User Guide - Windows 7
Батарея ақпаратын табу
Анықтама жəне қолдау орталығында мына құралдар жəне батарея туралы ақпарат бар:
●
Батарея жұмысын тексеруге арналған Анықтама жəне қолдау бөлімінде орналасқан
Battery Check (Батареяны тексеру) құралы
● Батареяның қызмет ету мерзімін ұзартуға арналған мөлшерлеу, қуатты басқару жəне
техникалық қызмет көрсету мен сақтау туралы ақпарат
●
Батареяның түрлері, сипаттамалары, батареяның қызмет ету мерзімдері жəне
сыйымдылығы туралы ақпарат
Батарея
туралы ақпаратты ашу үшін, Пуск (Бастау) > Анықтама жəне қолдау >
Обучение (Үйрену) >Схемы управления питанием: часто задаваемые вопросы (Қуат
жоспарлары: жиі қойылатын сұрақтар) тармақтарын таңдаңыз.
Батарея қуатын үнемдеу
Батарея қуатын үнемдеуге жəне батареяның қызмет ету мерзімін ұзартуға қатысты келесі
кеңестерді пайдаланыңыз.
●
Экранның жарықтығын төмендетіңіз.
● Параметры электропитания (Қуат параметрлері) ішінен Экономия энергии (Қуат
үнемдегіші) параметрін таңдаңыз.
●
Компьютер қолданыста болмағанда немесе зарядталмағанда компьютерден батареяны
шығарып алыңыз.
●
Пайдаланбаған кезде сымсыз құрылғыларды өшіріңіз.
●
USB портына қосылған сыртқы қатты диск сияқты сыртқы қуат
көзіне жалғанбаған
пайдаланылмайтын сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
● Пайдаланбаған кез келген сыртқы жад карталарының жұмысын тоқтатыңыз, оларды
өшіріңіз немесе шығарып алыңыз.
●
Жұмысты тоқтатқан кезде, ұйқы күйін не күту күйін қосыңыз немесе компьютерді өшіріңіз.
Батареяның қуатымен жұмыс істеу 43