User Guide - Windows 7

Құпия сөздерді пайдалану
Құпия сөзкомпьютер ақпаратын қорғау жəне қауіпсіз түрде онлайн əрекеттер орындау үшін
таңдалатын таңбалардың тобы. Бірнеше құпия сөз түрін орнатуға болады. Мысалы,
компьютерді бірінші рет орнатқанда, оны қорғауға пайдаланушы құпия сөзін орнату сұралады.
Құпия сөздер Windows жүйесінің немесе компьютерде алдын ала орнатылған НР Setup Utility
(BIOS) утилитасында орнатылады.
Setup Utility (BIOS) мүмкіндігінде де, Windows қауіпсіздік мүмкіндігінде де бір
құпия сөзді
пайдалануға болады.
Құпия сөздерді жасау жəне сақтау үшін төмендегі кеңестерді пайдаланыңыз:
Компьютерге кіруді құлыптау қатерін азайту үшін əр құпия сөзді жазып алып,
компьютерден басқа қауіпсіз жерде сақтаңыз. Құпия сөздерді компьютердегі файлда
сақтамаңыз.
Құпия сөздерді жасаған кезде, бағдарлама арқылы орнатылған талаптарды орындаңыз.
Құпия сөздерді кем дегенде үш ай сайын
өзгерткен жөн.
Күшті құпия сөз ұзын болады əрі оған əріптер, тыныс белгілері, таңбалар жəне сандар
кіреді.
Компьютерді қызмет көрсету орталығына жібермес бұрын, құпиялы файлдарды жəне
құпия сөз параметрлерін жойыңыз.
Экранды қорғағыш сияқты Windows құпия сөздері туралы қосымша ақпарат алу үшін, Пуск
(Бастау) > Анықтама жəне қолдаутармағын таңдаңыз.
Windows жүйесінде құпия сөздерді орнату
Құпия сөз Қызмет
Пайдаланушы құпия сөзі Windows пайдаланушы есептік жазбасына кіруді
қорғайды. Сондай-ақ, компьютерді ұйқы немесе күту
күйінен шыққанда пайдаланушы құпия сөзі сұралатындай
етіп орнатуға болады. Қосымша ақпаратты
Оянған кезде
сұралатын құпия сөзбен қорғау 40-бетте бөлімінен
қараңыз.
Əкімші құпия сөзі Компьютер мазмұнына əкімші деңгейінде кіруді қорғайды.
ЕСКЕРІМ: Осы құпия сөз арқылы Setup Utility (BIOS)
мазмұнына кіру мүмкін емес.
Құпия сөздерді пайдалану 59