User's Guide
табылатын компьютердің жүктелу ретін өзгертуге болады. Оптикалық дискінің немесе USB
флэш-дискісінің таңдалуын өзгертуге болады.
Жүктелу ретін өзгерту үшін:
1. Жасалған HP Recovery құралын салыңыз.
2. Жүктеу опцияларын көрсету үшін, компьютерді өшіріп қайта бастаңыз жəне esc пернесін
тез басып қалып, f9 пернесін басыңыз.
3. Жүктелетін оптикалық дискіні немесе USB флэш-дискісін таңдаңыз.
4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
HP Recovery бөлімін жою
HP Recovery Manager бағдарламалық құралы қатты дискіден орын босату үшін HP Recovery
бөлімін жоюға мүмкіндік береді.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: HP Recovery бөлімі жойылғаннан кейін, Windows жүйесінің жаңарту
опциясын немесе HP Recovery Manager құралын пайдалануға болмайды. Бұл Windows
мүмкіндігі бəрін жойып, Windows жүйесін қайта орнату үшін қолданылады. Қалпына келтіру
бөлімін жоймас бұрын, HP Recovery медиа құралын жасаңыз;
HP Recovery құралын
жасау 73-бетте бөлімін қараңыз.
HP Recovery бөлімін жою үшін мына қадамдарды орындаңыз:
1. Бастау экранында recovery деп жазып, одан кейін HP Recovery Manager опциясын
таңдаңыз.
2. Remove Recovery Partition (Қалпына келтіру бөлімін жою) параметрін таңдаңыз да,
жалғастыру үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Алдыңғы күйге қайтару жəне қалпына келтіру 79