User's Guide
7
Компьютерге техникалық қызмет
көрсету
Компьютерді оңтайлы күйде сақтау үшін, оған жүйелі түрде техникалық қызмет көрсету
маңызды болып табылады. Бұл тарауда Disk Defragmenter (Диск дефрагментаторы) жəне Disk
Cleanup (Дискіні тазалау) сияқты құралдарды пайдалану жəне қатты дискіні ауыстыру не жад
қосу амалдарын орындау арқылы
компьютер жұмысын жақсарту туралы ақпарат беріледі.
Сонымен қатар, бұл тарауда бағдарламалар мен дискілерді жаңарту туралы ақпарат,
компьютерді тазалау нұсқаулары жəне компьютермен сапар шегу бойынша кеңестер
қамтылған.
Компьютер жұмысын жақсарту
Барлығымыз компьютердің тез жұмыс істегенін қалаймыз. Жүйелі түрде қызмет көрсету
тапсырмаларын орындау, Дефрагментация диска (Дискіні дефрагментациялау) жəне Очистка
диска (Дискіні тазалау) сияқты құралдарды пайдалану арқылы компьютердің жұмысын біршама
өзгертуге болады.
HP 3D DriveGuard пайдалану
Төмендегі жағдайлардың біреуі орын алса, HP 3D DriveGuard бағдарламасы дискіні өшіру жəне
дерек сұрауларын тоқтату арқылы қатты дискіні қорғайды.
●
Сіз компьютеріңізді құлатып алдыңыз.
●
Батарея қуатынан қосылып тұрған компьютерді оның дисплейі жабулы күйінде
жылжытасыз.
Бұл оқи
ғалардың біреуі аяқталғаннан кейінгі қысқа мерзімде HP 3D DriveGuard қатты дискіні
қалыпты жұмыс жағдайына қайтарады.
ЕСКЕРТПЕ: Қатты күйдегі дисктің (SSD) қозғалатын бөліктері болмағандықтан, оны HP 3D
DriveGuard арқылы қорғаудың қажеті жоқ.
ЕСКЕРТПЕ: Бастапқы қатты диск ұясындағы немесе қосымша ұясындағы қатты дискілер HP
3D DriveGuard арқылы қорғалады. Қосымша қондыру құрылғысына орнатылған немесе USB
портына қосылған қатты диск HP 3D DriveGuard арқылы қорғалмайды.
Қосымша ақпаратты HP 3D DriveGuard бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз.
HP 3D DriveGuard күйін анықтау
Компьютердегі қатты диск шамы түсін өзгертіп, диск орныққанын көрсетеді. Дискілердің қазіргі
уақытта қорғалып тұрғанын немесе дискінің қауіпсіз позицияға орнатылғанын анықтау үшін,
Windows жұмыс үстеліндегі тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан
хабарландыру аймағындағ
ы немесе Мобильділік орталығындағы белгішені басыңыз.
Дискіні дефрагментациялау құралын пайдалану
Компьютерді біраз уақыт пайдаланғанда, қатты дискідегі файлдар фрагменттеліп қалады.
Фрагменттелген диск дегеніміз дискідегі деректер қатар (бірізді) орналаспаған, сондықтан,
Компьютер жұмысын жақсарту
47