User's Guide
Экранды қорғағыш құпия сөздері сияқты Windows құпия сөздері туралы қосымша ақпаратты алу
үшін, бастау экранында поддержка (қолдау) сөзін теріп, HP Support Assistant (НР қолдау
көмекшісі) бағдарламасын таңдаңыз.
Windows жүйесінде құпиясөздерді орнату
Құпиясөз Қызмет
Пайдаланушы құпиясөзі Windows пайдаланушы есептік жазбасына кіруді
қорғайды.
Əкімші құпиясөзі Компьютер мазмұнына əкімші деңгейінде кіруді қорғайды.
ЕСКЕРІМ: Осы құпиясөз арқылы Setup Utility (BIOS)
мазмұнына кіру мүмкін емес.
Setup Utility (BIOS) құпия сөздерін орнату
Құпиясөз Қызмет
Əкімші құпия сөзі
●
Оны Setup Utility (BIOS) құралына кірген сайын енгізу
қажет.
●
Əкімші құпия сөзін ұмытып қалған жағдайда, Setup
Utility (BIOS) утилитасына кіру мүмкін болмайды.
ЕСКЕРІМ: Əкімші құпиясөзін қосылғанда сұралатын
құпиясөз орнына қолдануға болады.
ЕСКЕРІМ: Əкімші құпия сөзін Windows жүйесіне
орнатылған əкімші құпия сөзімен алмастыруға болмайды
немесе ол орнатылған, енгізілген, өзгертілген немесе
жойылған күйде көрсетіледі.
ЕСКЕРІМ: Бірінші рет тексеру
кезінде қосылғанда
сұралатын құпиясөзді енгізсеңіз, Setup Utility (BIOS)
утилитасына кіру үшін əкімші құпиясөзін енгізу қажет
болады.
Қосылғанда сұралатын құпия сөз ● Оны компьютерді қосқан не қайта бастаған сайын
енгізу қажет.
●
Қосылғанда сұралатын құпия сөзді ұмытып
қалсаңыз, компьютерді қосу немесе қайта қосу
мүмкін болмайды.
ЕСКЕРІМ: Əкімші құпиясөзін қосылғанда сұралатын
құпиясөз орнына қолдануға болады.
ЕСКЕРІМ: Қосылғанда сұралатын құпия сөз
орнатылған, енгізілген, өзгертілген немесе жойылған
күйде көрсетіледі.
Əкімші құпиясөзін немесе қосылғанда сұралатын құпиясөзді Setup Utility (BIOS) ішінде орнату,
өзгерту немесе жою:
1. Setup Utility (BIOS) утилитасын іске қосу үшін, компьютерді қосып немесе қайта қосып, esc
пернесін жылдам басыңыз да, f10 пернесін басыңыз.
2. Безопасность (Қауіпсіздік) пəрменін таңдау үшін көрсеткі пернелерді басып, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
Құпиясөздерді пайдалану 65