User Guide - Windows 7
Бөлік Сипаттама
(7)
Аудио шығыс (құлақаспап)/Аудио кіріс
(микрофон) ұясы
Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштер,
құлақаспаптар, тығын тəріздес құлақаспаптар,
гарнитура немесе теледидар дыбыс кабелі
қосылады. Сонымен қатар, қосымша гарнитура
микрофонын қосады. Бұл ұя қосымша тек микрофон
құрылғыларын қолдамайды.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту
үшін, құлақаспаптар, тығын тəріздес құлақаспаптар
немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін
реттеңіз. Қауіпсіздік туралы
қосымша ақпарат алу
үшін, Заңдық, қауіпсіздік жəне экологиялық
ескертпелер нұсқаулығын қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Құрылғы ұяға қосылған кезде,
компьютер үндеткіштері ажыратылады.
ЕСКЕРІМ: Құрылғы кабелінің аудио шығыс
(гарнитура) жəне аудио кіріс (микрофон) ұяларының
екеуіне сəйкес келетін 4 сымды қосқышы бар екеніне
көз жеткізіңіз.
(8)
USB 3.0 порты Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер
немесе USB хабі сияқты қосымша USB құрылғысын
қосады.
ЕСКЕРІМ: USB порттарының түрлері туралы толық
ақпаратты
USB құрылғысын пайдалану 47-бетте
бөлімінен қараңыз.
(9)
HDMI порты Ажыратымдылығы жоғары теледидар немесе кез
келген үйлесімді сандық не аудио құрамдас бөлікті
немесе жоғары жылдамдықты HDMI құрылғысы
сияқты қосымша бейне немесе дыбыс
құрылғыларын қосады.
(10)
Сыртқы монитор порты Сыртқы VGA мониторын немесе проекторын қосады.
Веб-камераны пайдалану
Бұл компьютердің келесі бөлмедегі немесе əлемнің басқа бөлігіндегі жақын достарыңыз
немесе əріптестеріңізбен байланысуға мүмкіндік беретін қуатты əлеуметтік желі құралы болып
табылатын ішкі веб-камерасы бар. Веб-камераны пайдаланып лездік хабар алмасу
бағдарламалық құралымен бейне ағынын жасауға, бейнеге түсіруге жəне бөлісуге, сондай-ақ,
фотосуреттер түсіруге болады.
Веб-камераны пайдалану үшін, Пуск (Бастау) >
Все программы (Барлық бағдарламалар) >
Общение и чат (Байланыс жəне əңгімелесу) > CyberLink YouCam тармағын таңдаңыз.
Веб-камераны пайдалану туралы толық ақпарат алу үшін, Пуск (Бастау) > Анықтама жəне
қолдау тармағын таңдаңыз.
Дыбысты пайдалану
HP компьютерімен музыка ықшам дискілерін ойнатуға (сыртқы оптикалық жинақтағыш диск
бөлек сатып алынады), музыканы жүктеуге жəне тыңдауға, вебтегі аудио мазмұнды тыңдауға
(соның ішінде радионы), дыбыс жазуға немесе мультимедиа файлын жасау үшін дыбыс пен
28 Бап 4 Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану