User's Guide

Айнымалы ток адаптерін тексеру:
1. Компьютерді сөндіріңіз.
2. Айнымалы ток адаптерін компьютерге жəне ауыспалы ток розеткасына жалғаңыз.
3. Компьютерді қосыңыз.
Қуат шамдары жанса, айнымалы ток адаптері дұрыс істеп тұр.
Қуат шамдары өшіп тұрса, айнымалы ток адаптері мен компьютер арасында
ғы жəне
айнымалы ток адаптері мен розетка арасындағы қосылысты тексеріңіз.
Байланыс дұрыс орнатылған, бірақ қуат шамдары сонда да өшіп тұрса, айнымалы ток
адаптері істемей тұр жəне оны ауыстыру қажет.
Айнымалы ток адаптерінің алмастырылуы туралы ақпарат алу үшін, қолдау
орталығына
хабарласыңыз.
HP CoolSense
HP CoolSense компьютердің көлденең беткейде тұрмағанын автоматты түрде анықтап, бет
температурасын қажетті қолайлылық деңгейінде ұстап тұру үшін жұмыс пен желдеткіш
параметрлерін реттей бастайды.
HP CoolSense функциясы өшірулі кезде, компьютердің тұрақты орында тұрмағаны
анықталмайды, жұмыс пен желдеткіш параметрлері
зауыттық күйде сақталады. Нəтижеде, HP
CoolSense арқылы реттелетін деңгеймен салыстырғанда компьютердің бет температурасы
жоғары болуы мүмкін.
CoolSense өшіру немесе қосу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз:
Бастау экранында coolsense деп теріп, одан кейін HP CoolSense тармағын таңдаңыз.
Intel Smart Connect технологиясы (тек таңдаулы
үлгілерде) арқылы бағдарламалық құралдың мазмұнын
жаңарту
Компьютер ұйқы күйінде болған кезде, Intel® Smart Connect технологиясы компьютердің ұйқы
күйін тұрақты түрде өшіріп тұрады. Желі қосылысы қолжетімді болса, Smart Connect құралы
электрондық поштаның кіріс жəшіктері, əлеуметтік желі сайттары мен жаңалықтар беттері
сияқты ашық тұрған қ
олданбаларды жаңартады жəне компьютерде ұйқы күйі қосылады. Smart
Connect құралы электрондық пошта сияқты желіден дербес жасалған мазмұнды да
қадамдастырады. Компьютер ұйқы күйінен шыққанда, жаңартылған ақпаратты дереу пайдалана
аласыз.
Бұл мүмкіндікті қосу немесе параметрлерді қолмен
реттеу үшін, Бастау экранында smart
(смарт) деп теріп, Intel® Smart Connect Technology (Intel Smart Connect технологиясы)
құралын таңдаңыз.
Компьютерді өшіру (сөндіру)
ЕСКЕРТУ: Компьютер өшірілген кезде сақталмаған мəліметтер жойылады. Компьютерді
өшірмес бұрын жұмысыңыздың сақталғанына көз жеткізіңіз.
HP CoolSense 45