User Guide - Windows 7

13 Ақаулықтарды жою жəне қолдау
көрсету
Ақаулықтарды жою
Қолдау қызметіне хабарласу
Ақаулықтарды жою
Сымсыз байланыс мəселелері
Сымсыз байланыс мəселелерінің кейбір мүмкін себептері төмендегілерді қамтиды:
Сымсыз құрылғы қосылмаған.
Сымсыз құрылғы дұрыс орнатылмаған немесе өшірілген.
Сымсыз құрылғының басқа құрылғылармен кедергілері пайда болды.
Сымсыз құрылғы немесе жол жоспарлағыш аппараттық құралы жұмыс істемейді.
ЕСКЕРІМ: Сымсыз желілік құрылғылар тек таңдаулы компьютер үлгілеріне қосылған. Егер
сымсыз желі мүмкіндігі компьютердің əдепкі орамының шетіндегі мүмкіндіктер тізімінде
болмаса, сымсыз желі құрылғысын сатып алып, компьютерге сымсыз желі мүмкіндігін қосуға
болады.
WLAN желісіне қосылу мүмкін емес
WLAN желісіне қосылу ақаулығы туындаса, кірістірілген WLAN құрылғысының компьютерде
дұрыс орнатылғанын тексеріңіз.
1. Егер сымсыз байланыс шамы өшірілген немесе сары түсті болса, сымсыз байланыс
түймешігін, қосқышын немесе пернесін басу арқылы сымсыз құрылғыны қосыңыз.
2. Содан соң, WLAN желісіне қайтадан қосылыңыз.
Қосылу əлі де мүмкін болмаса, келесі қадамдарды орындаңыз.
1. Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы
) > Система и безопасность
(Жүйе жəне қауіпсіздік) тармақтарын таңдаңыз.
2. Жүйе аймағындағы Менеджер устройств (Құрылғы реттеушісі) түймешігін басыңыз.
3. Тізімді кеңейту үшін жəне барлық адаптерлерді көрсету үшін, Сетевые адаптеры (Желі
адаптерлері) параметрінің жанындағы көрсеткіні басыңыз.
4. Желілік адаптерлер тізімінен WLAN құрылғысын табыңыз. WLAN құрылғысы үшін тізім
сымсыз, сымсыз LAN, WLAN, немесе 802.11 терминдерін қамтуы мүмкін.
Тізімде ешқандай WLAN құрылғысы болмаса, компьютердің кірістірілген WLAN құрылғысы
болмауы немесе WLAN құрылғысының драйвері дұрыс орнатылмаған болуы мүмкін.
WLAN жүйелері ақаулықтарын жою туралы қосымша ақпарат алу үшін, Анықтама жəне қолдау
орталығы ішіндегі веб-торап сілтемелерін қараңыз.
Ақаулықтарды жою 77