User Guide - Windows 7

Интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ететін
бағдарламалық құралын пайдалану
Компьютерді электрондық пошта жіберу, желіге немесе Интернетке қосылу үшін пайдаланған
кезде компьютерлік вирустар, тыншық бағдарламалар жəне басқа да онлайн қауіп-қатерлер
компьютеріңізге түсуі мүмкін. Компьютеріңізді қорғау үшін вирусқа қарсы мүмкіндігі жəне
желіаралық қалқаны бар Интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бағдарламалық құралының
сынақ нұсқасы компьютерде алдын ала орнатылған болуы мүмкін. Жаңа пайда болған
вирустардан жəне
басқа қауіпсіздік қатерлерінен уақытымен қорғауды қамтамасыз ету үшін
вирусқа қарсы бағдарлама жаңартылып отыруы керек. Компьютерді толығымен қорғау үшін
қауіпсіздік бағдарламалық құралының сынақ нұсқасын толық нұсқаға дейін жаңарту немесе
таңдауыңыз бойынша бағдарламалық құралды сатып алу ұсынылады.
Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды пайдалану
Компьютер вирустары утилиталарды, бағдарламаларды немесе амалдық жүйені өшіріп,
олардың қалыпсыз жұмыс істеуіне əкелуі мүмкін. Вирусқа қарсы бағдарламалық құрал
вирустардың көбін тауып жоя алады, сондай-ақ, көбінесе олардың келтірген зиян салдарын
шешеді.
Компьютер вирустары туралы толық ақпарат алу үшін, «Справка и поддержка» (Анықтама жəне
қолдау) орталығының «Поиск» (Іздеу) жолағына вирустар сөзін теріңіз.
Қалқан бағдарламалық құралын пайдалану
Желіаралық қалқан жүйені немесе желіні рұқсатсыз пайдаланудан қорғау үшін жасалған.
Желіаралық қалқан компьютерге жəне/немесе желіге орнатылатын бағдарламалық құрал
немесе аппараттық жəне бағдарламалық құралдың екеуін де қорғайтын шешім болуы мүмкін.
Екі түрлі желіаралық қалқанның ішінен таңдауға болады:
Хостқа негізделген желіаралық қалқантек орнатылған компьютерді қорғайтын
бағдарламалық құрал.
Желіге негізделген желіаралық қалқандар
— DSL немесе кабельдік модемнің жəне үй
желісінің арасына орнатылып, желідегі барлық компьютерлерді қорғайды.
Желіаралық қалқан орнатылғаннан соң жүйеге жəне жүйеден жіберілген барлық деректер
тексеріліп пайдаланушы анықтаған қауіпсіздік белгілері бойынша салыстырылады. Осы
белгілерге сəйкес келмейтін кез келген деректер құрсауланады.
Бағдарламалық құрал жаңартуларын орнату
Қауіпсіздік мəселелерін шешу жəне бағдарламалық құрал жұмысын жақсарту үшін,
компьютерге орнатылған HP компаниясының, Microsoft Windows амалдық жүйесінің жəне
үшінші тарап бағдарламалық құралдарын үнемі жаңартып жүріңіз. Қосымша ақпаратты
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту 55-бетте бөлімінен қараңыз.
Интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бағдарламалық құралын пайдалану 61