User Guide - Windows 7
11 Сақтық көшірме жасау, алдыңғы
күйіне қайтару жəне қалпына келтіру
Компьютердің ішінде ақпаратты қорғауға жəне қажет болғанда шығарып алуға көмектесетін
амалдық жүйе жəне HP компаниясы ұсынған құралдар бар.
Сақтық көшірмелер жасау
1. Компьютер параметрлерін орнатқаннан кейін бірден HP Recovery Manager бағдарламалық
құралын пайдаланып қалпына келтіру дискілерін жасаңыз.
2. Аппараттық құрал жəне бағдарламалар қосқаннан кейін жүйені қалпына келтіру нүктелерін
жасаңыз.
3. Фотосуреттер, бейне, музыка жəне басқа да жеке файлдары қосқаннан кейін жүйеңіздің
жəне жеке ақпаратыңыздың сақтық көшірмесін жасаңыз.
Бастапқы жүйені қалпына келтіру үшін, қалпына келтіру дискісін
жасау
Компьютеріңізді орнатқаннан кейін, HP Recovery Manager бағдарламалық құралын пайдаланып
қалпына келтіру дискілерін немесе қалпына келтіру флэш-жадын жасау керек. Қалпына келтіру
дискілері немесе қалпына келтіру флэш-жады қатты диск зақымданған жағдайда жүйені
қалпына келтіру үшін қажет болады. Жүйені қалпына келтіру амалы бастапқы амалдық жүйені
қайта орнатып, əдепкі бағдарламалардың параметрлерін реттейді.
Мынаны білгеніңіз жөн
● Қалпына келтіру дискілерінің тек қана бір жинағын жасауға болады. Бұл қалпына келтіру
құралдарын қолданғанда сақ болып, оларды қауіпсіз жерде сақтаңыз.
●
HP Recovery Manager (Қалпына келтіру диспетчері) компьютерді тексеріп, флэш жад үшін
керекті сақтау көлемін немесе бос DVD дискілерінің санын анықтайды.
DVD-R, DVD+R, DVD-R DL, DVD+R DL дискілерін немесе флэш-жадын пайдаланыңыз. CD
±RW, DVD±RW сияқты қайта жазуға болатын дискілерді, қос қабатты DVD±RW дискілерін
жəне
BD-RE (қайта жазуға арналған Blu-ray) дискілерін пайдаланбаңыз. Олар HP Recovery
Manager бағдарламалық құралымен үйлеспейді.
●
Қосымша оптикалық дискіні (бөлек сатылады) қалпына келтіру дискілерін жасау үшін
пайдалануға немесе компьютерге арналған қалпына келтіру дискілерін НР веб-
торабындағы қолдау қызметінен алуға болады.
http://www.hp.com/support мекенжайына
өтіп, ел немесе аймақты таңдаңыз жəне экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Егер сыртқы
оптикалық диск жетегі пайдаланылса, ол USB концентраторы сияқты сыртқы құрылғыдағы
USB портына емес, компьютердегі USB портына жалғануы тиіс.
●
Қалпына келтіру дискілерін жасамай тұрып, компьютердің айнымалы ток көзіне
жалғанғанын тексеріңіз.
●
Дискілерді жасау процесі бір сағат немесе одан да көп уақытты алуы мүмкін.
Дискілерді
жасау процесін тоқтатпаңыз.
68 Бап 11 Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару жəне қалпына келтіру