User Guide - Windows 7

5 Пернетақтаны жəне меңзегіш
құрылғыларды пайдалану
Бұл компьютер экранда оңай жылжу мүмкіндігін береді. Пернетақтамен қоса, сенсорлы тақта
экрандағы функцияларды орындауға мүмкіндік береді. Кейбір үлгілерде жиі жасалатын
тапсырмаларды оңай орындауға арналған арнайы əрекет пернелері немесе функциялық
пернелер болады.
Сенсорлы тақта сияқты компьютермен бірге жеткізілетін меңзегіш құрылғылармен қоса, сыртқы
USB тінтуірін оны компьютердегі USB порттарының біреуіне жалғау арқылы пайдалануға
болады.
Меңзегіш құрылғылардың параметрлерін
, түймешік конфигурациясын, басу жылдамдығын
жəне меңзегіш опцияларын реттеу үшін, Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару
тақтасы) тармағын таңдаңыз да, экранның жоғарғы оң жақ бұрышындағы іздеу терезесіне
тінтуір деп теріңіз. Мышь (Тінтуір) түймешігін басыңыз.
Пернетақтаны пайдалану
Пернетақтаны пайдаланып теруге, ал əрекет пернелері мен функциялық пернелер арқылы
арнайы функцияларды орындауға болады. Пернетақтаның пернелері туралы қосымша
ақпаратты
Пернелер 14-бетте бөлімінен қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Еліңізге/аймағыңызға байланысты, пернетақтаның пернелері мен пернетақта
функциялары осы бөлімде сипатталғаннан өзгешелеу болуы мүмкін.
«ALT GR» пернелер тіркесімін пайдалану
Кейбір елдерде/аймақтарда арнайы пернелер тіркесімі үшін қолданылатын «ALT GR» пернесі
бар болуы мүмкін. Осындай пернесі бар пернетақта арқылы рупия белгішесін теру үшін, alt gr+4
пернелер тіркесімін басыңыз. Индиядағы ел/аймақ қолдауы бар пернетақталарда рупия
белгішесін теру үшін, ctrl+shift+4 пернелерін басуға болады.
«ALT GR» пернелер тіркесімі туралы білу үшін, Microsoft Office веб-торабына
(
http://www.office.microsoft.com) өтіңіз де, «ALT GR» дегенді іздеңіз.
Əрекет пернелерін пайдалану
Перненің тағайындалған функциясын іске қосу үшін пернені басыңыз. f1 мен f4 жəне f6 мен f12
пернелеріндегі əр белгіше сол пернеге тағайындалған функцияны сипаттайды.
Əрекет пернесінің функциясын пайдалану үшін, пернені басып ұстап тұрыңыз.
Əрекет пернесі функциясы зауытта қосылады. Бұл мүмкіндікті Setup Utility (BIOS) құралында
ажыратуға болады. Setup Utility (BIOS) тармағын ашуға қатысты нұсқаулар алу үшін,
Computer
Setup (BIOS) жəне HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану 64-бетте бөлімін көріп,
экранның төменгі жағындағы нұсқауларды орындаңыз.
Əрекет пернесі мүмкіндігін ажыратқаннан кейін тағайындалған функцияны іске қосу үшін, тиісті
əрекет пернесімен бірге fn пернесін басыңыз.
Пернетақтаны пайдалану 33