User Guide - Windows 7
Компьютер дұрыс істеп тұрғанда алдыңғы жүйенің қалпына келтіру нүктесін қалпына келтіру
үшін:
1. Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Система и безопасность
(Жүйе жəне қауіпсіздік) > Система (Жүйе) тармақтарын таңдаңыз.
2. Сол жақ тақтада Защита системы (Жүйені қорғау) тармағын таңдаңыз.
3. Защита системы (Жүйені қорғау) қойындысын ашыңыз.
4. System Restore (Жүйені қалпына
келтіру) параметрін таңдап, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
Арнайы файлдары қалпына келтіру
Егер файлдар байқаусызда жойылған жəне оларды «Recycle Bin» (қоқыс кəрзеңкесі) ішінен
қалпына келтіру мүмкін болмаса немесе файлдар зақымданса, арнайы файлдарды қалпына
келтіру функциясын қолдануға болады. Арнайы файлдарды қалпына келтіру функциясы бұрын
бастапқы жүйені HP Recovery Manager көмегімен қалпына келтіру таңдалған болса пайдалы
болады. Бұрын сақтық көшірмесі жасалған тек арнайы файлдарды қалпына келтіре аласыз.
Windows сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру мүмкіндігінің көмегімен
арнайы файлдарды қалпына келтіру
Windows жүйесі Windows сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру мүмкіндігінің көмегімен
сақтық көшірмесі жасалған файлдарды қалпына келтіруге мүмкіндік береді:
1. Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Система и безопасность
(Жүйе жəне қауіпсіздік) > Резервное копирование и восстановление (Сақтық көшірме
жасау жəне қалпына келтіру) тармақтарын таңдаңыз.
2. Сақтық көшірмені қалпына келтіру үшін, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРІМ: Windows жүйесінде компьютердің қауіпсіздігін жақсартуға арналған пайдаланушы
жазбасын басқару мүмкіндігі бар. Бағдарламалық құралды орнату, утилиталарды іске қосу
немесе Windows параметрлерін өзгерту сияқты тапсырмаларды орындау үшін сізден рұқсат
немесе құпия сөз сұралуы мүмкін. Қосымша ақпаратты «Анықтама жəне қолдау» бөлімінен
қараңыз.
HP Recovery Manager көмегімен бастапқы жүйені қалпына келтіру
HP Recovery Manager бағдарламалық құралы компьютерді оның бастапқы зауыттық күйіне
келтіруге мүмкіндік береді.
Мынаны білгеніңіз жөн
●
HP Recovery Manager бағдарламалық құралы тек зауытта орнатылған бағдарламалық
құралдарды қалпына келтіреді. Осы компьютермен қамтамасыз етілмеген бағдарламалық
құралдарды өндірушінің веб-торабынан жүктеу немесе өндіруші қамтамасыз еткен
дискіден қайта орнату қажет.
● Жүйені қалпына келтіруді компьютер мəселелерін шешудің ең соңғы əрекеті ретінде
пайдаланған жөн. Егер қалпына келтіру нүктелерін (
Алдыңғы жүйені қалпына келтіру
нүктесіне қайтару 71-бетте бөлімін қараңыз) жəне жартылай қалпына келтіру (Арнайы
файлдары қалпына келтіру 72-бетте бөлімін қараңыз) мүмкіндіктерін қолданып көрмесеңіз,
жүйені қалпына келтіру үшін, HP Recovery Manager құралын пайдаланбас бұрын оларды
сынап көріңіз.
72 Бап 11 Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару жəне қалпына келтіру