User Guide - Windows 7

Егер компьютердің қатты дискісінде ақаулық орын алса немесе компьютердің жұмыс істеу
мəселелерін шешу əрекеттері сəтті болмаса, жүйені қалпына келтіруді орындау қажет.
Қалпына келтіру дискілері жұмыс істемесе, жүйенің қалпына келтіру дискілерін НР веб-
торабындағы қолдау қызметінен алуға болады.
http://www.hp.com/support мекенжайына
өтіп, ел немесе аймақты таңдаңыз жəне экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Minimized Image Recovery опциясын тек тəжірибелі пайдаланушыларға қолдану
ұсынылады. Барлық аппараттық құралдарға қатысты драйверлер жəне бағдарламалық
құралдар қайта орнатылады, алайда бағдарламалық құралдар қалпына келтірілмейді.
Процесті аяқталғанға дейін тоқтатпаңыз, əйтпесе қалпына келтіру жүзеге аспайды.
Қалпына келтіру бөлімінің көмегімен қалпына келтіру (тек таңдаулы үлгілерде)
HP қалпына келтіру бөлімі (тек таңдаулы үлгілерде) қалпына келтіру дискілерін немесе
қалпына келтіру флэш-жадын пайдаланбастан жүйені бастапқы қалпына келтіруге мүмкіндік
береді. Қалпына келтірудің бұл түрін тек қатты диск жұмыс істеп тұрғанда пайдалану мүмкін
болады.
Қалпына келтіру бөлімінің бар екенін тексеру үшін Пуск (Бастау) түймешігін басып, Компьютер
тармағын тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып,
содан кейін Управление (Басқару) >
Управление дисками (Дискілерді басқару) тармағын таңдаңыз. Егер қалпына келтіру бөлімі
бар болса, қалпына келтіру дискісі терезедегі тізімде көрсетіледі.
ЕСКЕРІМ: Егер қалпына келтіру бөлімі компьютермен бірге жеткізілмесе, қалпына келтіру
дискілері қамтылады.
1. HP Recovery Manager бағдарламасын төмендегі жолдармен іске қосыңыз:
Пуск (Бастау) тармағын таңдаңыз да, іздеу жолағына қалпына келтіру деп
жазыңыз. Тізімнің ішінен Recovery Manager тармағын таңдаңыз.
немесе
Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз жəне экранның төменгі
жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін
басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. Содан соң, «F11 (System
Recovery)» (F11 (Жүйені қалпына
келтіруі)) хабары экранда көрсетілгенде f11
пернесін басыңыз.
2. HP Recovery Manager терезесінде System Recovery (Жүйені қалпына келтіру) параметрін
таңдаңыз.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Қалпына келтіру дискілерінен қалпына келтіру
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. Бірінші қалпына келтіру дискісін компьютердегі оптикалық диск жетегіне немесе қосымша
сыртқы оптикалық диск жетегіне салыңыз да, компьютерді қайта іске қосыңыз.
немесе
Қалпына келтіру флэш-жадын компьютердің USB портына салып, компьютерді қайта іске
қосыңыз.
ЕСКЕРІМ: Компьютер HP Recovery Manager бағдарламалық құралын автоматты түрде
қайта қоспаса, компьютердің жүктелу тəртібін өзгерту керек.
Компьютердің жүктелу
тəртібін өзгерту 74-бетте бөлімін қараңыз.
Алдыңғы күйге қайтару жəне қалпына келтіру 73