User Guide - Windows 7
бейнені біріктіруге болады. Тыңдау əсерін жақсарту үшін, үндеткіштер немесе құлақаспаптар
сияқты сыртқы дыбыс құрылғыларын жалғаңыз.
Үндеткіштерді қосу
Сымды үндеткіштерді компьютердегі немесе USB портына немесе компьютердегі не қондыру
тұғырындағы аудио шығыс (құлақаспап)/аудио кіріс (микрофон) ұясына жалғау арқылы қосуға
болады.
Сымсыз динамиктерді компьютерге қосу үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
Компьютерге ажыратымдылығы жоғары үндеткіштерді қосу үшін,
HDMI аудио параметрлерін
реттеу 31-бетте бөлімін қараңыз. Үндеткіштерді жалғамас бұрын дыбыс қаттылығын
төмендетіңіз.
Құлақаспаптарды жəне микрофондарды қосу
Сымды құлақаспаптарды жəне гарнитураларды компьютердегі аудио шығыс (құлақаспап)/
аудио кіріс (микрофон) ұясына қосуға болады. Ішкі микрофоны бар гарнитуралар сатылады.
Жазу кезінде жақсы нəтиже алу үшін, микрофонға тікелей сөйлеп, артқы шу жоқ параметрде
дыбысты жазыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жеке басының жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын
тəріздес құлақаспап немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін төмендетіңіз.
Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін, Заңдық, қауіпсіздік жəне экологиялық
ескертпелер нұсқаулығын қараңыз.
Дыбысты тексеру
Компьютердің дыбыс функцияларын тексеру үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Оборудование и звук (Жабдық
жəне дыбыс) > Звук (Дыбыс) тармағын таңдаңыз.
2. Звук (Дыбыс) терезесі ашылғанда, Звуки (Дыбыстар) қойындысын басыңыз.
Программные события (Бағдарламалық оқиғалар) ішінде сигнал немесе дабыл сияқты
кез келген дыбыс оқиғасын таңдап, Проверка (Сынау
) түймешігін басыңыз.
Дыбысты үндеткіштер немесе қосылған құлақаспаптар арқылы естуіңіз қажет.
Компьютердің жазу функцияларын тексеру үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Принадлежности (Қосалқы
құралдар) > Устройство звукозаписи (Дыбыс жазу құрылғысы) тармағын таңдаңыз.
2. Начать запись (Жазуды бастау) түймешігін басып, микрофонмен сөйлеңіз. Файлды жұмыс
үстеліне сақтаңыз.
3. Мультимедиалық
бағдарламаны ашыңыз жəне дыбысты ойнатыңыз.
Компьютерде дыбыс параметрлерін өзгерту немесе растау үшін, Пуск (Бастау) > Панель
управления (Басқару тақтасы) > Оборудование и звук (Жабдық жəне дыбыс) > Звук (Дыбыс)
тармағын таңдаңыз.
Бейнені пайдалану
Бұл компьютер таңдаулы веб-тораптардағы таратылатын бейнені көруге жəне желіге
қосылмаған компьютерден тамашалау үшін бейнелер мен фильмдерді жүктеп алуға мүмкіндік
беретін қуатты бейне құрылғысы болып табылады.
Бейнені пайдалану 29