User Guide - Windows 8.1
Батарея қуатын үнемдеу
Батарея қуатын үнемдеуге жəне батареяның қызмет ету мерзімін ұзартуға қатысты келесі
кеңестерді пайдаланыңыз:
●
Экранның жарықтығын төмендетіңіз.
● Параметры электропитания (Қуат параметрлері) ішінен Сохранение энергии (Қуат
үнемдегіші) параметрін таңдаңыз.
●
Пайдаланушы арқылы ауыстырылатын батареяны 2 аптадан астам уақыт ішінде
қолданыста болмаған немесе зарядталмаған компьютерден шығарып алыңыз.
●
Пайдаланбаған кезде сымсыз құрылғыларды өшіріңіз.
●
USB портына қосылған
сыртқы қатты диск сияқты сыртқы қуат көзіне жалғанбаған
пайдаланылмайтын сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
● Пайдаланбаған кез келген сыртқы мультимедиа карталарының жұмысын тоқтатыңыз,
оларды өшіріңіз немесе шығарып алыңыз.
●
Жұмысты тоқтатпас бұрын, ұйқылық күйді қосыңыз немесе компьютерді өшіріңіз.
Батарея зарядының төмен деңгейлерін анықтау
Компьютердің жалғыз қуат көзі болатын батарея заряды төмен батарея деңгейіне жеткенде,
батарея шамы жыпылықтайды.
●
Батарея шамы (тек таңдаулы үлгілерде) батарея зарядының төмен немесе тым төмен
деңгейін көрсетеді.
– немесе –
●
Windows жұмыс үстеліндегі қуат көрсеткішінің белгішесі төмен немесе өте төмен заряд
деңгейі туралы хабарландыру береді.
ЕСКЕРІМ: Қуат көрсеткіші туралы қосымша ақпарат алу үшін, Қуат көрсеткішін жəне қуат
параметрлерін қолдану 52-бетте бөлімін қараңыз.
Өте төмен батарея деңгейі кезінде компьютер төмендегі əрекеттерді орындайды:
●
Күту күйі ажыратылған кезде жəне компьютер қосулы немесе ұйқылық күйде тұрғанда,
компьютер қысқа уақытқа ұйқы күйіне өтеді жəне одан кейін өшеді. Барлық сақталмаған
ақпарат жоғалады.
●
Күту күйі қосылған кезде жəне компьютер қосулы немесе ұйқылық күйде тұрғанда,
компьютерде күту күйі іске қосылады.
Төмен батарея деңгейі мəселесін шешу
Сыртқы қуат қолданылғанда төмен батарея деңгейін шешу
●
Айнымалы ток адаптерін қосыңыз.
●
Қосымша қондыру немесе кеңейту құрылғысын жалғаңыз.
●
НР компаниясынан қосалқы құрал ретінде сатып алынатын қосымша қуат адаптерін
қосыңыз.
Ешқандай қуат көзі болмағанда төмен батарея деңгейін шешу
Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.
54 Бап 6 Қуат басқару