User Guide - Windows 7

6 Қуат басқару
Бұл компьютер батарея қуатымен немесе сыртқы қуат көзіне қосу арқылы жұмыс істейді. Егер
компьютер батарея қуатымен ғана жұмыс істейтін болса жəне батареяны зарядтау үшін оны АТ
қуат көзіне жалғау мүмкін болмаса, батарея зарядын бақылау жəне үнемдеу өте маңызды. Қуат
үнемделіп тұрған компьютер жұмысын реттеу мақсатымен компьютердің қуат пайдалану жəне
үнемдеу жолын басқару үшін
компьютерде оңтайлы қуат жоспары қолданылады.
Ұйқы немесе күту күйін қосу
Microsoft Windows жүйесінде қуатты үнемдеуге арналған ұйқы жəне күту күйлері бар.
Ұйқы күйінде экран өшіп, жұмысыңыз жадқа сақталады жəне күту күйіне қарағанда ұйқы күйінен
шығу жылдамырақ іске асады. Компьютер ұзақ мерзім үшін ұйқы күйінде болғанда немесе ұйқы
күйі кезінде батарея өте төмен деңгейге жеткенде, компьютер күту күйіне қосылады.
Күту күйі қосылғанда, жұмыс қатты
дискідегі күту файлына сақталады жəне компьютер
өшіріледі.
ЕСКЕРТУ: Аудио жəне видео файлдарын ойнатудың мүмкін нашарлауы, аудио немесе бейне
ойнату жұмысының жоғалуы немесе ақпараттың жоғалуы қаупін азайту үшін, дискіден не
сыртқы жад картасынан оқу немесе оған жазу кезінде ұйқы немесе күту күйін қоспаңыз.
ЕСКЕРІМ: Компьютер ұйқы күйінде немесе күту күйінде болғанда, желіге қосылудың кез
келген түрін қосуды немесе компьютердің кез келген функцияларын орындай алмайсыз.
Ұйқы күйін қосу жəне одан шығу
Жүйенің зауыттық параметрлері бойынша ұйқы күйі батарея қуаты немесе сыртқы қуат көзіне
қосылу арқылы жұмыс істеуіне байланысты белгілі бір əрекетсіздік уақытынан кейін басталады.
Қуат параметрлері мен үзілістерін Windows жүйесінің басқару тақтасындағы «Параметры
электропитания» (Қуат параметрлері) мəзірі арқылы өзгертуге болады.
Компьютер қосулы болғанда келесі жолдардың кез келгенін қолданып ұйқы күйін қосуға
болады:
Қуат түймешігін
жылдам басыңыз.
Дисплейді жабыңыз.
Пуск (Бастау) түймешігін басып, Завершение работы (Жұмысты аяқтау) түймешігінің
жанындағы көрсеткіні басыңыз да, Сон (Ұйқы) белгішесін басыңыз.
Ұйқы күйінен шығу үшін
Қуат түймешігін жылдам басыңыз.
Егер экран сөніп тұрса, оны қосыңыз.
Пернетақтадағы пернені басыңыз.
Сенсорлы тақтаны түртіңіз немесе саусақпен үстінен жүргізіп өтіңіз.
Компьютер ұйқы
режимінен шыққанда, қуат шамдары жанып, компьютерде жұмысты
тоқтатқанға дейін көрсетілген экран шығады.
Ұйқы немесе күту күйін қосу 39