User Guide - Windows 7

ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін
Жад модульдері қоспас немесе ауыстырмас бұрын компьютерді өшіруді ұмытпаңыз.
Компьютер қосылып тұрғанда, ұйқы немесе күту режимінде болғанда, жад модулін
ажыратпаңыз.
Компьютердің өшірулі немесе күту күйінде екені белгісіз болса, қуат түймешігін басып
компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
1. Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.
2. Компьютерге жалғанған сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
3. Қуат сымын айнымалы ток көзінен ажыратыңыз.
4. Компьютерді тегіс жерге төңкеріп қойыңыз.
5. Компьютерден батареяны шығарып алыңыз.
Пайдаланушы ауыстыратын батареяны
шығару 41-бетте бөлімін қараңыз.
6. Қызмет көрсету үшін ашатын есікті шешіңіз.
а. Батарея ұясын өзіңізге қаратып, қызмет көрсету үшін ашатын есікті (1) шешіңіз.
ə. Қызмет көрсету үшін ашатын есікті компьютердің алдыңғы жағына (2) қарай
сырғытып, (3) көтеріңіз де, қызмет көрсету үшін ашатын есікті алыңыз.
7. Жад модулін ауыстыратын болсаңыз, бар жад модулін ажыратыңыз:
а. Жад модулінің екі бүйіріндегі ұстап тұратын қысқыштарды тартып шешіңіз (1).
Жад модулінің бұрыштарын жоғары қаратыңыз.
52 Бап 8 Компьютерге техникалық қызмет көрсету