User Guide - Windows 7

3. Жүйе іске қосылып жатқанда f9 пернесін басыңыз.
4. Оптикалық дискіні немесе флэш-жадын таңдаңыз.
5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Компьютердің жүктелу тəртібін өзгерту
Қалпына келтіру дискілерінің жүктелу тəртібін өзгерту үшін төмендегі əрекеттерді орындаңыз:
1. Компьютерді қайта іске қосыңыз.
2. Компьютер қайта іске қосылып жатқанда esc пернесін басып, жүктелу параметрлерін ашу
үшін f9 пернесін басыңыз.
3. Жүктелу параметрлері терезесінен Internal CD/DVD ROM Drive (Ішкі CD/DVD диск жетегі)
тармағын таңдаңыз.
Қалпына келтіру флэш-жадының жүктелу тəртібін өзгерту үшін, мына əрекеттерді орындаңыз:
1. Флэш-жадты USB портына жалғаңыз.
2. Компьютерді қайта іске қосыңыз.
3. Компьютер қайта іске қосылып жатқанда esc пернесін басып, жүктелу параметрлерін ашу
үшін f9 пернесін басыңыз.
4. Жүктелу параметрлері терезесінен флэш-жадты таңдаңыз
.
74 Бап 11 Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару жəне қалпына келтіру