User's Guide

Батарея зарядының қалған деңгейін жəне Windows жұмыс үстелінде орналасқан ағымдағы
қуат жоспарын экранда көру үшін, меңзерді қуат көрсеткіші белгішесінің үстінен
жүргізіңіз.
Қуат параметрлерін пайдалану үшін, қуат көрсеткіші белгішесін басып, тізімнен бір
тармақты
таңдаңыз. Бастау экранында параметры питания сөздерін теріңіз, содан
Параметры питания (қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз.
Əртүрлі қуат көрсеткішінің белгішелері компьютердің батарея қуатымен немесе сыртқы
қуатпен жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді. «Заряд төмен» деңгейіне немесе
«Заряд өте төмен»
деңгейіне жеткенде, белгіше хабар шығарады.
Батареяның қуатымен жұмыс істеу
Зарядталған батарея компьютерде болғанда жəне компьютер сыртқы қуатқа жалғанбаған кезде,
компьютер батарея қуатында жұмыс істейді. Егер компьютерде зарядталған батарея
орнатылған болса жəне айнымалы ток адаптері компьютерден ажыратылған болса, компьютер
батарея қуатына автоматты түрде ауысады жəне экран
жарықтығы батареяның қызмет көрсету
мерзімін арттыру үшін азайтылады. Компьютер өшірілгенде жəне сыртқы қуаттан
ажыратылғанда компьютердегі батарея жайлап таусылады.
Қуатты басқару параметрлеріне, компьютерде ашылған бағдарламаларға, экранның
жарықтығына, компьютерге жалғанған сыртқы құрылғыларға жə
не басқа да себептерге
байланысты компьютер батареясының жұмыс мерзімі əртүрлі болады.
Зауытта пломбаланған батарея
Батареяның күйін бақылау үшін немесе батареяның заряды тез бітетін болса, Справка и
Поддержка (Анықтама жəне қолдау) ішінде Battery Check (Батарея тексеру) бағдарламасын іске
қосыңыз. Батарея туралы ақпаратты қарау үшін, бастау экранында поддержка (қолдау) сөзін
теріп, HP Support Assistant бағдарламасын таңдап, Аккумулятор
и производительность
(Батарея жəне өнімділік) пəрменін таңдаңыз. Егер батареяны ауыстыру керектігі Battery Check
(Батарея тексеру) бағдарламасы арқылы анықталған болса, НР қолдау қызметімен
хабарласыңыз.
Зауытта пломбаланған батареяны шығарып алмаңыз немесе ауыстырмаңыз. Батареяны алу
немесе ауыстыру кепілдік күшіне ə
сер етуі мүмкін. Батареяның заряды тез бітетін болса,
қолдау қызметімен хабарласыңыз.
Батареяны пайдалану мерзімі аяқталғанда, оны жалпы үй қалдықтарымен бірге қоқысқа
тастамаңыз. Батареяны қоқысқа тастау кезінде, жергілікті заңдарды жəне аймағыңызда
қолданылатын ережелерді орындаңыз
.
Батарея туралы ақпаратты табу
Батареяның күйін бақылау үшін немесе батареяның заряды тез бітетін болса, HP Support
Assistant (НР қолдау көмекшісі) ішінде Battery Check (Батарея тексеру) бағдарламасын іске
қосыңыз. Батарея туралы ақпаратты қарау үшін, бастау экранында поддержка (қолдау) сөзін
теріп, HP Support Assistant бағдарламасын таңдап, Аккумулятор и производительность
(Батарея
жəне өнімділік) пəрменін таңдаңыз.
HP Support Assistant (НР қолдау көмекшісі) бағдарламасы мына құралдармен жəне батарея
туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді:
42
6-тарау Қуат басқару