User Guide - Windows 7
3 Желіге қосылу
Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не
сымды желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған веб-
тораптардың ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат əлеммен
байланысуға көмектеседі.
Сымсыз желіге қосылу
Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
Компьютер келесі сымсыз құрылғылардың біреуі немесе бірнешеуімен жабдықталған болуы
мүмкін:
● Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы—Компьютерлерді корпоративті офистер, үй
жəне əуежайлар, мейрамханалар, кафелер, қонақ үйлер жəне университеттер сияқты
қоғамдық орындарда (əдетте, Wi-Fi желілері, сымсыз LAN немесе WLAN деп аталатын)
сымсыз жергілікті желілерге қосады. WLAN желісінде компьютеріңіздегі мобильді
сымсыз
құрылғы сымсыз жол жоспарлағышымен немесе сымсыз кіру нүктесімен байланысады.
●
Bluetooth құрылғысы (тек таңдаулы үлгілерде)—Компьютерлер, телефондар, принтерлер,
құлақаспаптар, үндеткіштер жəне камералар сияқты басқа Bluetooth қосылған
құрылғылармен байланысу үшін басқа жеке аймақтық желіні (PAN) жасайды. PAN
желісіндегі əр құрылғы басқа құрылғылармен тікелей байланысады жəне бұл құрылғылар
бір-біріне біршама жақын, əдетте бір-бірінен 10 метр (шамамен
33 фут) қашықтықта болуы
тиіс.
Сымсыз технология жөнінде қосымша мəлімет алу үшін, «Анықтама жəне қолдау» бөліміндегі
ақпаратты жəне веб-торап сілтемелерін қараңыз.
Сымсыз басқару элементтерін пайдалану
Компьютердегі сымсыз құрылғыларды мына мүмкіндіктерді пайдалана отырып басқаруға
болады:
●
Сымсыз байланыс түймешігі, сымсыз байланыс қосқышы немесе сымсыз байланыс
пернесі (осы тарауда «сымсыз байланыс түймешігі» деп аталады)
● Амалдық жүйе басқару элементтері
Сымсыз байланыс түймешігін пайдалану
Үлгісіне байланысты компьютерде сымсыз байланыс түймешігі, бір немесе бірнеше сымсыз
байланыс шамы болады. Компьютердегі сымсыз құрылғылардың барлығы зауытта қосылады,
сондықтан, компьютер қосылғанда, сымсыз байланыс шамы (ақ) жанып тұрады.
Сымсыз байланыс шамы жеке құрылғылардың емес, сымсыз құрылғылардың жалпы қуат күйін
анықтайды. Сымсыз байланыс шамының түсі ақ болса, кемінде бір сымсыз құрылғы қосулы.
Сымсыз
байланыс шамының түсі өшірулі болса, барлық сымсыз құрылғылар өшірулі.
ЕСКЕРІМ: Кейбір үлгілерде, барлық сымсыз құрылғылар өшірулі болғанда, сымсыз байланыс
шамы сары түсті болады.
Сымсыз құрылғылар зауытта қосылатындықтан, оларды бір уақытта қосу немесе өшіру үшін,
сымсыз байланыс түймешігін пайдалануға болады.
20 Бап 3 Желіге қосылу