User's Guide

HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану
HP PC Hardware Diagnostics – бірыңғай кеңейтілетін ішкі бағдарламалық құрал интерфейсі
(UEFI). Бұл құрал компьютердің аппараттық құралдарының дұрыс жұмыс істейтінін анықтау
үшін диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді. Құрал амалдық жүйенің сыртында
жұмыс істейді жəне амалдық жүйенің өзі немесе басқа бағдарламалық құралдар бөліктері
туындауы мүмкін аппараттық құралдың ақаулықтарын бөлектейді.
HP PC Hardware Diagnostics UEFI пайдалану үшін
1. Компьютерді қосып немесе қайта қосып, esc пернесін
жылдам басыңыз да, f2 пернесін
басыңыз.
BIOS бағдарламасы HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралдарын үш орыннан төмендегі
тəртіпте іздейді:
а. Қосылған USB диск жетегі
ЕСКЕРІМ: HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB диск жетегіне жүктеу
туралы ақпаратты
HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB құрылғысына
жүктеу 71-бетте бөлімінен қараңыз.
ə. Қатты диск
б. BIOS
2. Орындалатын диагностикалық сынақтың түрін таңдаңыз жəне экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер диагностикалық сынақты тоқтату қажет болса, esc пернесін басыңыз.
HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB құрылғысына жүктеу
ЕСКЕРІМ: HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын жүктеу жөнінде нұсқаулар ағылшын
тілінде ғана беріледі.
1. http://www.hp.com веб-торабына өтіңіз.
2. Support & Drivers (Қолдау жəне драйверлер) пəрменін таңдаңыз, одан кейін Drivers &
Software (Драйверлер жəне бағдарламалық құралдар) қойыншасын нұқыңыз.
3. Өнім атын мəтін өрісіне енгізіп, Search (Іздеу) түймешігін басыңыз.
4. Компьютер үлгісін жəне амалдық жүйе түрін таңдаңыз.
5. Diagnostic (Диагностикалық) бөлімде HP UEFI Support Environment (HP UEFI қолдау
ортасы) пəрменін таңдаңыз.
немесе
Download (Жүктеу) түймешігін басыңыз,
одан кейін Run (Орындау) опциясын таңдаңыз.
HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану 71