Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2013 Hewlett-Packard Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады жəне оны HewlettPackard компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Intel — Intel корпорациясының АҚШ-тағы жəне басқа елдердегі сауда белгісі. Microsoft жəне Windows — Microsoft компаниялары тобының АҚШ-тағы тіркелген сауда белгілері. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Maзмұны 1 Қосылғанда жанатын шам ............................................................................................................................ 1 HP Apps Store дүкеніне өту ................................................................................................................ 1 Ең жақсы тəжірибе .............................................................................................................................. 1 Қызықты əрекеттер .............................................
SIM картасын салу жəне алу (тек таңдаулы үлгілерде) ................................ 20 Bluetooth сымсыз құрылғыларын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) ....................... 22 Сымды желіге қосылу ....................................................................................................................... 22 Жергілікті желіге (LAN) қосылу ...................................................................................... 22 4 Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану ............................
Пернелерді пайдалану ..................................................................................................... 38 Əрекет пернелерін пайдалану ........................................................................ 38 Windows жүйесінің пернелер тіркесімдерін пайдалану ............................... 39 Пернелер тіркесімдерін пайдалану ................................................................ 39 6 Қуат басқару ................................................................................
Сенсорлы тақта, пернетақта немесе тінтуірді тазалау ................................. 49 Компьютерді сапарға алып шығу немесе тасымалдау ................................................................... 50 8 Компьютер мен ақпаратты қорғау ............................................................................................................ 51 Құпиясөздерді пайдалану ................................................................................................................
Жұмыс ортасы ................................................................................................................................... 65 12 Электростатикалық разряд ...................................................................................................................... 66 Индекс ...............................................................................................................................................................
x
1 Қосылғанда жанатын шам Бұл компьютер жұмыс істеуді жəне көңіл көтеруді жақсартуға арналған қуатты құрал болып табылады. Компьютерді орнату жасалғаннан кейін орындауға болатын ең жақсы амалдар, компьютермен жасауға болатын қызықты əрекеттер жəне қосымша HP ресурстарын табуға болатын орындар туралы білу үшін, осы бөлімді оқып шығыңыз.
Қызықты əрекеттер 2 ● Компьютерден YouTube торабында бейне көруге болатынын білесіз. Ал, компьютерді теледидарға немесе ойын консоліне жалғауға болатынын білесіз бе? Қосымша ақпаратты Видео құрылғыларын HDMI кабелін пайдалану арқылы қосу (27-бет) бөлімінен қараңыз. ● Сондай-ақ, компьютерден музыка тыңдауға болатынын білесіз.
Қосымша HP ресурстары Компьютерді іске қосып, осы нұсқаулықты табу үшін, Параметрлерді орнату нұсқаулары бөлімін пайдаланыңыз. Өнім туралы егжей-тегжейлі деректерді, практикалық нұсқаулық ақпаратын жəне қосымша мəліметтерді қамтамасыз ететін ресурстарды табу үшін, мына кестені қараңыз.
Ресурстар 2. Мазмұны Мой компьютер (Компьютерім), одан кейін Гарантия и услуги (Кепілдік жəне қызметтер) тармағын таңдаңыз. – немесе – http://www.hp.com/go/orderdocuments веб-торабына өтіңіз. *Құрылғыға қолданылатын арнайы ұсынылған НР Шектеулі кепілдігін компьютердегі жəне/немесе қорапта қамтамасыз етілген ықшам дискіде немесе DVD дискісіндегі пайдаланушы нұсқаулықтарында табуға болады. Кейбір елдерде/аймақтарда НР компаниясы басылған НР шектеулі кепілдігін қорапта ұсынады.
2 Компьютермен танысу Аппараттық жəне бағдарламалық құрал туралы мəліметтерді табу Аппараттық құралды табу Компьютерде орнатылған аппараттық құралдардың тізімін көру үшін: 1. Бастау экранынан панель управления (басқару тақтасы) сөзін теріп, одан кейін Панель управления (Басқару тақтасы) пəрменін таңдаңыз. 2. Система и безопасность (Жүйе жəне қауіпсіздік) пəрменін, Система (Жүйе) пəрменін таңдаңыз, одан кейін сол жақ бағанда Диспетчер устройств (Құрылғылар басқарушысы) тармағын нұқыңыз.
Оң жақ Бөлік (1) Сипаттама Қатты диск шамы ● Ақ түсте жыпылықтау: катты диск пайдаланылуда. ● Сары: HP 3D DriveGuard көмегімен қатты диск уақытша қауіпсіз позицияға орнатылды. ЕСКЕРТПЕ: HP 3D DriveGuard қызметі туралы ақпаратты HP 3D DriveGuard пайдалану (47-бет) бөлімінен қараңыз. (2) SIM картасының ұясы (тек таңдаулы үлгілерде) Сымсыз абонентті анықтау модуліне (SIM) қолдау көрсетеді.
Бөлік Сипаттама ● (9) Қуат коннекторы Өшірулі: компьютер батарея қуатымен жұмыс істеуде. Айнымалы ток адаптеріне қосылады. Сол жақ Бөлік (1) Сипаттама Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды. ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал ретінде əрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютерге күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін. (2) Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз.
Бөлік (4) Сипаттама Желдеткіш тесік ● Жыпылықтау: қуатты үнемдеу күйі болып табылатын «Ұйқы күйі» компьютерде қосылған. Компьютер дисплейдің жəне басқа да қажет емес құрамдас бөліктердің қуатын өшіреді. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. Күту күйі — ең аз мөлшерде қуат тұтынатын қуатты үнемдеу күйі. Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады. ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады.
Дисплей Бөлік Сипаттама (1) WWAN антенналары (2)* (тек таңдаулы үлгілерде) Сымсыз ғаламдық желімен (WWAN) байланыс жасау мақсатында сымсыз сигналдарды жібереді жəне қабылдайды. (2) Веб-камера шамы Қосулы: веб-камера қолданылуда. (3) Веб-камера Бейнені жазады жəне фотосуретке түсіреді. Кейбір модельдерде бейне ағыны мүмкіндігімен бейнеконференция мен желіде чат сеанстарын ұйымдастыруға болады.
Компьютеріңізді əдетті ноутбук қызметін атқарады. Сонымен қатар, оны дисплейді бұрып, ойынсауық орталығы немесе планшет ретінде пайдалануға болады. Ноутбугіңізді ойын-сауық орталығы ретінде пайдалану Ноутбукті ойын-сауық құралына өзгерту үшін, дисплейді көтеріп, оны кері жаққа (315 градус) бұрыңыз жəне тік позициясына орналастырыңыз.
Ноутбукты планшетке өзгерту үшін Ноутбукті планшетке өзгерту үшін, дисплейді көтеріп, оны компьютер түбімен сəйкестендірілгенше кері (360 градус) жаққа бұрыңыз. Жоғарғы жағындағы Сенсорлы тақта Бөлік (1) Сипаттама Сенсорлы тақта аймағы Экрандық меңзерді жылжытады жəне экрандағы элементтерді таңдайды немесе іске қосады. ЕСКЕРТПЕ: Сенсорлы тақта жиектен жүргізу қимылдарын да қолдайды. Қосымша ақпаратты Саусақты жиектен жылжыту (32-бет) бөлімінен қараңыз.
Шамдар Бөлік Сипаттама (1) Caps lock шамы Қосулы: пернелердің барлығын бас əріп ететін «Caps lock» пернесі басылған. (2) Дыбысты өшіру шамы ● Сары: компьютер дыбысы өшірулі. ● Өшірулі: компьютер дыбысы қосулы. Үндеткіштер 12 Бөлік Сипаттама Үндеткіштер (2) Дыбыс шығарады.
Пернелер Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) fn пернесі b пернесі, бос орын немесе esc пернесімен бірге басылғанда, жиі пайдаланылатын жүйелік функцияларды орындайды. (3) Windows пернесі Ашық болған бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен бастау экранына жылдам қайтарады. ЕСКЕРТПЕ: Windows пернесі қайта басылған кезде, алдыңғы экран ашылады. (4) Əрекеттер пернелері Жиі қолданылатын жүйелік функцияларды орындайды.
Бөлік 14 (1) Сериялық нөмір (2) Өнім нөмірі (3) Кепілдік күшінің мерзімі (4) Модель нөмірі (тек таңдаулы үлгілерде) ● Техникалық деректер жапсырмасы(лары) — компьютер туралы техникалық ақпаратты береді. ● Сымсыз куəлік беру туралы жапсырма(лар) — қосымша сымсыз құрылғылар туралы ақпаратты жəне осы құрылғылардың қолданылуы мақұлданған елдер немесе аймақтардың мақұлдау таңбаларын қамтамасыз етеді.
3 Желіге қосылу Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не сымды желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған вебтораптардың ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат əлеммен байланысуға көмектеседі. Сымсыз желіге қосылу Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
Сымсыз байланыс түймешігін пайдалану Үлгісіне қарай, компьютерде сымсыз байланыс пернесі немесе бірнеше сымсыз құрылғылар болады. Компьютердегі сымсыз құрылғылардың барлығы зауытта қосылады, сондықтан, компьютер қосылғанда, сымсыз құрылғылар қосылып тұрады. Сымсыз құрылғылар зауытта қосылатындықтан, оларды бір уақытта қосу немесе өшіру үшін, сымсыз байланыс түймешігін пайдалануға болады. Жеке сымсыз құрылғыларды HP Connection Manager бағдарламалық құралы арқылы басқаруға болады (тек таңдаулы үлгілерде).
3. Просмотр активных сетей (Белсенді желілерді көру) ішінен белсенді желіні таңдаңыз. 4. Қауіпсіздік, желілік байқау, файлдар мен принтерлерді ортақтастыру немесе басқа желілік мүмкіндіктер үшін ортақтастыру параметрлерін орнату мақсатымен Изменить дополнительные параметры общего доступа (Қосымша ортақтасу параметрлерін өзгерту) параметрін таңдаңыз.
WLAN желісін орнату WLAN құрылғысын орнату жəне Интернетке қосылу үшін, төмендегі жабдық қажет: ● Кең жолақты модем (DSL немесе кабельді) (1) жəне Интернет провайдерінен сатып алынған жоғары жылдамдықты интернет қызметі ● Сымсыз жол жоспарлағыш (2) (бөлек сатылады) ● Сымсыз компьютер (3) ЕСКЕРТПЕ: Кейбір модемдердің ішіне жол жоспарлағышы орнатылады. Интернет провайдерінен модем түрінің қайсысын пайдаланатындығын сұраңыз.
Сымсыз шифрлау желі арқылы тасымалданатын деректерді шифрлау жəне шифрын ашу үшін қауіпсіздік параметрлерін қолданады. Қосымша ақпарат алу үшін бастау экранында справка (анықтама) сөзін теріп, одан кейін Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) тармағын таңдаңыз. WLAN желісіне қосылу WLAN желісіне қосылу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз.
НР Мобильді кең жолақты модулін пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) HP мобильді кең жолақты модулі компьютерге WLAN желілерімен салыстырғанда WWAN арқылы Интернетке көбірек орындардан жəне үлкенірек аймақтардан кіруге мүмкіндік береді. HP мобильді кең жолақты байланысы, көптеген жағдайларда ұялы байланыс операторы болып табылатын, (ұялы байланыс операторы деп аталатын) желі қызметінің провайдерін қажет етеді. НР мобильді кең жолақты желісінің қамту аясы ұялы телефон дауысының қамту аясымен бірдей.
5. SIM картасын SIM ұясына салып, ол өз орнында тығыз түскенше SIM картасын оның ұясына жайлап басыңыз. ЕСКЕРТПЕ: мүмкін. Компьютердің SIM картасы осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы 6. Сыртқы қуатты қайтадан қосыңыз. 7. Сыртқы құрылғыларды қайтадан қосыңыз. 8. Компьютерді қосыңыз. SIM картасын басып, картаны ұясынан шығарып алыңыз.
Bluetooth сымсыз құрылғыларын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Bluetooth құрылғысы əдетте мына электрондық құрылғыларды байланыстыратын физикалық кабель қосылымдарын ауыстыратын қысқа ауқымды сымсыз байланыстарды қамтамасыз етеді.
4 Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану Веб-камера арқылы байланысу, музыканы тыңдау жəне басқару, бейнефильмдерді жүктеу жəне көру амалдарын орындау үшін HP компьютерін көңіл көтеру орталығы ретінде пайдаланыңыз. Компьютеріңізді бұдан да қуатты көңіл көтеру орталығына айналдыру үшін, монитор, проектор, теледидар немесе үндеткіштер мен құлақаспаптар сияқты жоғары ажыратымдылықты сыртқы құрылғыларды жалғаңыз. Мультимедиа мүмкіндіктері Төменде осы компьютердің бірнеше көңіл көтеру мүмкіндіктері көрсетілген.
Бөлік Сипаттама (3) Iшкі микрофон Дыбысты жазады. (4) HDMI порты Ажыратымдылығы жоғары теледидар немесе кез келген үйлесімді сандық не аудио құрамдас бөлікті немесе жоғары жылдамдықты HDMI құрылғысы сияқты қосымша бейне немесе дыбыс құрылғыларын қосады. (5) USB 3.0 порты Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер немесе USB хабі сияқты қосымша USB құрылғысы жалғанады. (6) USB 2.
Веб-камераны пайдалану Компьютердің кірістірілген веб-камерасы бейнені жазады жəне фотосуретке түсіреді. Кейбір модельдерде бейне ағыны мүмкіндігімен бейнеконференция мен желіде чат сеанстарын ұйымдастыруға болады. ▲ Веб-камераны пайдалану үшін, Бастау экранынан камера сөзін жазыңыз, одан кейін бағдарламалар тізімінен Камера тармағын таңдаңыз. Веб-камераны қолдану туралы толық ақпарат алу үшін, Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) бөліміне өтіңіз.
Beats Audio басқару тақтасын ашу Beats Audio басқару тақтасында дыбыс жəне төменгі дыбыс жиілігі параметрлерін көріп, қолмен басқаруға болады. ▲ Бастау экранына п əрпін теріп, Панель управления (Басқару тақтасы), Оборудование и звук (Жабдық жəне дыбыс), Панель управления Beats Audio (Beats Audio басқару тақтасы) тармақтарын таңдаңыз. Beats Audio қосу жəне өшіру ▲ Beats Audio функциясын қосу не өшіру үшін, fn пернесін b пернесімен бірге басыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Сыртқы құрылғының дұрыс кабель арқылы компьютердегі дұрыс ұяға қауіпсіз түрде жалғанғандығына көз жеткізіңіз. Сұрақтарыңыз болса, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын қараңыз. Видео құрылғыларын HDMI кабелін пайдалану арқылы қосу ЕСКЕРТПЕ: HDMI құрылғысын компьютерге жалғау үшін бөлек сатылатын HDMI кабелі қажет болады. Компьютер экранындағы кескінді ажыратымдылығы жоғары теледидардан не компьютерден көру үшін, ажыратымдылығы жоғары құрылғыны келесі нұсқауларға сəйкес жалғаңыз. 1.
1. Тапсырмалар тақтасының оң жақ шетіндегі хабарландыру аймағындағы Динамики (Үндеткіш) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Устройства воспроизведения (Ойнату құрылғылары) параметрін таңдаңыз. 2. Воспроизведение (Ойнату) қойыншасында сандық шығыс құрылғысының атын нұқыңыз. 3. Установить по умолчанию (Əдепкі күйді орнату) пəрменін таңдап, OK түймешігін басыңыз. Дыбысты қайтадан компьютер үндеткіштерінен шығару үшін, мына қадамдарды орындаңыз. 1.
5 Экранда шарлау Компьютер экраны бойынша келесі əдістермен жылжуға болады: ● Түрту қимылдары ● Пернетақта жəне тінтуір Қимылдар компьютердің сенсорлы тақтасында немесе сенсорлы экранында қолдануға болады. ЕСКЕРТПЕ: Компьютердегі USB порттарының біреуіне жалғау арқылы сыртқы USB тінтуірін (бөлек сатылады) пайдалана аласыз. Компьютермен бірге жеткізілген Windows Негіздері нұсқаулығын қараңыз.
Жылжу Жылжу қимылы бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе көлденең жылжу кезінде қажет əрекет. ● Екі саусақты сенсорлы тақта аймағына арасын алшақ қойып, одан кейін оларды жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай жылжытыңыз. 2 саусақ көмегімен қысып масштабтау Екі саусақ көмегімен қысып масштабтау қимылдары суреттерді немесе мəтінді кішірейтуге немесе үлкейтуге мүмкіндік береді.
● Кішірейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақтаға арасын алшақ қойып, одан кейін олардың арасын жақындатыңыз. ● Үлкейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақта аймағына бірге қойып, олардың арасын ашыңыз. 2 саусақпен басу Екі саусақпен басу қимылы экрандық нысан үшін мəзір пəрмендерін таңдауға мүмкіндік береді. ЕСКЕРТПЕ: 2 саусақпен басу қимылын пайдалану – тінтуірдің оң түймесін басу сияқты əрекет.
Саусақты жиектен жылжыту Жиектерді сипау қимылдары параметрлер өзгерту жəне бағдарламаларды табу немесе пайдалану сияқты əрекеттерді орындауға мүмкіндік береді. Саусақты оң жақ жиектен жылжыту Саусақты оң жақ жиектен жылжыту қимылы шебер түймелерге қатынасуға мүмкіндік береді, бұл түймелер іздеу, ортақ пайдалану, бағдарламаларды бастау, құрылғыларды ашу немесе параметрлерді өзгерту сияқты тапсырмаларды орындайды. ● Шебер түймелерді көрсету үшін саусағыңызды оң жақ жиектен жылжытыңыз.
Саусақты үстіңгі жиектен жылжыту Саусақты үстіңгі жиектен жылжыту арқылы бағдарламаларды өзгертуге мүмкіндік беретін бағдарламаларды басқару опциялары көрсетіледі. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Бағдарлама ашық кезде, үстіңгі жиекті сипау қимылы бағдарламаға байланысты əртүрлі болады. ● Бағдарламаларды басқару опцияларын көрсету үшін саусақты үстіңгі жиектен ақырын жылжытыңыз. Сенсорлы экран іс-қимылдарын пайдалану Сенсорлы экраны бар компьютер экрандағы элементтерді саусақтар арқылы тікелей басқаруға мүмкіндік береді.
КЕҢЕС: Сенсорлы экраны бар компьютерде қимылдарды экранда немесе сенсорлы тақтада орындауға болады. Сонымен қатар, сенсорлы экрандағы əрекеттерді пернетақта мен тінтуір көмегімен жүзеге асыруға болады. Бір саусақты сырғыту Көбінесе, бір саусақты сырғыту қимылы панорамалау немесе тізімдер мен беттерді айналдыру үшін қолданылады, бірақ оны нысанды жылжыту сияқты басқа да əрекеттерді орындау мақсатымен пайдалана аласыз.
Жылжу Жылжу қимылы меңзерді бетте немесе суретте жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай жылжыту кезінде қажет əрекет. ● Екі саусағыңызды экранға қойып, оларды жоғары, төмен, солға немесе оңға қарай сүйрете жылжытыңыз. 2 саусақ көмегімен қысып масштабтау Екі саусақ көмегімен қысып масштабтау қимылдары суреттерді немесе мəтінді кішірейтуге немесе үлкейтуге мүмкіндік береді. ● Кішірейту үшін, екі саусақты экранға арасын алшақ қойып, одан кейін олардың арасын жақындатыңыз.
Саусақты жиектен жылжыту Саусақты жиектен жылжыту қимылдары параметрлер өзгерту жəне бағдарламаларды табу немесе пайдалану сияқты əрекеттерді орындауға мүмкіндік береді. Саусақты оң жақ жиектен жылжыту Саусақты оң жақ жиектен жылжыту қимылы шебер түймелерге қатынасуға мүмкіндік береді, бұл түймелер іздеу, ортақ пайдалану, бағдарламаларды бастау, құрылғыларды ашу немесе параметрлерді өзгерту сияқты тапсырмаларды орындайды.
● Бағдарламалар арасында ауысу үшін саусағыңызды дисплейдің сол жақ жиегінен ішіне қарай жайлап сырғытыңыз. Ашық болған барлық бағдарламаларды көрсету үшін саусағыңызды экраннан көтермей оны сол жақ жиекке қарай қайта сырғытыңыз. Саусақты үстіңгі жəне төменгі жиектерден жылжыту Жоғарғы жиекті немесе төменгі жиекті сипау бағдарламаларды теңшейтін бағдарлама пəрмені опцияларын көрсетеді. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Бағдарлама ашық кезде, саусақты үстіңгі жиектен жылжыту қимылы бағдарламаға байланысты əртүрлі болады.
Пернетақтаны жəне тінтуірді пайдалану Пернетақта жəне тінтуір теруге, элементтерді таңдауға, айналдыруға жəне сенсорлы экрандағы қимылдар сияқты бірдей функцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, пернетақта арнайы функцияларды орындау мақсатымен əрекет пернелері мен жылдам пернелерді пайдалануға мүмкіндік береді. КЕҢЕС: Пернетақтадағы Windows пернесі ашық болған бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен бастау экранына жылдам оралуға мүмкіндік береді.
Белгіше Перне Сипаттама f6 Үндеткіш дыбысын өшіреді немесе қайта қосады. f7 Бұл пернені басып ұстап тұрғанда үндеткіштің дыбыс деңгейін қадам бойынша төмендетеді. f8 Бұл пернені басып ұстап тұрғанда үндеткіштің дыбыс деңгейін қадам бойынша жоғарылатады. f9 Аудио ықшам дискідегі алдыңғы жолды немесе DVD немесе BD дискісіндегі алдыңғы бөлімді ойнатады. f10 Ықшам дискіні, DVD немесе BD дискісін ойнатады, уақытша тоқтатады немесе ойнатуды жалғастырады.
6 Қуат басқару Бұл компьютер батарея қуатымен немесе сыртқы қуат көзіне қосу арқылы жұмыс істейді. Егер компьютер батарея қуатымен жұмыс істейтін болса жəне батареяны зарядтау үшін оны АТ қуат көзіне жалғау мүмкін болмаса, батарея зарядын бақылау жəне үнемдеу өте маңызды. Қуат үнемделіп тұрған компьютер жұмысын реттеу мақсатымен компьютердің қуат пайдалану жəне үнемдеу жолын басқару үшін компьютерде оңтайлы қуат жоспары қолданылады.
Күту күйін қолмен бастау жəне шығу (тек таңдаулы үлгілерде) Пайдаланушы арқылы қосылатын күту күйін қосу жəне басқа қуат параметрлері мен күту үзілістерін өзгерту үшін «Қуат параметрлері» пəрменін пайдаланыңыз. 1. Бастау экранында параметры питания (қуат параметрлері) сөздерін теріңіз, содан Параметры питания (Қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз. 2. Сол жақ тақтадан Укажите действие кнопки питания (Қуат түймешігінің əрекетін таңдаңыз) сілтемесін нұқыңыз. 3.
● Батарея зарядының қалған деңгейін жəне Windows жұмыс үстелінде орналасқан ағымдағы қуат жоспарын экранда көру үшін, меңзерді қуат көрсеткіші белгішесінің үстінен жүргізіңіз. ● Қуат параметрлерін пайдалану үшін, қуат көрсеткіші белгішесін басып, тізімнен бір тармақты таңдаңыз. Бастау экранында параметры питания сөздерін теріңіз, содан Параметры питания (қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз.
● Батареяны тексеру ● Батареяның түрлері, сипаттамалары, батареяның қызмет ету мерзімдері жəне сыйымдылығы туралы ақпарат Батарея қуатын үнемдеу Батарея қуатын үнемдеуге жəне батареяның қызмет ету мерзімін ұзартуға қатысты келесі кеңестерді пайдаланыңыз: ● Экранның жарықтығын төмендетіңіз. ● Параметры электропитания (Қуат параметрлері) ішінен Сохранение питания (Қуат үнемдегіші) параметрін таңдаңыз. ● Пайдаланбаған кезде сымсыз құрылғыларды өшіріңіз.
Компьютер күту күйінен шыға алмайтын кезде төмен батарея деңгейін шешу Күту күйінен шығу үшін компьютерде қажетті қуат жетпеген кезде, келесі қадамдарды орындаңыз: 1. Айнымалы ток адаптерін компьютер мен сыртқы қуат көзіне жалғаңыз. 2. Қуат түймешігін басып күту күйінен шығыңыз. Сыртқы айнымалы ток қуатын іске қосу Айнымалы ток көзіне қосу туралы ақпаратты компьютер қорабының ішіндегі Орнату нұсқаулары постерінен қараңыз.
Айнымалы ток адаптерін тексеру: 1. Компьютерді сөндіріңіз. 2. Айнымалы ток адаптерін компьютерге жəне ауыспалы ток розеткасына жалғаңыз. 3. Компьютерді қосыңыз. ● Қуат шамдары жанса, айнымалы ток адаптері дұрыс істеп тұр. ● Қуат шамдары өшіп тұрса, айнымалы ток адаптері мен компьютер арасындағы жəне айнымалы ток адаптері мен розетка арасындағы қосылысты тексеріңіз. ● Байланыс дұрыс орнатылған, бірақ қуат шамдары сонда да өшіп тұрса, айнымалы ток адаптері істемей тұр жəне оны ауыстыру қажет.
Өшіру пəрмені барлық ашық бағдарламаларды жабады, сондай-ақ амалдық жүйені жəне дисплей мен компьютерді де өшіреді. Төмендегі жағдайлардың кез келгенінде компьютерді өшіріңіз: ● USB немесе бейне портына жалғанбайтын сыртқы жабдықты жалғағанда: ● Компьютер ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған немесе сыртқы қуат көзінен ажыратылған кезде.
7 Компьютерге техникалық қызмет көрсету Компьютерді оңтайлы күйде сақтау үшін, оған жүйелі түрде техникалық қызмет көрсету маңызды болып табылады. Бұл тарауда Disk Defragmenter (Диск дефрагментаторы) жəне Disk Cleanup (Дискіні тазалау) сияқты құралдарды пайдалану жəне қатты дискіні ауыстыру не жад қосу амалдарын орындау арқылы компьютер жұмысын жақсарту туралы ақпарат беріледі.
қатты диск файлдарды табу үшін күштірек жұмыс істеп, бұл өз кезегінде, компьютер жұмысын баяулатады. Амалдық жүйе тиімді жұмыс істеуі үшін, Disk Defragmenter (Диск дефрагментаторы) құралы қатты дискідегі фрагменттелген файлдар мен қалталарды қайта біріктіреді (немесе физикалық түрде қайта орналастырады). ЕСКЕРТПЕ: Дискіні дефрагментациялау құралын жартылай өткізгіш диск жетектерінде істету қажет емес. Дискіні дефрагментациялау құралы басталғаннан кейін, ол қараусыз жұмыс атқарады.
● Диметил бензил аммоний хлоридінің 0,3 пайыздық тұнбасы (мысалы, əртүрлі компаниялар шығарған бір рет қолданылатын сүрткіштер түрінде). ● Құрамында спирті жоқ əйнек тазалағыш сұйықтық ● Жұмсақ сабын қосылған су ● Құрғақ микроталшықты тазалау шүберегі немесе күдері (майланбаған жұмсақ антистатикалық шүберек) ● Антистатикалық шүберек майлықтар ЕСКЕРТУ: Компьютерді бір жолға зақымдауы мүмкін қатты тазартқыш еріткіштерді пайдаланбаңыз.
● Сенсорлы тақта, пернетақта немесе тінтуірді тазалау үшін, бұрын аталған тазалау сұйықтықтарының біреуіне суланған жұмсақ микроталшық матаны, күдеріні немесе бір рет пайдаланылатын бір рет қолданылатын майлықты пайдаланыңыз. ● Пернелердің жабысып қалуын болдырмай, пернетақтадан шаңды, талшықтарды жəне қоқымдарды кетіру үшін түтігі бар қаңылтыр бөтелкедегі қысылған ауаны пайдаланыңыз.
8 Компьютер мен ақпаратты қорғау Компьютер қауіпсіздігі ақпараттың құпиялылығы, сенімділігі мен қолжетімділігін қорғау үшін өте маңызды. Windows амалдық жүйесі, HP бағдарламалары, Windows емес Setup Utility (BIOS) құралы жəне басқа үшінші тарап бағдарламалық құралдары қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік шешімдері компьютерді вирустар, «құрттар» сияқты түрлі қауіп-қатерлерден жəне зиян келтіретін код түрлерінен қорғауға көмектесе алады.
Экранды қорғағыш құпия сөздері сияқты Windows құпия сөздері туралы қосымша ақпаратты алу үшін, бастау экранында hp support assistant (hp қолдау көмекшісі) деп теріп, HP Support Assistant (НР қолдау көмекшісі) бағдарламасын таңдаңыз. Windows жүйесінде құпиясөздерді орнату Құпиясөз Қызмет Пайдаланушы құпиясөзі Windows пайдаланушы есептік жазбасына кіруді қорғайды. Əкімші құпиясөзі Компьютер мазмұнына əкімші деңгейінде кіруді қорғайды.
1. Setup Utility (BIOS) утилитасын іске қосу үшін, компьютерді қосып немесе қайта қосып, esc пернесін жылдам басыңыз да, f10 пернесін басыңыз. 2. Безопасность (Қауіпсіздік) пəрменін таңдау үшін көрсеткі пернелерді басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді.
Бағдарламалық құрал жаңартуларын орнату Қауіпсіздік мəселелерін шешу жəне бағдарламалық құрал жұмысын жақсарту үшін, компьютерге орнатылған HP компаниясының, Microsoft Windows амалдық жүйесінің жəне үшінші тарап бағдарламалық құралдарын үнемі жаңартып жүріңіз. Қосымша ақпаратты Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту (48-бет) бөлімінен қараңыз. Қорғаныс жүйесінің маңызды жаңартуларын орнату ЕСКЕРТУ: Microsoft маңызды жаңартулардың бар екені туралы ескертеді.
Компьютердің қауіпсіздік кабелі ұясы осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін. Компьютеріңіздегі қауіпсіздік кабель құлпының орналасқан жері туралы ақпаратты Компьютермен танысу (5-бет) бөлімінен қараңыз. 1. Қауіпсіздік кабель құлпын қорғалатын затқа ораңыз. 2. Кілтті (1) қауіпсіздік кабель құлпына (2) салыңыз. 3. Қауіпсіздік кабель құлпын компьтердегі қауіпсіздік кабелінің ұясына (3) салыңыз да, сосын оны кілтпен жабыңыз. 4. Құлыпты шығарып алып, қауіпсіз жерде сақтаңыз.
9 Setup Utility (BIOS) жəне HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану Setup Utility немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс жəне шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір жəне принтер) арасындағы байланысты басқарады. Setup Utility (BIOS) ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің жүктелу реті жəне жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған.
BIOS жаңартуын жүктеп алу ЕСКЕРТУ: Компьютерге зақым келтірмеу немесе сəтсіз орнатуды болдырмау үшін BIOS жаңарту файлын компьютер айнымалы ток адаптері арқылы сенімді сыртқы қуат көзіне қосылған кезде ғана жүктеп алыңыз жəне орнатыңыз. Компьютер батарея қуатымен жұмыс істеп тұрғанда, қосымша жалғау құрылғысына жалғанғанда немесе қосымша қуат көзіне қосулы болғанда, BIOS жаңартуын жүктеп алмаңыз немесе орнатпаңыз.
HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану HP PC Hardware Diagnostics – бірыңғай кеңейтілетін ішкі бағдарламалық құрал интерфейсі (UEFI). Бұл құрал компьютердің аппараттық құралдарының дұрыс жұмыс істейтінін анықтау үшін диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді. Құрал амалдық жүйенің сыртында жұмыс істейді жəне амалдық жүйенің өзі немесе басқа бағдарламалық құралдар бөліктері туындауы мүмкін аппараттық құралдың ақаулықтарын бөлектейді. HP PC Hardware Diagnostics UEFI пайдалану үшін 1.
10 Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару жəне қалпына келтіру Бұл тарауда келесі үрдістер туралы ақпарат беріледі: ● Қалпына келтіру дискісін жəне сақтық көшірмелерді жасау ● Жүйеңізді бастапқы қалпына келтіру жəне қалыпқа келтіру Қалпына келтіру дискісін жəне сақтық көшірмелерді жасау 1. Компьютерді сəтті орнатқаннан кейін HP қалпына келтіру дискісін жасаңыз. Бұл үрдіс барысында компьютердегі HP Recovery (НР қалпына келтіру) бөлімінің сақтық көшірмесі жасалады.
● НР Қалпына келтіру дискілерінің тек қана бір жинағын жасауға болады. Бұл қалпына келтіру құралдарын қолданғанда сақ болып, оларды қауіпсіз жерде сақтаңыз. ● HP Recovery Manager (НР Қалпына келтіру көмекшісі) бағдарламалық құралы компьютерді тексеріп, бос USB флэш-дискісінің сақтау көлемін немесе қажет етілетін бос DVD дискілерінің санын анықтайды.
Бастау экранына справка (анықтама) сөзін теріп, одан кейін Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) пəрменін таңдаңыз. ● Егер сізге алдын ала орнатылған қолданба немесе драйвер мəселесін шешу қажет болса, жеке қолданба немесе драйверді қайта орнату үшін HP Recovery Manager (НР Қалпына келтіру көмекшісі) бағдарламалық құралының Drivers and Applications Reinstall (Драйверлер мен қолданбаларды қайта орнату) мүмкіндігін пайдаланыңыз.
● System Recovery (Жүйені қалпына келтіру): түпнұсқалық амалдық жүйені қайта орнатады, одан кейін зауытта орнатылған бағдарламалар үшін параметрлерді реттейді. ● Ықшамдалған кескіннен қалпына келтіру (тек таңдаулы үлгілерде) — Амалдық жүйені жəне барлық аппараттық құралдармен байланысты драйверлер мен бағдарламалық құралдарды қайта орнатады, бірақ басқа бағдарламалық құрал қолданбаларын орнатпайды.
Қуат түймешігін басқан кезде f11 пернесін басып ұстап тұрыңыз. 2. Жүктеу опцияларының мəзірінен Устранение неполадок (Ақаулықтарды жою) тармағын таңдаңыз. 3. Менеджер восстановления (Қалпына келтіру басқарушысы) тармағын таңдаңыз жəне экрандағы нұсқауларды орындаңыз. HP жүйені қалпына келтіру құралы көмегімен қалпына келтіру Түпнұсқалық жүйені қалпына келтіру үшін, НР қалпына келтіру дискісін пайдалана аласыз.
11 Техникалық сипаттамасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек. Компьютер бөлек тұрақты ток көзінен жұмыс жасаса да, ол тек НР компаниясы берген жəне осы компьютерге қолдану үшін ұсынған айнымалы ток адаптері немесе тұрақты ток көзіне қосылуы керек.
Жұмыс ортасы Фактор Метрикалық өлшемдер жүйесі АҚШ-та пайдаланылатын өлшемдер жүйесі Пайдалануға болатын 5 - 35°C 41 - 95°F Жұмыссыз режимде -20 мен 60°C арасында -4 пен 140°F арасында Температура Салыстырмалы ылғалдылық (конденсанцияланбайтын) Пайдалануға болатын 10 - 90% 10 - 90% Жұмыссыз режимде 5 - 95% 5 - 95% Пайдалануға болатын -15 м мен 3048 м арасында -50 фут пен 10000 фут арасында Жұмыссыз режимде -15 м мен 12 192 м арасында -50 мен 40000 фут арасында Ең жоғары биіктік (қысымс
12 Электростатикалық разряд Электростатикалық ток соғу — екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының соғуы, мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу. Саусақтар немесе басқа электростатикалық разряд өткізгіштерінен шығатын статикалық электр қуатының разряды электрондық бөліктерге зақым келтіруі мүмкін.
Индекс А ажыратымдылығы жоғары құрылғылар, жалғау 27, 28 Айнымалы ток адаптері 6 айнымалы ток адаптері, тексеру 44 айнымалы ток адаптерін тексеру 44 астыңғы жағы 14 аудио шығыс (құлақаспап)/аудио кіріс (микрофон) ұясы 8, 24 Ә əрекеттер пернелері алдыңғы жолшық немесе бөлім 39 Анықтама жəне қолдау 38 анықтау 13 дыбыс деңгейін арттыру 39 дыбысты өшіру 39 ойнату, кідірту, жалғастыру 39 сымсыз байланыс 39 төменгі дыбыс деңгейі 39 экран жарықтығын арттыру 38 экран жарықтығын төмендету 38 экран суретін ауыстыру 3
Күту қосу 41 өте төмен батарея деңгейі кезінде қосылады 43 шығу 41 Күту режимі қосу 40 шығу 40 күтім Дискіні дефрагментациялау құралы 47 Дискіні тазалау 48 кішірейтілген бейнені қалпына келтіру 62 Қ қалпына келтіру HP Recovery Manager 61 USB флэш картасы 63 Windows жүйесінің Файлдар журналы 61 дискілер 60, 63 жүйе 61 қолдау көрсетілетін дискілер 60 қосу 62 құрал 63 мүмкіндіктер 60 НР жүйені қалпына келтіру құралы көмегімен 60 қалпына келтіру бөлімі жою 63 қатты диск HP 3D DriveGuard 47 қатты диск шамы 6 қау
саусақты үстіңгі жиектен жылжыту 37 түрту 34 сериялық нөмір 13 сериялық нөмір, компьютер 13 сымсыз байланыс түймешігі 15 сымсыз басқару элементтері Wireless Assistant бағдарламалық құралы 15 амалдық жүйе 15 түймешігі 15 сымсыз желі, қорғау 54 сымсыз желі (WLAN) жұмыс ауқымы 19 корпоративтік WLAN қосылымы 19 қажет жабдық 18 қауіпсіздік 18 қоғамдық WLAN қосылымы 19 қосылу 19 пайдалану 17 сымсыз куəландыру белгісі 14 сыртқы айнымалы ток қуаты, пайдалану 44 сыртқы айнымалы ток қуатын пайдалану 44 Т тұтынылатын
W Windows жүйені қалпына келтіру нүктесі 59 файлдарды қалпына келтіру 61 Файлдар журналы 61 Windows құпия сөздері 52 Windows пернесі, анықтау 13 Wireless Assistant бағдарламалық құралы 15 WLAN антеннасы, анықтау 9 WLAN жапсырмасы 14 WLAN желісіне қосылу 19 WLAN жүйесін орнату 18 WLAN құрылғысы 14, 17 WWAN антенналары, анықтау 9 WWAN құрылғысы 20 70 Индекс