User Guide - Windows 7
Жад картасын енгізу жəне шығару
Жад картасын енгізу үшін
ЕСКЕРТУ: Жад картасы қосқыштарының зақымдану қатерін азайту үшін, жад картасын
күштеп енгізбеңіз.
1. Сандық картаның белгісі бар жағын жоғары, ал қосқыштарын компьютерге қаратып
ұстаңыз.
2. Картаны жад картасын оқу құрылғысына енгізіп, нық отырғанша үстінен басыңыз.
Құрылғы орнатылғанда дыбыс естіліп, параметрлер мəзірі ашылады.
Жад картасын шығарып алу үшін
ЕСКЕРТУ: Ақпараттың жоғалуына немесе жүйенің сигнал қабылдамайтын күйге кіруіне жол
бермеу мақсатында, сандық картаны қауіпсіз шығарып алу үшін, төмендегі қадамдарды
орындаңыз.
1. Мəліметтеріңізді сақтап, жад картасымен байланысты барлық бағдарламаларды жабыңыз.
2. Хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан
батарея көрсеткішінің белгішесін басыңыз. Одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
3. Картаны ішке қарай басып (1), оны ұясынан шығарып алыңыз (2).
ЕСКЕРІМ: Карта шықпаса, оны ұясынан тартып шығарыңыз.
Жад картасын енгізу жəне шығару 49