User Guide - Windows 7

ЕСКЕРІМ: Егер күту режимінен қосылған кезде құпия сөз сұралатындай етіп орнатылған
болса, жұмысты жалғастыру үшін Windows құпия сөзін енгізу қажет болады.
Күту күйін қосу жəне одан шығу
Жүйе зауытта батарея қуаты немесе сыртқы қуат көзіне қосылу арқылы жұмыс істеуіне
байланысты белгілі бір əрекетсіздік уақытынан кейін немесе батарея заряды өте төмен
деңгейге жеткенде күту күйіне өтетіндей етіп орнатылған.
Қуат параметрлері мен үзілістерін Windows жүйесінің басқару тақтасында өзгертуге болады.
Күту күйіне өту үшін, Пуск (Бастау) түймешігін, Завершение работы (Жұмысты аяқтау)
түймешігінің жанында
орналасқан көрсеткіні басып, содан кейін Ожидание (Күту күйіне өту)
түймешігін басыңыз.
Күту күйінен шығу үшін, қуат түймешігін аз уақыт басыңыз.
Қуат шамдары жанып, экранда жұмысыңыздың тоқтаған жері көрсетіледі.
ЕСКЕРІМ: Егер күту режимінен қосылған кезде, құпия сөз сұралатындай орнатылған болса,
жұмысты жалғастыру үшін, Windows құпия сөзін енгізу қажет болады.
Оянған кезде сұралатын құпия сөзбен қорғау
Ұйқы немесе күту күйінен шыққанда, компьютерде құпия сөз сұралуын орнату үшін, келесі
қадамдарды орындаңыз:
1. Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Система и безопасность
(Жүйе жəне қауіпсіздік) > Электропитание (Қуат параметрлері) тармақтарын таңдаңыз.
2. Сол жақ тақтадан Запрос пароля при пробуждении (Оянғанда құпия сөз сұрау) тармағын
таңдаңыз.
3. Изменение недоступных в
данный момент параметров (Қазіргі уақытта қол жетімді
емес параметрлерді өзгерту) параметрін таңдаңыз.
4. Запрашивать пароль (рекомендуется) (Құпия сөз сұрау (ұсынылады)) параметрін
таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Пайдаланушы есептік жазбасының құпия сөзін жасау немесе ағымдағы құпия
сөзді өзгерту қажет болса, Создание или изменение пароля учетной записи
(Пайдаланушы жазбасының құпия сөзін жасау немесе өзгерту) тармағын таңдап,
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
5. Сохранить изменения (Өзгертулерді сақтау) параметрін таңдаңыз.
Қуат көрсеткішін қолдану
Қуат көрсеткіші қуат параметрлеріне жылдам кіруге жəне қалған батарея зарядын көруге
мүмкіндік береді.
Батарея зарядының қалған деңгейін жəне ағымдағы қуат жоспарын экранда көру үшін,
меңзерді тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан қуат көрсеткіші белгішесінің
үстінен жүргізіңіз.
Қуат параметрлерін ашу немесе қуат жоспарын өзгерту үшін, қуат көрсеткішінің белгішесін
басып, тізімнен бір тармақты
таңдаңыз.
40 Бап 6 Қуат басқару