User Guide - Windows 7
Дискіні дефрагментациялау құралын іске қосу:
1. Компьютерді айнымалы ток көзіне қосыңыз.
2. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Принадлежности (Қосалқы
құралдар) > Служебные (Қызметтік бағдарламалар) > Дефрагментация диска (Диск
дефрагментаторы) тармағын таңдаңыз.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін, дискіні дефрагментациялау бағдарламалық құралының
анықтамасын қараңыз.
Дискіні тазалау құралын пайдалану
Қатты дискідегі орынды босатып, компьютер жұмысының тиімділігін арттыру үшін, Очистка
диска құралы қатты дискіден қауіпсіз жоюға болатын файлдарды іздеп табады.
Дискіні тазалау құралын қосу:
1. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Принадлежности (Қосалқы
құралдар) > Служебные (Қызметтік бағдарламалар) > Очистка диска (Диск тазалау)
тармағын таңдаңыз.
2. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Жад модулін қосу немесе ауыстыру
Жад қосу арқылы компьютер жұмысының тиімділігін арттыруға болады. Компьютерді
физикалық жұмыс аймағымен салыстыруға болады. Қатты диск жұмыс құжаттары жиналатын
файлдарды жинау кеңсесі, ал жад жұмыс істейтін үстеліңіз деуге болады. Тым көп зат қойылған
үстел сияқты жадта барлық жұмысыңызды оңай орындау үшін қажетті орын жеткіліксіз болса,
өнімділігіңіз төмендейді. Өнімділікті арттырудың тамаша шешімі — бұл
компьютердегі жадтың
көлемін ұлғайту.
Үлгіге байланысты, компьютерде бір немесе екі жад модулі ұясы болуы мүмкін. Жад модулі
ұялары компьютер түбінде қызмет көрсету қақпағының астында орналасқан. Компьютердің жад
сыйымдылығы бар жад модульдерін ауыстыру арқылы жаңартылады.
ЕСКЕРІМ: Жад модулін қосу немесе ауыстыру алдында, BIOS нұсқасының компьютерге
жақын арада орнатылғанын тексеріңіз жəне қажет болса BIOS бағдарламасын жаңартыңыз.
BIOS нұсқасын жаңарту 64-бетте бөлімін қараңыз.
ЕСКЕРТУ: Жад модулін қоспас немесе ауыстырмас бұрын компьютердегі BIOS
бағдарламасы жаңартылмаған болса, амалдық жүйенің түрлі мəселелері орын алуы мүмкін.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалу қатерін азайту үшін, қуат сымын
ажыратып, жад модулін орнатпас бұрын, барлық батареяларды шығарып алыңыз.
ЕСКЕРТУ: Электростатикалық ток соғу (ESD) электроникалық бөліктерді зақымдауы мүмкін.
Қандай да бір іс ретін бастамастан бұрын, жерге орнатылған нысанды түрту арқылы
бойыңызда тұрақты электр тогының жоқтығын тексеріңіз.
Жад модулін қосу немесе ауыстыру үшін
Компьютер жұмысын жақсарту 51