Ключ безопасности сети (Желілік
қауіпсіздік кілті) жолағына сымсыз байланыстың дұрыс шифрлау мəліметтерін енгізіңіз.
5. Осы параметрлерді сақтау үшін, OK түймешігін басыңыз.
WLAN байланысы өте нашар
Байланыс өте жай болса немесе компьютер WLAN желісіне қосыла алмаса, басқа
құрылғылардан кедергілерді төмендегідей азайтыңыз:
Компьютерді жол жоспарлағышқа немесе кіру нүктесіне жақын орналастырыңыз.
Қысқа толқынды пеш, сымсыз телефон немесе ұялы телефон сияқты құрылғыларды,
басқа сымсыз құрылғылардың кедергі келтірмейтініне сенімді болу үшін, ажыратыңыз.
Егер байланыс жақсармаса, құрылғыны барлық байланыс мəндерін қайта орнатуға
мəжбүрлеп
көріңіз:
1. Пуск (Бастау) > Панель Управления (Басқару тақтасы) > Сеть и Интернет (Желі жəне
Интернет) > Центр управления сетями и общим доступом (Желі жəне ортақ
пайдалануды басқару орталығы) тармақтарын таңдаңыз.
2. Сол жақ тақтада Управление беспроводными сетями (Сымсыз желілерді басқару)
түймешігін басыңыз.
Қол жетімді WLAN желілерін көрсететін тізім беріледі. Егер бірнеше WLAN желісі
белсенді
жылдам қосылу орнында болсаңыз, бірнеше желі көрсетіледі.
3. Желіні таңдаңыз да, содан кейін Удалить (Жою) түймешігін басыңыз.
Сымсыз жол жоспарлағышына қосылу мүмкін емес
Егер сымсыз жол жоспарлағышқа қосылу əрекеті сəтсіз болса, жол жоспарлағыштан қуатты
10-15 секундқа ажыратып, сымсыз жол жоспарлағышты қайта қосыңыз.
Компьютер əлі де WLAN желісіне қосылмаса, сымсыз жол жоспарлағышын қайта іске қосыңыз.
Толық мəліметтер алу үшін, жол жоспарлағыш өндірушісінің нұсқауларын қараңыз.
Желі күйінің белгішесі көрсетілмейді
Бағдарламалық құралдың драйвері жоқ немесе зақымдалған жағдайда, WLAN жүйесінің
параметрлері реттелгеннен кейін желі күйінің белгішесі көрсетілмейді. Windows жүйесінің
«Device not Found» (Құрылғы табылмады) деген қате туралы хабары көрсетілуі де мүмкін.
Драйверді қайта орнату қажет.
http://www.hp.com мекенжайы бойынша HP веб-торабынан компьютер үшін WLAN құрылғысы
бағдарламалық құралының жəне драйверлерінің ең соңғы нұсқасын алыңыз. Егер
қолданыстағы WLAN құрылғысы бөлек сатып алынған болса, соңғы бағдарламалық құралды
алу үшін өндіруші веб-торабын қараңыз.
Ақаулықтарды жою 79