User's Guide
●
Батареяны тексеру
●
Батареяның түрлері, сипаттамалары, батареяның қызмет ету мерзімдері жəне
сыйымдылығы туралы ақпарат
Батарея қуатын үнемдеу
Батарея қуатын үнемдеуге жəне батареяның қызмет ету мерзімін ұзартуға қатысты келесі
кеңестерді пайдаланыңыз:
●
Экранның жарықтығын төмендетіңіз.
●
Параметры электропитания (Қуат параметрлері) ішінен Сохранение питания (Қуат
үнемдегіші) параметрін таңдаңыз.
●
Пайдаланбаған кезде сымсыз құрылғыларды ө
шіріңіз.
●
USB портына қосылған сыртқы қатты диск сияқты сыртқы қуат көзіне жалғанбаған
пайдаланылмайтын сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
●
Пайдаланбаған кез келген сыртқы мультимедиа карталарының жұмысын тоқтатыңыз,
оларды өшіріңіз немесе шығарып алыңыз
.
●
Жұмысты тоқтатпас бұрын, ұйқылық күйді қосыңыз немесе компьютерді өшіріңіз.
Батарея зарядының төмен деңгейлерін анықтау
Компьютерде жалғыз қуат көзі болып тұрған батареяның заряды аз не өте төмен деңгейге
жеткенде, Windows жұмыс үстеліндегі қуат көрсеткішінің белгішесі "заряд төмен" немесе
"заряд өте төмен" ескертуін көрсетеді.
ЕСКЕРТПЕ: Қуат көрсеткіші туралы қосымша ақпарат алу үшін, Қуат көрсеткішін жəне қуат
параметрлерін қолдану (41-бет) бөлімін қараңыз.
Өте төмен батарея деңгейі кезінде компьютер төмендегі əрекеттерді орындайды:
●
Күту күйі ажыратылған кезде жəне компьютер қосулы немесе ұйқылық күйде тұрғанда,
компьютер қысқа уақытқа ұйқы күйіне өтеді жəне одан кейін
өшеді. Барлық сақталмаған
ақпарат жоғалады.
●
Күту күйі қосылған кезде жəне компьютер қосулы немесе ұйқылық күйде тұрғанда,
компьютерде күту күйі іске қосылады.
Төмен батарея деңгейі мəселесін шешу
Сыртқы қуат қолданылғанда төмен батарея деңгейін шешу
●
Айнымалы ток адаптерін қосыңыз.
●
Қосымша қондыру немесе кеңейту құрылғысын жалғаңыз.
●
НР компаниясынан қосалқы құрал ретінде сатып алынатын қосымша қуат адаптерін
қосыңыз.
Ешқандай қуат көзі болмағанда төмен батарея деңгейін шешу
Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.
Батареяның қуатымен жұмыс істеу
43