User Guide - Windows 7

Көруге байланысты əрекеттеріңізді жақсарту мақсатында компьютерді сыртқы монитор,
проектор немесе теледидарға қосу үшін, бейне порттардың бірін пайдаланыңыз.
Компьютерлердің көбінде аналогтық бейне құрылғысын қосуға мүмкіндік беретін VGA порты
болады. Ал кейбір компьютерлерде ажыратымдылығы жоғары мониторды немесе
теледидарды қосуға мүмкіндік беретін HDMI порты болады.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Сыртқы құрылғының дұрыс кабель арқылы компьютердегі дұрыс ұяға
қауіпсіз түрде жалғанғандығына көз жеткізіңіз. Құрылғы өндірушісінің нұсқауларын тексеріңіз.
VGA мониторын немесе проекторын жалғау
Презентация жасау мақсатында компьютер экранындағы кескінді сыртқы VGA мониторында
немесе проекторында көрсету үшін, мониторды не проекторды компьютердің VGA портына
жалғаңыз.
Мониторды немесе проекторды жалғау:
1. Монитордың не проектордың VGA кабелін компьютердегі VGA портына суретте
көрсетілгендей жалғаңыз.
2. Экрандағы суретті 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, f4 пернесін басыңыз:
ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру.
Қос: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де
көру.
Кеңейтілген: Экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен көру.
Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы
құрылғыдан көру.
f4 пернесі басылған сайын, көрсету күйі өзгереді.
HDMI құрылғысын жалғау
Компьютер экранындағы кескінді ажыратымдылығы жоғары теледидардан не компьютерден
көру үшін, ажыратымдылығы жоғары құрылғыны келесі нұсқауларға сəйкес жалғаңыз.
HDMI құрылғысын компьютерге жалғау үшін бөлек сатылатын HDMI кабелі қажет болады.
30 Бап 4 Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану