User Guide - Windows 7

Компьютерге ажыратымдылығы жоғары теледидарды не мониторды жалғау:
1. HDMI кабелінің бір ұшын компьютердегі HDMI портына жалғаңыз.
2. Кабельдің екінші ұшын ажыратымдылығы жоғары теледидарға не мониторға жалғаңыз.
3. Компьютер экранындағы кескінді 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, f4 пернесін
басыңыз:
ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру.
Қос: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де
көру.
Кеңейтілген: Экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының
екеуінен көру.
Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көру.
f4 пернесі басылған сайын, көрсету күйі өзгереді.
HDMI аудио параметрлерін реттеу
HDMI ажыратымдылығы жоғары бейне жəне дыбыс параметрлеріне қолдау көрсететін жалғыз
бейне интерфейсі болып табылады. HDMI теледидарын компьютерге жалғанғаннан кейін,
келесі қадамдарды орындау арқылы HDMI дыбысын қосуға болады:
1. Тапсырмалар тақтасының оң жақ шетіндегі хабарландыру аймағындағы Динамик
(Үндеткіш) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Устройства
воспроизведения (Ойнату құрылғылары) параметрін таңдаңыз.
2. Воспроизведение (Ойнату) қойындысындағы Цифровое устройство
вывода (HDMI)
(Сандық шығыс құрылғысы (HDMI)) параметрін таңдаңыз.
3. Установить по умолчанию (Əдепкі күйді орнату) пəрменін таңдап, OK түймешігін
басыңыз.
Бейнені пайдалану 31