User's Guide
Веб-камераны пайдалану
Компьютердің кірістірілген веб-камерасы бейнені жазады жəне фотосуретке түсіреді. Кейбір
модельдерде бейне ағыны мүмкіндігімен бейнеконференция мен желіде чат сеанстарын
ұйымдастыруға болады.
▲
Веб-камераны пайдалану үшін, Бастау экранынан камера сөзін жазыңыз, одан кейін
бағдарламалар тізімінен Камера тармағын таңдаңыз.
Веб-камераны
қолдану туралы толық ақпарат алу үшін, Справка и поддержка (Анықтама жəне
қолдау) бөліміне өтіңіз. Бастау экранына справка (анықтама) сөзін теріп, одан кейін Справка и
поддержка (Анықтама жəне қолдау) пəрменін таңдаңыз.
Дыбысты пайдалану
Компьютеріңізбен музыка жүктеуге жəне тыңдауға, вебтегі аудио мазмұнды тыңдауға (соның
ішінде радионы), дыбыс жазуға немесе мультимедиа файлын жасау үшін дыбыс пен бейнені
біріктіруге болады. Тыңдау əсерін жақсарту үшін, үндеткіштер немесе құлақаспаптар сияқты
сыртқы дыбыс құ
рылғыларын жалғаңыз.
Үндеткіштерді қосу
Сымды үндеткіштерді компьютердегі немесе USB портына немесе компьютердегі не қондыру
тұғырындағы аудио шығыс (құлақаспап)/аудио кіріс (микрофон) ұясына жалғау арқылы қосуға
болады.
Сымсыз үндеткіштерді компьютерге қосу үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
Компьютерге ажыратымдылығы жо
ғары үндеткіштерді қосу үшін, HDMI арқылы дыбысты реттеу
үшін (27-бет) бөлімін қараңыз. Үндеткіштерді жалғамас бұрын дыбыс қаттылығын
төмендетіңіз.
Құлақаспаптарды жəне микрофондарды қосу
Сымды құлақаспаптарды жəне гарнитураларды компьютердегі аудио шығыс (құлақаспап)
ұясына/аудио кіріс (микрофон) ұясына қосуға болады. Ішкі микрофоны бар гарнитуралар
сатылады.
Компьютерге желісіз құлақаспаптарды не гарнитураларды қосу үшін, құрылғы өндірушісінің
нұсқауларын орындаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тəріздес
құлақаспаптар немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс қаттылығын төмендетіңіз. Қосымша
қауіпсіздік ақпаратын Заңдық
,
қауіпсіздік жəне қоршаған орта ескертулерінен қараңыз. Осы
нұсқаулықты ашу үшін, Пуск (Бастау) экранына поддержка (қолдау) сөзін теріп, HP Support
Assistant (HP қолдау көмекшісі) бағдарламасын таңдаңыз.
Beats Audio мүмкіндігін пайдалану
Beats Audio – таза дыбысты қолданған кезде, терең, басқарылатын төменгі дыбыс беретін
жетілдірілген дыбыс функциясы. Beats Audio функциясын компьютердің ішкі үндеткіштері, USB
портына қосылған сыртқы үндеткіштер немесе құлақаспаптар ұясына қосылған Beats Audio
құлақаспаптары көмегімен пайдалана аласыз.
Веб-камераны пайдалану
25