User Guide - Windows 7

9 Компьютер мен ақпаратты қорғау
Компьютер қауіпсіздігі ақпараттың құпиялылығы, сенімділігі мен қолжетімділігін қорғау үшін өте
маңызды. Windows амалдық жүйесі, HP бағдарламалары, Windows емес Setup Utility (BIOS)
құралы жəне басқа үшінші тарап бағдарламалық құралдары қамтамасыз ететін стандартты
қауіпсіздік шешімдері компьютерді вирустар, «құрттар» сияқты түрлі қауіп-қатерлерден жəне
зиян келтіретін код түрлерінен қорғауға көмектесе алады.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Осы бөлімдегі тізімде көрсетілген кейбір қауіпсіздік мүмкіндіктері
компьютеріңізде болмауы мүмкін.
Компьютер қаупі Қауіпсіздік мүмкіндігі
Компьютерді рұқсатсыз қолдану Қосылғанда сұралатын құпия сөз
Компьютерлік вирустар Вирусқа қарсы бағдарламалық құрал
Деректерге рұқсатсыз кіру Қалқан бағдарламалық құралы
Setup Utility (BIOS) параметрлеріне жəне жүйені
анықтаудың басқа ақпаратына рұқсатсыз кіру
Əкімші құпия сөзі
Компьютерге төнетін бар немесе келешек қауіптер Бағдарламалық құрал жаңартулары
Windows пайдаланушы жазбасын рұқсатсыз пайдалану Пайдаланушы құпия сөзі
Компьютердің орнын рұқсатсыз ауыстыру Қауіпсіздік кабелінің ұясы
Қауіпсіздік бағдарламалық құралын табу
HP Security Assistant (НР қауіпсіздік реттеушісі) қауіпсіздік бағдарламалық құралдарының
жинағына жылдам кіруге арналған орталық орнын қамтамасыз етеді, бұл қолданбалар
тапсырмаға сəйкес ұйымдастырылады. «Пуск» (Бастау) мəзірінің «Панель управления»
(Басқару тақтасы) пəрмені арқылы əр қолданбаны іздеудің орнына HP Security Assistant (НР
қауіпсіздік реттеушісі) бағдарламасы төмендегідей қауіпсіздік тапсырмаларын орындау үшін
қолданбаларды пайдалануға мүмкіндік береді:
Интернет жəне вирусқа қарсы қауіпсіздігінің параметрлерін
орнату.
Файлдардың сақтық көшірмелерін жасау жəне қалпына келтіру.
Құпия сөздер, пайдаланушы есептік жазбалары мен ата-аналық бақылау элементтерін
басқару.
Компьютерге күтім көрсету жəне НР мен Windows жаңартуларының ең соңғы нұсқаларын
орнату.
HP Security Assistant (НР қауіпсіздік реттеушісі) бағдарламасын ашу үшін, Пуск (Бастау) > Все
программы (Барлық бағдарламалар) > HP Security Assistant (НР қауіпсіздік реттеушісі)
тармағын таңдаңыз.
58 Бап
9 Компьютер мен ақпаратты қорғау