User's Guide

3. Жүктеу опциялары мəзірінен Ақауларды жою тармағын таңдаңыз.
4. Вернуть компьютер в исходное состояние (Компьютерді бастапқы күйіне келтіру)
параметрін таңдаңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Бастау экранын қолдау үшін:
1. Шебер түймелерді көрсету үшін, меңзерді бастау экранының жоғары немесе төменгі оң
жақ бұрышына жылжытыңыз.
2. Параметрлер тармағын таңдаңыз.
3. Экранның төменгі оң жақ бұрышындағы
Компьютер параметрлерін өзгерту опциясын
басып, компьютер параметрлері экранынан Жалпы опциясын таңдаңыз.
4. Удаление всех данных и переустановка Windows (Барлық деректерді жою жəне
Windows жүйесін қайта орнату) параметрін көрсету үшін оң жақтағы параметрлер тізімінің
төменгі бөлігіне жылжыңыз.
5. Барлығын жойып, Windows жүйесін қайта орнату астынан Бастау пəрменін таңдаңыз
да, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
HP Recovery Manager арқылы қалпына келтіру
HP Recovery Manager бағдарламалық құралы компьютерді жасалған HP Recovery медиа
құралы немесе HP Recovery бөлімі (тек таңдаулы үлгілерде) көмегімен бастапқы зауыттық
күйіне келтіруге мүмкіндік береді. Қалпына келтіру медиа құралы жасалмаған болса,
HP
Recovery құралын жасау 73-бетте бөлімін қараңыз.
HP Recovery медиа құралының көмегімен төмендегі қалпына келтіру опцияларының бірін
таңдауға болады:
Жүйені қалпына келтіруБастапқы амалдық жүйені қалпына келтіріп, зауытта
орнатылған бағдарламалардың параметрлерін реттейді.
Ықшамдалған кескіннен қалпына келтіру (тек таңдаулы үлгілерде) — Амалдық жүйені жəне
барлық аппараттық құралдармен байланысты драйверлер мен бағдарламалық
құралдарды қайта орнатады, бірақ басқа бағдарламалық құрал қолданбаларын
орнатпайды.
Factory Reset (Зауыттық параметрлерді қалпына келтіру): компьютерді қатты дискіден
барлық ақпаратты жойып, бөлімдерді қайта жасау арқылы түпнұсқалық бастапқы зауыттық
күйіне қалпына келтіреді. Содан кейін, амалдық жүйе мен зауытта орнатылған
бағдарламалық құралдарды қайта орнатады.
HP Recovery бөлімі (тек таңдаулы үлгілерде) жүйені қалпына келтіруге жəне кішірейтілген
бейнеден қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Мынаны білгеніңіз жөн
HP Recovery Manager бағдарламалық құралы тек зауытта орнатылған бағдарламалық
құралдарды қалпына келтіреді. Осы компьютермен бірге берілмеген бағдарламалық
құралдарды не өндірушінің веб-торабынан жүктеп алу, не өндіруші берген тасығыштан
қайта орнату керек.
HP Recovery Manager арқылы қалпына келтіруді компьютер мəселелерін шешудің ең соңғы
шарасы ретінде пайдаланған жөн.
HP Recovery құралы компьютердің қатты дискісінде ақау болғанда қолданылуы керек.
Қалпына келтіру
медиа құралы жасалмаған болса, HP Recovery құралын жасау 73-бетте
бөлімін қараңыз.
Алдыңғы күйге қайтару жəне қалпына келтіру 77