User's Guide

11 Сақтық көшірме жасау, алдыңғы
күйіне қайтару жəне қалпына келтіру
Ақпаратыңызды қорғауға жəне қажет болса қалпына келтіруге көмектесетін НР жəне Windows
құралдары компьютерде бар. Бұл құралдар компьютерді қарапайым қадамдармен жақсы
жұмыс күйіне келтіруге немесе тіпті бастапқы зауыттық күйге келтіруге көмектеседі.
Бұл тарауда төмендегі үрдістер туралы ақпарат беріледі:
Қалпына келтіру құралы мен сақтық көшірмелер жасау
Жүйені қалпына келтіру жəне жөндеу
ЕСКЕРІМ: Бұл тарауда сақтық көшірме жасау, қалпына келтіру жəне жөндеу опцияларына
шолу сипатталған. Ұсынылатын құралдар туралы егжей-тегжейлі мəліметтерді Анықтама жəне
қолдау орталығынан қараңыз. Бастау экранында h əрпін жазып, Анықтама жəне қолдау
опциясын таңдаңыз.
Қалпына келтіру құралы мен сақтық көшірмелер
жасау
Жүйе ақаулығынан кейін жүйені қалпына келтіру тек жақын арада жасалған сақтық көшірмемен
бірдей нəтиже береді.
1. Компьютердің параметрлерін сəтті орнатқаннан кейін, HP Recovery құралын жасаңыз. Бұл
қадамда компьютерде HP Recovery бөлімінің сақтық көшірмесі жасалады. Сақтық
көшірмені қатты диск бүлінген немесе ауыстырылған жағдайларда бастапқы амалдық
жүйені қайта орнату үшін қолдануға болады.
Жасалған HP Recovery құралы төмендегідей қалпына келтіру опцияларын ұсынады:
Жүйені қалпына келтіруБастапқы амалдық жүйе мен зауытта орнатылған
бағдарламаларды қайта орнатады.
Кішірейтілген бейнеден қалпына келтіруАмалдық жүйені жəне барлық аппараттық
құралдармен байланысты драйверлер мен бағдарламалық құралдарды қайта
орнатады, бірақ басқа бағдарламалық құрал қолданбаларын орнатпайды.
Factory Reset (Зауыттық параметрлерді қалпына келтіру): компьютерді қатты дискіден
барлық ақпаратты жойып, бөлімдерді қайта жасау арқылы түпнұсқалық бастапқы
зауыттық күйіне қалпына келтіреді. Содан кейін, амалдық жүйе мен зауытта
орнатылған бағдарламалық құралдарды қайта орнатады.
72 Бап 11 Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару жəне қалпына келтіру