User Guide - Windows 7

Ұшу кезінде компьютерді қолдануды жоспарласаңыз, компьютерді пайдаланатын уақытты
ұшу алдындағы хабарландыру кезінде тыңдаңыз. Əуе сапары кезінде компьютер
қолдануға рұқсат беру əуе компаниясының құзырында.
Егер компьютерді немесе дискіні тасымалдайтын болсаңыз, тиісті қорғаныш орамы мен
«FRAGILE» (Тез сынғыш) деген ескертпесі бар жапсырманы қолданыңыз.
Компьютерде сымсыз байланыс құрылғысы орнатылса, бұл құрылғыларды пайдалануға
кейбір орталарда тыйым
салынуы мүмкін. Ұшақтарда, ауруханаларда, жарылғыш
заттардың жанында жəне қауіпті орталарда осындай шектеулер болуы мүмкін. Егер белгілі
бір құрылғыны қолдану бойынша саясатты нақты білмесеңіз, компьютерді іске қосудан
бұрын рұқсат сұраңыз.
Егер халықаралық сапарларға шығатын болсаңыз, мына ұсыныстарды орындаңыз:
Өзіңіз баратын əр елдің/аймақтың компьютерге қатысты кедендік ережелерін
тексеріңіз.
Компьютерді қолдануды жоспарлайтын əрбір
орындағы қуат сымы мен адаптері
бойынша қойылатын талаптарды тексеріңіз. Кернеу, жиілік жəне қосу параметрлері
əртүрлі болуы мүмкін.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток соғуы, өрт шығуы немесе жабдықтың зақымдануы сияқты
қауіпті азайту үшін, компьютерді жабдықтар үшін сатылатын кернеуді түрлендіру
жинағы арқылы қоспаңыз.
Компьютерді сапарға алып шығу немесе тасымалдау 57