User's Guide
Сол жақ
Бөлік Сипаттама
(1)
Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды.
ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал
ретінде əрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютерге
күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы
мүмкін.
(2)
HDMI порты Ажыратымдылығы жоғары теледидар немесе кез келген
сыйысымды сандық не аудио құрылғысы сияқты
қосымша бейне немесе дыбыс құрылғыларын қосады.
(3)
USB 3.0 порттары (2) Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер сияқты
қосымша USB құрылғысы немесе USB хабі USB 3.0
портына жалғанады.
(4)
Аудио шығыс (гарнитура) ұясы/Аудио
кіріс (микрофон) комбо ұясы
Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштер,
құлақаспаптар, тығын тəріздес құлақаспаптар,
гарнитура немесе теледидар дыбыс кабелі қосылады.
Сонымен қатар, қосымша гарнитура микрофонын
қосады. Бұл ұя қосымша тек микрофон құрылғыларын
қолдамайды.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін,
құлақаспаптарды, тығын тəріздес құлақаспапты немесе
гарнитураны кимес бұрын дыбыс деңгейін
реттеңіз.
Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін, Заңдық,
қауіпсіздік жəне экологиялық ескертпелер нұсқаулығын
қараңыз. Қосымша ақпарат алу үшін,
Қосымша HP
ресурстары 13-бетте бөлімін қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Құрылғы ұяға қосулы болғанда, компьютер
үндеткіштері ажыратылады.
ЕСКЕРІМ: Құрылғы кабелінің аудио шығыс
(құлақаспап) жəне аудио кіріс (микрофон) ұяларының
екеуіне сəйкес келетін 4 сымды қосқышы бар екеніне
көз жеткізіңіз.
(5) Қуат шамы
●
Ақ: компьютер қосулы.
● Ақ жарықпен жыпылықтаған: компьютер ұйқы
күйінде.
●
Өшірулі: компьютер өшірулі.
2 Бап 1 Компьютермен танысу