User Guide - Windows 7
Төмен батарея деңгейлерін анықтау
Компьютерде жалғыз қуат көзі болып тұрған батареяның заряды аз немесе өте төмен деңгейге
жеткенде, хабарландыру аймағындағы қуат көрсеткішінің белгішесі «заряд төмен» немесе
«заряд өте төмен» ескертуін көрсетеді.
ЕСКЕРІМ: Қуат көрсеткіші туралы қосымша ақпарат алу үшін, Қуат көрсеткішін
қолдану 40-бетте бөлімін қараңыз.
Өте төмен батарея деңгейі кезінде компьютер төмендегі əрекеттерді орындайды:
●
Күту күйі қосылған кезде жəне компьютер қосулы немесе ұйқы күйінде болғанда,
компьютер күту күйін іске қосады.
●
Күту күйі ажыратылған кезде жəне компьютер қосулы немесе ұйқы күйінде болғанда,
компьютер қысқа уақытқа ұйқы күйіне өтеді жəне одан кейін өшеді. Барлық сақталмаған
ақпарат жоғалады.
Пайдаланушы ауыстыратын батареяны сақтау
ЕСКЕРТУ: Батареяны зақымдамау үшін оны ұзақ уақыт бойы жоғары температурада
сақтамаңыз.
Компьютер екі аптадан артық пайдаланылмайтын жəне сыртқы қуат көзіне жалғанбайтын
болса, қызмет мерзімін арттыру үшін батареяны шығарып алып, салқын жəне құрғақ жерде
бөлек сақтаңыз.
Сақталған батареяны əрбір 6 ай сайын тексеру қажет. Егер сыйымдылығы 50 пайыздан төмен
болса, қайта сақтаудан бұрын батареяны қайта зарядтаңыз.
Пайдаланушы ауыстыратын батареяны тастау
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Өрт шығу немесе күйік алу қаупін азайту үшін бөлшектемеңіз, бұзбаңыз
немесе теспеңіз; сыртқы түйіспелерді қысқа тұйықтамаңыз; отқа немесе суға тастамаңыз.
Батареяны дұрыс тастау туралы ақпаратты Заңдық, қауіпсіздік жəне қоршаған орта
ескертулері бөлімінен қараңыз. Бұл нұсқаулықты пайдалану үшін Пуск (Бастау) > Анықтама
жəне қолдау > Руководства пользователя (Пайдаланушы нұсқаулықтары) тармағын
таңдаңыз.
Пайдаланушы ауыстыратын батареяны ауыстыру
Ішкі бөлім дұрыс зарядталмаған кезде немесе батарея сыйымдылығы «əлсіз» жағдайға
жеткенде, Анықтама жəне қолдау орталығында батареяны тексеру құралы батареяны
ауыстыру қажеттігін ескертеді. Батарея HP компаниясының кепілдігімен қамтамасыз етілген
жағдайда, нұсқаулардың ішінде кепілдік нөмірі болады. Ауыстыру батареясына тапсырыс беру
туралы қосымша ақпарат беретін HP компаниясының веб-торабына сілтейтін хабарлама пайда
болады.
44 Бап 6 Қуат басқару