User's Guide
НР Мобильді кең жолақты модулін пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
HP мобильді кең жолақты модулі компьютерге WLAN желілерімен салыстырғанда WWAN
арқылы Интернетке көбірек орындардан жəне үлкенірек аймақтардан кіруге мүмкіндік береді.
HP мобильді кең жолақты байланысы, көптеген жағдайларда ұялы байланыс операторы болып
табылатын, (ұялы байланыс операторы деп аталатын) желі қызметінің провайдерін
қажет
етеді. НР мобильді кең жолақты желісінің қамту аясы ұялы телефон дауысының қамту аясымен
бірдей.
Мобильді желі операторы қызметімен бірге пайдаланғанда, НР мобильді кең жолақты модулі
жолда немесе Wi-Fi жылдам қосылу нүктесінің қамту аясының сыртында болғанда Интернетке
қосылу, электрондық пошта
хабарын жіберу немесе корпоративтік желіге қосылу мүмкіндігін
береді.
НР келесі технологияларға қолдау көрсетеді:
●
GSM (Global System for Mobile Communications) телекоммуникация стандартына
байланысты желілердің қолданысын қамтамасыз ететін HSPA (High Speed Packet Access)
технологиясы.
●
CDMA (Code division multiple access) телекоммуникация стандартына байланысты
желілердің қолданысын қамтамасыз ететін EV-DO (Evolution Data Optimized) технологиясы.
●
LTE (ұзақ мерзімді эволюция) байланысы LTE технологиясын қолдайтын желілермен
жалғайды.
Мобильді
байланыстың кең жолақты қызметін іске қосу үшін, HP мобильді байланыстың кең
жолақты желі модулінің IMEI жəне/немесе MEID нөмірі керек болуы мүмкін. Сериялық нөмір
компьютердің батарея орнындағы жапсырманың үстіне басылған.
Кейбір ұялы байланыс операторлары абонентті анықтау модулін (SIM) пайдалануды
талап
етеді. SIM картасында жеке идентификациялық нөмір (PIN), сондай-ақ желі туралы ақпарат
сияқты жалпы ақпарат қамтылады. Егер SIM картасы алдын ала орнатылмаған болса, ол
компьютермен бірге берілетін HP мобильді кең жолақты байланысы ақпаратының ішінде
берілуі немесе мобильді желі операторы оны компьютерден бөлек беруі
мүмкін.
SIM картасын салу жəне шығару туралы ақпарат алу үшін, осы тараудың
SIM картасын салу
жəне алу (тек таңдаулы үлгілерде) (20-бет) бөлімін қараңыз.
НР мобильді кең жолақты модулі туралы жəне таңдаулы мобильді желілер операторы арқылы
қызметті іске қосу əдісі туралы мəліметтер алу үшін, компьютерге енгізілген НР мобильді кең
жолақты модулі туралы ақпаратты қараңыз.
SIM картасын салу жəне алу (тек таңдаулы үлгілерде)
ЕСКЕРТУ: Қосқыштарға зақым келтіруді болдырмау үшін SIM картасын орналастыру кезінде
қатты күш салмаңыз.
SIM картасын салу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз.
1. Компьютерді сөндіріңіз.
2. Дисплейді жабыңыз.
3. Компьютерге жалғанған сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
4. Қуат сымын айнымалы ток көзінен ажыратыңыз.
20
3-тарау Желіге қосылу