User Guide - Windows 7
System Diagnostics пайдалану
System Diagnostics (Жүйе диагностикасы) компьютер жабдықтарының дұрыс істеп-істемейтінін
тексеру мақсатында диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді.
System Diagnostics құралын бастау:
1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта бастаңыз. Экранның төменгі сол бұрышында «Press
the ESC key for Startup Menu» (Қосылу мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары
көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. Іске қосу мəзірі көрсетілген кезде, f2 пернесін
басыңыз.
2. Орындалатын диагностикалық сынақты таңдаңыз жəне
экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер орындалып тұрған диагностикалық сынақты тоқтату қажет болса, esc пернесін
басыңыз.
HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану (тек
таңдаулы үлгілерде)
HP PC Hardware Diagnostics – бірыңғай кеңейтілетін ішкі бағдарламалық құрал интерфейсі
(UEFI). Бұл құрал компьютердің аппараттық құралдарының дұрыс жұмыс істейтінін анықтау
үшін диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді. Құрал амалдық жүйенің сыртында
жұмыс істейді жəне амалдық жүйенің өзі немесе басқа бағдарламалық құралдар бөліктері
туындауы мүмкін аппараттық құралдың ақаулықтарын бөлектейді.
HP PC Hardware Diagnostics UEFI пайдалану үшін
1. Компьютерді қосып немесе қайта қосып, esc пернесін
жылдам басыңыз да, f2 пернесін
басыңыз.
f2 пернесі басылғаннан кейін, BIOS бағдарламасы HP PC Hardware Diagnostics (UEFI)
құралдарын үш орында төмендегі тəртіпте іздейді:
а. Қосылған USB диск жетегі
ЕСКЕРІМ: HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB диск жетегіне жүктеу
туралы ақпаратты
HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB құрылғысына
жүктеу 67-бетте бөлімінен қараңыз.
ə. Қатты диск
б. BIOS
2. Орындалатын диагностикалық сынақтың түрін таңдаңыз жəне экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер орындалып тұрған диагностикалық сынақты тоқтату қажет болса, esc
пернесін басыңыз.
66 Бап 10 Computer Setup (BIOS) жəне HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану