User Guide - Windows 7

ЕСКЕРТУ: Компьютерді реттеудің қызметтік бағдарламасына өзгертулер енгізгенде, аса
мұқият болыңыз. Қателер компьютердің жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.
Белгіше Перне Сипаттама
f1 Windows амалдық жүйесі мен компьютер, сұрақтарға жауаптар, оқулықтар мен
компьютер үшін жаңартулар туралы ақпаратты қамтитын анықтама жəне қолдау
орталығын ашады.
Сонымен қатар, анықтама жəне қолдау орталығы ақаулықтарды автоматты
түрде жою құралдарын жəне қолдау көрсету орталығымен хабарласу үшін
сілтемелер ұсынады.
f2 Бұл пернені басып тұрғанда экран жарықтығы қадам бойынша төмендетіледі.
f3 Бұл пернені басып тұрғанда, экран жарықтығы қадам бойынша
жоғарылатылады.
f4 Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран суретін ауыстырып көрсетеді.
Мысалы, егер монитор компьютерге қосылған болса, осы перне басылғаннан
кейін экран кескіні компьютер дисплейінен монитор дисплейіне ауыстырылып,
компьютер мен монитордың екеуінде көрсетіледі.
f6 Динамик дыбысын өшіреді немесе қайта қосады.
f7 Бұл пернені басып ұстап тұрғанда динамиктің дыбыс деңгейін қадам бойынша
төмендетеді.
f8 Бұл пернені басып ұстап тұрғанда динамиктің дыбыс деңгейін қадам бойынша
жоғарылатады.
f9 Аудио ықшам дискідегі алдыңғы жолды немесе DVD немесе BD дискісіндегі
алдыңғы бөлімді ойнатады.
f10 Ықшам дискіні, DVD немесе BD дискісін ойнатады, уақытша тоқтатады немесе
ойнатуды жалғастырады.
f11 Аудио ықшам дискідегі келесі жолды, ал DVD немесе BD дискілерінде келесі
бөлімді ойнатады.
f12 Сымсыз байланыс мүмкіндігін қосады немесе ажыратады.
ЕСКЕРІМ: Сымсыз байланысты орнату үшін сымсыз желі де орнатылуы қажет.
Функциялық пернелерді пайдалану
Пернелер тіркесіміfn пернесі мен esc пернесінің немесе функционалдық пернелердің
біреуінің тіркесімі.
Пернелер тіркесімін пайдалану:
fn пернесін аз уақыт басыңыз, одан кейін пернелер тіркесімінің екінші пернесін басып
қалыңыз.
Қызмет Жылдам перне Сипаттама
Жүйе ақпаратын ашады. fn+esc Жүйенің аппараттық бөліктері жəне жүйенің BIOS нұсқасының
нөмірі туралы ақпаратты көрсетеді.
34 Бап 5 Пернетақтаны жəне меңзегіш құрылғыларды пайдалану