User's Guide

1. Тапсырмалар тақтасының оң жақ шетіндегі хабарландыру аймағындағы Динамики
(Үндеткіш) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Устройства
воспроизведения (Ойнату құрылғылары) параметрін таңдаңыз.
2. Воспроизведение (Ойнату) қойыншасында сандық шығыс құрылғысының атын нұқыңыз.
3. Установить
по умолчанию (Əдепкі күйді орнату) пəрменін таңдап, OK түймешігін
басыңыз.
Дыбысты қайтадан компьютер үндеткіштерінен шығару үшін, мына қадамдарды орындаңыз.
1. Тапсырма тақтасының оң жағында орналасқан хабарландыру аймағындағы Динамики
(Үндеткіштер) белгішесін тінтуірдің оң жақ
түймешігімен басып, Установить по
умолчанию (Ойнату құрылғылары) параметрін таңдаңыз.
2. Playback (Ойнату) қойыншасында Динамики (Үндеткіштер) параметрін таңдаңыз.
3. Установить по умолчанию (Əдепкі күйді орнату) пəрменін таңдап, OK түймешігін
басыңыз.
Miracast-үйлесімді сымсыз дисплейлерді табу жəне оларға қосылу
Ағымдағы ашық тұрған бағдарламаларды жаппай, Miracast-үйлесімді сымсыз дисплейлерді табу
жəне оларға қосылу үшін, мына қадамдарды орындаңыз.
Miracast ашу үшін
Саусақты Бастау экранының оң жақ жиегінен жылжытыңыз, Устройства (Құрылғылар)
белгішесін түртіп, Проект (Жоба) пəрменін
таңдаңыз жəне экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
немесе
Шебер түймелерді көрсету үшін экранның жоғарғы оң жақ немесе төменгі оң жақ
бұрышына меңзеңіз жəне Устройства (Құрылғылар) түймесін нұқып, Проект (Жоба)
пəрменін таңдаңыз.
28
4-тарау Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану